Қызметкерлер — Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясы

    Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясы басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    5
    Тұрғанбаев Айболат Смағзамұлы
    Қызметкерлер

    Тұрғанбаев Айболат Смағзамұлы

    Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы

    Айболат Смағзамұлы Тұрғанбаев 1993 жылы 21 қаңтарда Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Сыңғырлау ауылында дүниеге келген, ұлты қазақ, білімі жоғары, 2014 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Қаржы» мамандығы және 2016 жылы «Қазтұтынуодағы» Қарағанды экономикалық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген, біліктілігі – қаржыгер, заңгер.

    Корбаков Бекболат Жиенбаевич
    Қызметкерлер

    Корбаков Бекболат Жиенбаевич

    Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі

    Корбаков Бекболат Жиенбайұлы 2002 жылы Орта-Азия Университетін «Құқықтану» мамандығы және 2015 жылы Батыс-Қазақстан инженерлік гуманитарлық Университетін «Экономист» мамандығы бойынша аяқтаған.

    Кумаров Асылан Жумабиденович
    Қызметкерлер

    Кумаров Асылан Жумабиденович

    Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссия мүшесі

    Кумаров Асылан Жумабиденович Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі Кумаров Асылан Жумабиденович, 24 желтоқсан 1982 жылы қазіргі Атырау облысы, Дамба селосы, Амангелді ауылында дүниеге келді. 2004 жылы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттiк университетiнiң «Экономика» факультетiнiң «Мемлекеттiк және муниципалдық басқару» мамандығы бойынша бiтiрiп, «Экономист-менеджер» бiлiктiлiгiн алды. 2004 жылдың 19 шілдесінен бастап Атырау облысы Қаржы басқармасының «Бағалы қағаздар нарығы және қаржы саясаты» бөлімінің бас маманына тағайындалып, қызмет атқарды. 2005 жылы 01 қаңтардан бастап Атырау облысы Қаржы департаментінің «Міндеттемелерді талдау және қолма-қол ақшаны басқару» бөлімінің бас маманы қызметін атқарды. 2005 жылы 08 тамыздан бастап Атырау облысы Қаржы департаментінің «Бюджеттің орындалуын үйлестіру және талдау» бөлімінің бас маманы қызметін атқарды. 2007 жылдың 22 қаңтарынан бастап Атырау облысы Қаржы департаментінің «Рыноктарды және бір жолғы талондар бойынша қызметтің кейбір түрлерін басқару жөніндегі» бөлімінің бас маманы қызметін атқарды. 2007 жылдыңі 06 қыркүйегінен бастап Атырау облысы Қаржы басқармасының «Нақты секторды қаржыландыру жоспарларын жүргізу және рұқсат беру» бөлімінің бас маманы қызметін атқарды. 2009 жылғы 01 қыркүйегінен бастап Атырау облысы Қаржы басқармасының «Бухгалтерлік есеп және есеп беру бөлімінің ішкі бақылау бойынша» бас маманы қызметін атқарды. 2009 жылғы 17 қарашадан бастап Атырау облысы Қаржы басқармасының «Түгендеу және мүлікті жалға беру» бөлімінің бас маманы қызметін атқарды. 2010 жылдың 09 қыркүйектен бастап Атырау облысы Қаржы басқармасының «Түсімдерді талдау және қолма-қол ақшаны басқару» бөлімінің бастығы қызметін атқарды. 2011 жылдың 11 сәуірінен бастап Атырау облысы Қаржы басқармасының «Түгендеу және мүлікті жалға беру» бөлімінің бастығы қызметін атқарды. 2011 жылдың 24 маусымнан бастап Атырау облысы Қаржы басқармасының «Коммуналдық меншікті басқару жөніндегі» бөлімінің бастығы қызметін атқарды. 2011 жылдың 1 қыркүйегiнде Атырау облыстық мәслихат шешiмi негiзiнде Атырау облысы Тексеру комиссиясының мүшесi лауазымына тағайындалды. 2013 жылыдың 20 қыркүйегінен бастап «А» корпусының 2-санаты кадр резервiнен Атырау облысының Тексеру комиссиясы мүшесi қызметін атқарды. 11.10.2018 жылдан 25.03.2019 жыл аралығында Атырау қалалық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары лауазымын атқарды. 26.03.2019 жылдан 21.06.2019 жыл аралығында - Қазақстан Республикасы, Ішкі істер министрлігі, Атырау облысының Полиция департаменті мемлекеттік мекемесінде Ішкі аудит тобында қызмет атқарды; 24.06.2019 жылдан 15.04.2024 жыл аралығында Атырау облысы Тексеру комиссиясының мүшесі лауызымын атқарды; 15.04.2024 жылдан қазіргі уақытқа дейін Маңғыстау облысы Тексеру комиссиясының мүшесі лауазымын атқарып келеді; Мемлекеттк қызмет саласында 20 жылдай еңбек етіп келеді. Есеп комитетінің II – дәрежелі қаржы саласының үздігі төсбелгісімен, III – дәрежелі қаржы сақшысы медалымен, «Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының құрылғанына 5 жыл» мерекелік медалымен, «Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясының құрылғанына 10 жыл» мерекелік медалымен, «Атырау облысы Полиция департаментінің құрылғанына 30 жылдық» медалымен марапатталған. Облыстық, қалалық мәслихаттың, облыс әкімінің, Тексеру комиссиясы төрағасының, Полиция департаменті, Мемлекеттік Қызмет Істер жөніндегі уәкілетті органның бірнеше алғыс хаттарымен құрмет грамоталарымен марапатталды. 2016 жылдың 5 желтоқсанында мемлекеттік аудитор сертификатына ие болды.

    Килыбаев Султанбек Кенесұлы
    Қызметкерлер

    Килыбаев Султанбек Кенесұлы

    Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссия мүшесі

    Килыбаев Султанбек Кенесұлы 1990 жылы 20 желтоқсанда Маңғыстау ауданы, Шетпе селосында дүниеге келген, ұлты қазақ, білімі жоғары, 2009 жылы Алматы политехникалық колледжін «Қаржы», 2018 жылы Оңтүстік Қазақстан педогогикалық университеті «Экономика», Қазақстан Инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. 2025 жылы Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласының құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталған. Мемлекеттік қызметтегі еңбектері үшін Маңғыстау облыстық маслихат төрағасы Ж.Матаевтың Маңғыстау облысының әкімі Н.Қилыбайдың Алғыс хаттарымен марапатталған. Мемлекеттік аудитор, ACCA Халықаралық мемлекеттік сектордағы бухгалтерлік есеп стандарттары бойынша және ACCA халықаралық аудит саласындағы сертификаттарын иеленеген Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің ұлттық комиссиясы шешімімен «Мемлекеттік аудитор» сертификатын алған.

    Хамит Мейірбан Сансызбайұлы
    Қызметкерлер

    Хамит Мейірбан Сансызбайұлы

    Аппарат басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл

    Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясының аппарат басшысы. Хамит Мейірбан Сансызбайұлы 1990 жылы 18 наурызда Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Жыңғылды ауылында дүниеге келді. Білімі жоғары, 2014 жылы Каспий қоғамдық университетінде «Қаржы» мамандығы және 2018 жылы М.С.Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдады, біліктілігі – қаржыгер, заңгер. Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссияның 2016 жылдың 6 қазандағы шешімімен «Мемлекеттік аудитор» біліктілігі беріліп, сертификатын иеленді. Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаевтың (2016 жыл) Алғыс хатымен марапатталды. Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы Әлихан Смайыловтың Алғыс хатымен (2024 жыл) марапатталды.

    Басқа қызметкерлер

    1