Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясы

    Комиссия туралы

    «Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі жергілікті бюджеттің атқарылуына сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

    Тексеру комиссиясының миссиясы облысының аумағында қаржы тәртібін нығайту және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында, жергілікті бюджет қаражатын, мемлекет және квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерін басқарудың және пайдаланудың тиімділігін арттыру болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Ақпарат

    Қатты пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру бойынша жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижесінің ақпараты

    27.08.2026 ж «Қатты пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру бойынша» жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралды. Жалпы аудит нәтижесімен бюджетке түсетін түсімдер бойынша анықталған қаржылық бұзушылықтардың сомасы 162 181,0 мың теңге, 15 рәсімдік бұзушылықтар анықталды. Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Кодексінің 66-бабының ҚР Энергетика министрінің Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың міндеттемелерді орындауына мониторинг жүргізу қағидаларының Бюджет Кодексінің талаптары сақталмай тексерілген келісімшарттар бойынша 39 орындалмаған міндеттемелердің 2020-2025 жылдарға жалпы сомасы 162 181,0 мың теңгені құрап, аталған сомма жергілікті бюджетке түспегені белгілі болып, қаржылық бұзушылық анықталды. Атап айтқанда: 2020 жылы 19 562,5 мың теңге, 2021 жылы 15 645,7 мың теңге, 2022 жылы 19 205,3 мың теңге, 2023 жылы 35 357,9 мың теңге, 2024 жылы 39 548,6 мың теңге, 2025 жылы 32 861,1 мың теңге, Рәсімдік сипаттағы бұзушылыққа тоқталсам, заңды тұлғаға қосылған немесе біріктірілген кезде - өткізу актісіне сәйкес, бөлінген және бөліп шығарылған жағдайда - бөлу балансына сәйкес ауысады делінген талабы сақталмай, бұрынғы құжаттарды қабылдау табыстау жасақталмай іс жүзінде қабылдаған. Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің бірнеше талабы сақталмай 2025 жылға арналған Басқарманың жылдық, тоқсанға арналып жасалатын жұмыс жоспарлары жоқ екені белгілі болды 2025 жылға арналған «Қалдықтарды басқару, жер қойнауын пайдалану, есеп және аудит бөлімі» өз жұмыс жоспарларын жасамағандығы анықталды. Сондай-ақ, Басқармада Ішкі бақылау тиісті дәрежеде жүргізілмеген. Соның салдарынан мемлекеттік органның тиісті құрылымдық бөлімшесі қажет болған кезде бақылау жөніндегі іс-шараларды әзірленбеген, мониторинг бойынша материалдарымен салыстыру жүргізілмеген, қажетті ақпаратты талап етіп алдырылмаған, құжаттамалық тексерудің өзге де нысандары жасақталмаған, жеке қолданылатын құқықтық актінің орындалу дәрежесі мен сапасын тексермеген, жеке қолданылатын құқықтық актіні орындауда ауытқушылықтардың бар-жоғын, олардың себептерін және ауытқушылықтарды жою үшін ықтимал шаралар белгіленбеген, жеке қолданылатын құқықтық актіні орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін нақты лауазымды адамдардың жауаптылығын айқындау үшін талданбаған. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған қаржыландыру жөніндегі міндеттемелердің жоспарлы сомалары бөлігінде келісімшарттар мен жұмыс бағдарламаларының талаптарына сәйкес келмеу фактілері анықталды. Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Кодексінің талабы сақталмай нысан жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 30 сәуірінен кешіктіріп ұсынылған келсімшарттар бойынша 2021-2025 жылдарға 11 факті 40 жер қойнауын пайдаланушыларжәне 2025 жылға мүлдем тапсырмаған 105 жер қойнауын пайдаланушылар анықталды.Ал, 2021-2025 жылдарға лицензиялық міндеттемелердің орындалуы бойынша 13 жер қойнауын пайдаланушылар 40 фактіжәне 2025 жылға мүлдем тапсырмаған 45 жер қойнауын пайдаланушылар анықталды. Жоғарыдағыларды қорыта келе, қатты пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру бойынша жүргізілген мемлекеттік аудит бойынша тексеру комиссиясымен «тиімсіз» деңгейде деген баға беріледі. Бұзушылықтарды жоюға және бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалардың жауаптылығын қарау туралы нұсқама жолданды. Отырыста аталған аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралып, аудиторлық қорытынды бекітіліп, қаулы қабылданды.

    Жарияланды:
    Есеп

    Тексеру комиссиясының 2026 жылдың II тоқсандағы облыс бойынша жергілікті бюджеттердің атқарылуын ағымдағы бағалау туралы ақпарат

    Тексеру комиссиясының 2026 жылдың II тоқсандағы облыс бойынша жергілікті бюджеттердің атқарылуын ағымдағы бағалау туралы ақпарат

    Жарияланды:
    Тізбе

    2026 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізімі 14.08.2026 жылғы №37-НҚ

    2026 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізімі 14.08.2026 жылғы №37-НҚ

    Жарияланды:
    Есеп

    Тексеру комиссиясының 2025 жылғы жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы ЕСЕБІ

    Тексеру комиссиясының 2025 жылғы жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы ЕСЕБІ

    Жарияланды: