Балқаш қаласы бойынша мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсыну қорытындылары

    2026 жылғы 28 қазанда Балқаш қаласының аумақтық сайлау комиссиясының облыстық және қалалық мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ұсыну қорытындылары бойынша отырысы өтті.

    Сайлауды дайындау мен өткізудің негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспарына сәйкес, мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну мерзімі 2026 жылғы 14 қазанда басталып, 27 қазанда сағат 18:00-де аяқталды.

    Мәслихат депутаттығына кандидаттарға қойылатын талаптар:

    Мәслихат депутаты болып сайлану үшін азамат жиырма жасқа толған болуы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес сайлау құқығына ие болуы және Қазақстан Республикасы Конституциясының 88-бабының 3-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс.

    Қазақстан Республикасының азаматы тек бір мәслихаттың депутаты бола алады.

    Мәслихат депутаттығына кандидат болып мынадай азаматтар тіркеле алмайды:

    1.Заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар азаматтар;

    2.Сыбайлас жемқорлық қылмысын немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасағаны үшін кінәсі сот тәртібімен танылған азаматтар;

    3.Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтар.

    Сайлау заңнамасына сәйкес, сайлау процесінің барлық кезеңі сайлау комиссиялары арқылы жүзеге асырылады.

    Қазіргі уақытта Балқаш қаласында 14 сайлау комиссиясы жұмыс істейді. Оның ішінде 1 аумақтық және 13 округтік сайлау комиссиясы бар.

    Сайлау науқаны барысында 13 сайлау округі бойынша барлығы 43 кандидат ұсынылды. Оның ішінде 3 кандидат облыстық мәслихат депутаттығына, 40 кандидат қалалық мәслихат депутаттығына ұсынылды.

    Саяси партиялар тарапынан 19 кандидат ұсынылды:

    ·«Әділет» партиясы – 13 кандидат;

    ·«Қазақстанның Халық партиясы» – 1 кандидат;

    ·«Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы» – 2 кандидат;

    ·«Respublica» партиясы – 3 кандидат.

    Өзін-өзі ұсыну тәртібімен 24 кандидат ұсынылды.

    Ұсынылған кандидаттардың 31-і – ер адам, 12-сі – әйел адам.

    Қазақстан Республикасының саяси партияларының мүшелері – 32 кандидат, партияда жоқ кандидаттар саны – 11.

    Ең жасы үлкен кандидат – 54 жаста, ең жасы кіші кандидат – 25 жаста. Ұсынылған кандидаттар арасында бес ұлттың өкілдері бар.

    41 кандидаттың жоғары білімі бар.

    Кандидаттарды ұсыну кезеңінің аяқталуы сайлау науқанының келесі кезеңі – кандидаттарды тіркеуге өтуін білдіреді. Кандидаттарды тіркеу 2026 жылғы 1 қарашада сағат 18:00-ге дейін жалғасады.

    Сайлау алдындағы үгіт жұмыстары 2026 жылғы 1 қарашада сағат 18:00-де басталып, 28 қарашада сағат 00:00-де аяқталады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Балқаш қаласы әкімінің аппараты" ММ" жаңалықтары