
Хамит Мейірбан Сансызбайұлы
Аппарат басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл
Өмірбаян
Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясының аппарат басшысы.
Хамит Мейірбан Сансызбайұлы 1990 жылы 18 наурызда Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Жыңғылды ауылында дүниеге келді.
Білімі жоғары, 2014 жылы Каспий қоғамдық университетінде «Қаржы» мамандығы және 2018 жылы М.С.Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдады, біліктілігі – қаржыгер, заңгер.
Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссияның 2016 жылдың 6 қазандағы шешімімен «Мемлекеттік аудитор» біліктілігі беріліп, сертификатын иеленді.
Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаевтың (2016 жыл) Алғыс хатымен марапатталды.
Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы Әлихан Смайыловтың Алғыс хатымен (2024 жыл) марапатталды.
Мемлекеттік қызметті 2014 жылы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясында бас маман – бас бақылаушы тексеруші лауазымынан бастады.
Аталған мемлекеттік органда 2016-2018 жылдары талдау, есептілік және сапаны бақылау бөлімінің басшысы лауазымын атқарды.
2018-2019 жылдары Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында бюджеттік инвестицияларды жоспарлау және мониторингілеу бөлімінің бас маманы лауазымын атқарды.
2024 жылдың мамыр айынан бастап Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімінің бас инспектор-мемлекеттік аудитор лауазымына қабылданды.
Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясы төрағасының бұйрығына сәйкес, 2026 жылдың мамырынан бастап қазіргі уақытта Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының аппарат басшысы лауазымына тағайындалды.



