Кумаров Асылан Жумабиденович

    Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссия мүшесі

    Кумаров Асылан Жумабиденович
    Член комиссии

    Кумаров Асылан Жумабиденович

    Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссия мүшесі

    Өмірбаян

    Кумаров Асылан Жумабиденович
    Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі

    Кумаров Асылан Жумабиденович, 24 желтоқсан 1982 жылы қазіргі Атырау облысы, Дамба селосы, Амангелді ауылында дүниеге келді.

    2004 жылы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттiк университетiнiң «Экономика» факультетiнiң «Мемлекеттiк және муниципалдық басқару» мамандығы бойынша бiтiрiп, «Экономист-менеджер» бiлiктiлiгiн алды.

    2004 жылдың 19 шілдесінен бастап Атырау облысы Қаржы басқармасының «Бағалы қағаздар нарығы және қаржы саясаты» бөлімінің бас маманына тағайындалып, қызмет атқарды.

    2005 жылы 01 қаңтардан бастап Атырау облысы Қаржы департаментінің «Міндеттемелерді талдау және қолма-қол ақшаны басқару» бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.

    2005 жылы 08 тамыздан бастап Атырау облысы Қаржы департаментінің «Бюджеттің орындалуын үйлестіру және талдау» бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.

    2007 жылдың 22 қаңтарынан бастап Атырау облысы Қаржы департаментінің «Рыноктарды және бір жолғы талондар бойынша қызметтің кейбір түрлерін басқару жөніндегі» бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.

    2007 жылдыңі 06 қыркүйегінен бастап Атырау облысы Қаржы басқармасының «Нақты секторды қаржыландыру жоспарларын жүргізу және рұқсат беру» бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.

    2009 жылғы 01 қыркүйегінен бастап Атырау облысы Қаржы басқармасының «Бухгалтерлік есеп және есеп беру бөлімінің ішкі бақылау бойынша» бас маманы қызметін атқарды.

    2009 жылғы 17 қарашадан бастап Атырау облысы Қаржы басқармасының «Түгендеу және мүлікті жалға беру» бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.

    2010 жылдың 09 қыркүйектен бастап Атырау облысы Қаржы басқармасының «Түсімдерді талдау және қолма-қол ақшаны басқару» бөлімінің бастығы қызметін атқарды.

    2011 жылдың 11 сәуірінен бастап Атырау облысы Қаржы басқармасының «Түгендеу және мүлікті жалға беру» бөлімінің бастығы қызметін атқарды.

    2011 жылдың 24 маусымнан бастап Атырау облысы Қаржы басқармасының «Коммуналдық меншікті басқару жөніндегі» бөлімінің бастығы қызметін атқарды.

    2011 жылдың 1 қыркүйегiнде Атырау облыстық мәслихат шешiмi негiзiнде Атырау облысы Тексеру комиссиясының мүшесi лауазымына тағайындалды.

    2013 жылыдың 20 қыркүйегінен бастап «А» корпусының 2-санаты кадр резервiнен Атырау облысының Тексеру комиссиясы мүшесi қызметін атқарды.

    11.10.2018 жылдан 25.03.2019 жыл аралығында Атырау қалалық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары лауазымын атқарды.

    26.03.2019 жылдан 21.06.2019 жыл аралығында - Қазақстан Республикасы, Ішкі істер министрлігі, Атырау облысының Полиция департаменті мемлекеттік мекемесінде Ішкі аудит тобында қызмет атқарды;

    24.06.2019 жылдан 15.04.2024 жыл аралығында Атырау облысы Тексеру комиссиясының мүшесі лауызымын атқарды;

    15.04.2024 жылдан қазіргі уақытқа дейін Маңғыстау облысы Тексеру комиссиясының мүшесі лауазымын атқарып келеді;

    Мемлекеттк қызмет саласында 20 жылдай еңбек етіп келеді.

    Есеп комитетінің II – дәрежелі қаржы саласының үздігі төсбелгісімен, III – дәрежелі қаржы сақшысы медалымен, «Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының құрылғанына 5 жыл» мерекелік медалымен, «Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясының құрылғанына 10 жыл» мерекелік медалымен, «Атырау облысы Полиция департаментінің құрылғанына 30 жылдық» медалымен марапатталған. Облыстық, қалалық мәслихаттың, облыс әкімінің, Тексеру комиссиясы төрағасының, Полиция департаменті, Мемлекеттік Қызмет Істер жөніндегі уәкілетті органның бірнеше алғыс хаттарымен құрмет грамоталарымен марапатталды.

    2016 жылдың 5 желтоқсанында мемлекеттік аудитор сертификатына ие болды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері