Тұрғанбаев Айболат Смағзамұлы

    Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы

    Тұрғанбаев Айболат Смағзамұлы
    Председатель

    Тұрғанбаев Айболат Смағзамұлы

    Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы

    Өмірбаян

    Айболат Смағзамұлы Тұрғанбаев 1993 жылы 21 қаңтарда Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Сыңғырлау ауылында дүниеге келген, ұлты қазақ, білімі жоғары, 2014 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Қаржы» мамандығы және 2016 жылы «Қазтұтынуодағы» Қарағанды экономикалық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген, біліктілігі – қаржыгер, заңгер.

    А. Тұрғанбаев еңбек жолын 2014 жылдан 2016 жылдың желтоқсан айының 23-не дейін «Маңғыстау-Медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде есеп айырбастау есепшісі, материалды есепшісі болып қызметтер атқарған.

    2016 жылдың желтоқсан айының 26-нан бастап 2020 жылдың 21 сәуіріне дейін Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімінің бас маман – мемлекеттік аудиторының міндетін атқарушы; талдау, жоспарлау және сапаны бақылау бөлімінің бас маманы; мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімінің бас маман – бас мемлекеттік аудиторы қызметтерін атқарды.

    2020-2021 жылдар аралығында талдау, жоспарлау және сапаны бақылау бөлімінің басшысы, 2021-2023 жылдар аралығында Сапаны бақылау бөлімінің басшысы лауазымдарын атқарды.

    2023 жылдың 04-ші қаңтарынан бастап 2024 жылдың 03-ші қаңтарына дейін Тексеру комиссиясының аппарат басышы лауазымын атқарды.

    Маңғыстау облыстық маслихатының 08.12.2023 жылғы №7/74 шешіміне сәйкес 2024 жылдың 4 қаңтарынан бастап Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі лауазымына 5 жылға тағайындалды.

    28.02.2025-15.02.2026 жылдар аралығында Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясы төрағасының міндетін қоса атқарды.

    2026 жылдың 16-ақпанынан бастап Маңғыстау облыстық маслихатының 16.02.2026 жылғы №25/299 шешіміне сәйкес Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы лауазымына тағайындалды.

    Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссияның 2017 жылғы 13 желтоқсандағы №3 шешімімен, 2017 жылғы 15 желтоқсанда №1422 мемлекеттік аудитор сертификатын және 2021 жылы қаңтарда бухгалтерлік есеп және аудит саласында CIPFA халықаралық біліктілігі бар сертификат алды.

    Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасының Алғыс хатымен, "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласының үздігі" және "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласының құрметті қызметкері" төсбелгілерімен, Маңғыстау облысы әкімінің және Маңғыстау облыстық маслихаты хатшысының Құрмет грамотасымен марапатталған.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері