
Ибадулла Сабит Ибадуллаұлы
Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасының басшысы
Өмірбаян
Ибадулла Сабит Ибадуллаұлы 1986 жылдың 12 тамызында Қызылорда қаласында дүниеге келген.
2003-2008 жж. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Информатика» мамандығы бойынша бітірген;
2008-2010 жж. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Информатика» мамандығы бойынша магистр біліктілігін алған;
2012-2015 жж. Ресей Халықтар Достығы университетінде «Компьютерлік технологиялар және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша білім алған;
2017 ж. – Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің экономика балакавры мамандығы бойынша білім алған.
Ресей ғылым академиясының ақпараттық технологиялар бағытындағы техника ғылымдарының кандидаты;
Қазақстан Республикасының PhD докторы.
06.2010-07.2011 жж. Қызылорда қаласында ҚазТрансГаз Аймақ компаниясында жүйелік әкімшісі;
07.2011-01.2012 жж. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің бағдарламашысы;
2015-2016 жж. - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, кафедра аға оқытушысы;
2016-2018 жж. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, кафедра меңгерушісі;
2018-2022 жж. Қызылорда облысы цифрлық технологиялар басқармасының «Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ-нің директоры;
2022-2024 жж. Қызылорда облысы әкімі аппаратының цифрлық технологиялар бөлімінің басшысы;
2025-2026 жж. Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары;
2026 жылдың наурыз айынан бастап Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасының басшысы қызметін атқарып келеді.