
Корбаков Бекболат Жиенбаевич
Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі
Өмірбаян
Корбаков Бекболат Жиенбайұлы 2002 жылы Орта-Азия Университетін «Құқықтану» мамандығы және 2015 жылы Батыс-Қазақстан инженерлік гуманитарлық Университетін «Экономист» мамандығы бойынша аяқтаған.
Алғашқы еңбек жолын 2002-2005 жылдары аралығында Жаңаөзен қалалық сотының жетекші және бас маманы, сот мәжілісінің хатшысы болып жұмыс жасаған.
2005-2007 жылдар аралығында Жаңаөзен қаласының мамандырылған әкімшілік сотында бас маман-сот мәжілісінің хатшысы;
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы алғашқы еңбек жолын 2008-2014 жылдары Қаржылық бақылау инспекцисының бас маманы, бас бақылаушы-тексерушісі, бөлім басшысы болып қызмет атқарған.
Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясы мемлекеттік мекемесінде 2018 жылдың наурыз айынан талдау, жоспарлау және сапаны бақылау бөлімінде бас маман, 2018 жылдың маусым айынан мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімінің бас маман-мемлекеттік аудитордың ассистенті, 2019 жылдың сәуір айынан мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімінің бас маман-бас мемлекеттік аудиторы, 2019 жылдың мамыр айынан мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімінің басшысы қызметін атқарды. Маңғыстау облыстық мәслихатының 2023 жылғы 26 мамырдағы №3/20 шешімі негізінде Тексеру комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды.



