Қызметкерлер — Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасы

    Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасы басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    1
    Ибадулла Сабит Ибадуллаұлы
    Басқарма басшысы

    Ибадулла Сабит Ибадуллаұлы

    Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасының басшысы

    Ибадулла Сабит Ибадуллаұлы 1986 жылдың 12 тамызында Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2003-2008 жж. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Информатика» мамандығы бойынша бітірген; 2008-2010 жж. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Информатика» мамандығы бойынша магистр біліктілігін алған; 2012-2015 жж. Ресей Халықтар Достығы университетінде «Компьютерлік технологиялар және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша білім алған; 2017 ж. – Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің экономика балакавры мамандығы бойынша білім алған. Ресей ғылым академиясының ақпараттық технологиялар бағытындағы техника ғылымдарының кандидаты; Қазақстан Республикасының PhD докторы.

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерЦифрландыруЖобалық басқаруИнновациялар

    Бөлім

    2
    Альменова Ақмарал Байжанқызы
    Бөлім басшысы

    Альменова Ақмарал Байжанқызы

    Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі бөлімінің басшысы

    2007-2011 жж. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін "Ақпараттық жүйелер" мамандығы бойынша үздік бітірген; 2011-2013 жж. «Новосібір ұлттық зерттеу мемлекеттік университеті» федералды мемлекеттік бюджеттік білім беру ордасында "Информатика және есептеу техникасы" мамандығы бойынша магистр-инженер біліктілігін алған; 2013-2018 жж. Қазан (Волга бойы) федералды университетінің күндізгі оқу бөлімінің аспирантурасында "Есептеу машиналарын, кешендер мен компьютерлік желілерді математикалық және бағдарламалық қамтамасыз ету" мамандығы бойынша білім алған. Ресей Федерациясының «Техника ғылымдарының кандидаты»; Қазақстан Республикасының PhD Докторы.

    Киберқауіпсіздік
    Тремасова Юлия Александровна
    Бөлім басшысы

    Тремасова Юлия Александровна

    Цифрландыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлімінің басшысы

    Тремасова Юлия Александровна 1975 жылы туылған. Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институтын бухгалтер-экономист мамандығы бойынша бітірген

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерЦифрландыруЖобалық басқару

    Басқа қызметкерлер

    2
    Терлікбаев Бағлан Бекентайұлы
    Директор

    Терлікбаев Бағлан Бекентайұлы

    Директор

    Терлікбаев Бағлан Бекентайұлы 1988 жылы 23 қараша айында Қызылорда облысы Шиелі ауданы, Алғабас ауылында дүниеге келген. Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетін «Математика және компьютерлік модельдеу» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Қараев Қанат Қазбекұлы
    Директор

    Қараев Қанат Қазбекұлы

    Директор

    Қараев Қанат Қазбекұлы – Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ директоры. 1986 жылдың 10 шілдесінде Қызылорда облысы Қармақшы ауданында дүниеге келген. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Есептеу техникасы және программалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша, Болашақ университетін «Экономика және бухгалтерлік есеп» мамандығы бойынша тәмамдаған.