Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасы

    Басқарма туралы

    «Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасы) цифрландыру, мемлекеттік қызмет көрсету, жобалық басқару саласында функцияларды жүзеге асыруға Қызылорда облысының әкімдігі уәкілеттік берген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысЖақында

    INNOFEST Kyzylorda 2026

    INNOFEST Kyzylorda 2026: Идеяңды көрсет. Жобаңа мүмкіндік бер! Сен жасап жүрген жоба көпшіліктің назарын аударуға лайық. Енді оны үлкен сахнада таныстырып, өзіңді республикалық деңгейде көрсетуге уақыт келді! InnoFest — жыл сайын Қызылорда қаласында Қызылорда облысы Әкімінің қолдауымен өтетін республикалық хакатон. Мұнда қатысушылар 24 сағат ішінде өз жобаларын әзірлеп, қорғап, үздіктер қатарынан көріну үшін бақ сынайды. Хакатонның 3 бағыты: AI Software — жасанды интеллект пен бағдарламалық шешімдер AI Hardware — интеллектуалды құрылғылар мен аппараттық жобалар AI Video — жасанды интеллект көмегімен видео жасау ЖҮЛДЕ ҚОРЫ — 6 000 000 ТЕҢГЕ және Білім гранттары Күні: 4–5 желтоқсан 2026 жыл Өтетін орны: Өнер орталығы Тіркелу: www.innofest.kz

    4 желтоқсан 2026 ж. – 5 желтоқсан 2026 ж.Тікелей
    ОтырысЖақында

    AI — цифрлық әлемдегі сенімді көмекшің!

    Жасанды интеллект мүмкіндіктерін меңгеріп, оның көмегімен күнделікті тапсырмаларыңызды жеңілдеткіңіз келе ме? Kyzylorda Hub сізді AI Workshop-қа шақырады! Екі күн ішінде жасанды интеллекттің түрлі құралдарымен танысып, оларды тиімді қолдануды тәжірибе жүзінде үйренесіз. Workshop барысында сіз: Заманауи AI құралдарымен жұмыс істеуді; Дұрыс әрі тиімді промпт жазуды; AI көмегімен күнделікті тапсырмаларды жеңілдетуді; Жасанды интеллект арқылы фото, видео және презентация жасауды меңгересіз. Күні: 17–18 қараша 2026 жыл Уақыты: 15:00 Өтетін орны: Әйтеке би көшесі, 29А, Kyzylorda Hub Тіркелу үшін: www.kyzylordahub.kz

    17 қараша 2026 ж. – 18 қараша 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    GOVTECH HACKATHON: Мемлекеттік басқарудағы IT жобалар хакатоны!

    GOVTECH HACKATHON: Мемлекеттік басқарудағы IT жобалар хакатоны! Мемлекеттік қызметтерді жақсартуға және мемлекеттік басқару саласындағы нақты мәселелерге IT шешімдер ұсынуға дайынсыз ба? 🤖 Kyzylorda Hub сізді GOVTECH HACKATHON-ға шақырады! Өз идеяңызды ұсынып, оны цифрлық жобаға айналдыруға мүмкіндік алыңыз. Жүлде қоры — 1 000 000 ₸! 1-орын — 400 000 ₸ 2-орын — 350 000 ₸ 3-орын — 250 000 ₸ Сонымен қатар Қорқыт ата университетінің ректор гранты беріледі!🎓 Күні: 13-14 қараша 2026 жыл 10:00 Өтетін орны: Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 29А, Kyzylorda Hub Тіркелу: www.kyzylordahub.kz

    13 қараша 2026 ж. – 14 қараша 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    FUTURE WITH AI Workshop Kyzylorda Hub сізді жасанды интеллект технологияларын бүгіннен меңгеруге шақырады!

    FUTURE WITH AI: Жасанды интеллектпен болашағыңды жаса! Болашақ технологияларын бүгіннен меңгеруге дайынсың ба? Жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдаланып, жаңа идеялар мен шешімдер жасауға қызығасың ба? Kyzylorda Hub сені FUTURE WITH AI Workshop-қа шақырады! Workshop барысында сен: Жасанды интеллекттің заманауи мүмкіндіктерімен танысасың; AI технологияларын түрлі салада қолдануды үйренесің; AI көмегімен жаңа идеялар мен жобалар әзірлейсің; Болашақта сұранысқа ие цифрлық дағдыларды меңгересің. Күні: 12-13 қараша Уақыты: 16:00 Өтетін орны: Әйтеке би көшесі, 29А, Kyzylorda Hub Тіркелу үшін: www.kyzylordahub.kz

    12 қараша 2026 ж. – 13 қараша 2026 ж.Тікелей
    мекенжайы: Әйтеке Би 29А.
    ОтырысАяқталды

    DIGITAL KAZAKHSTAN DAY

    Болашақ цифрлық әлеміндегі жаңа мүмкіндіктер мен шешімдер! Цифрлық технологиялар қалай дамып жатыр? Болашақта қандай мүмкіндіктер мен инновациялық шешімдер бізді күтеді? Kyzylorda Hub сізді DIGITAL KAZAKHSTAN DAY іс-шарасына шақырады! Бұл — цифрлық трансформация, заманауи технологиялар және инновациялық шешімдер туралы жаңа білім алып, тәжірибе алмасуға арналған алаң. Сізді не күтеді? Цифрлық әлемнің жаңа мүмкіндіктері; Жасанды интеллект пен заманауи технологиялар; Инновациялық идеялар мен цифрлық шешімдер; Жаңа таныстықтар мен тәжірибе алмасу. Күні: 10 қараша 2026 жыл Уақыты: 17:00 Өтетін орны: Қызылорда қаласы, Достық үйі Тіркелу: www.kyzylordahub.kz

    10 қараша 2026 ж.Тікелей
    Қызылорда қаласы, Достық үйі
    ОтырысАяқталды

    STARTUP BATTLE: Стартап жобалар байқауы!

    STARTUP BATTLE: Стартап жобалар байқауы! Стартап идеяңыз бар ма? Оны таныстырып, жобаңызды дамытуға және жеңіске жетуге дайынсыз ба? 💡 Kyzylorda Hub сізді STARTUP BATTLE байқауына шақырады! Өз идеяңызды ұсынып, оны сарапшылар алдында таныстырып, үздік жобалар қатарынан көрініңіз. Жүлде қоры — 450 000 ₸! 1-орын — 200 000₸ 2-орын — 150 000₸ 3-орын — 100 000₸ Жобаны тіркеу мерзімі: 9 қараша, сағат 17:00-ге дейін. Жоба қорғау күні: 10 қараша 2026 жыл Уақыты: 10:00 Өтетін орны: Әйтеке би көшесі, 29А, Kyzylorda Hub Қатысу және толық ақпарат алу үшін: www.kyzylordahub.kz

    9 қараша 2026 ж. – 10 қараша 2026 ж.Тікелей

    Сұрақ-жауап

    Ақпарат

    «Ақылды» қалалар салу әдістемесі (Қазақстан Республикасының «ақылды» қалаларының эталондық стандарты

    Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы ____________ №____ бұйрығымен бекітілген «Ақылды» қалалар салу әдістемесі (Қазақстан Республикасының «ақылды» қалаларының эталондық стандарты) 1-тарау. Жалпы ережелер Осы «Ақылды» қалалар салу әдістемесі (Қазақстан Республикасының «ақылды» қалаларының эталондық стандарты) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 63-5) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының «ақылды» қалаларын салу үшін қолданылады. 2. Бұл Әдістемеде мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) «ақылды» қала – азаматтарға тұруы үшін тұрақты жайлы жағдайлар жасау мақсатында ресурстарды тиімді басқаруға және қызмет көрсетуге бағытталған жоғары техникалық шешімдер мен ұйымдастырушылықіс-шаралар кешенін енгізетін қала; 2) «ақылды» қаланың бастамасы (бұдан әрі – бастама) – цифрлық шешімді енгізуге, цифрлық инфрақұрылымды дамытуға, ұйымдастырушылық өзгерістерді іске асыруға бағытталған цифрлық трансформация шеңберіндегі міндеттер тобы. 3. «Ақылды» қаланың мақсаттары: азаматтардың өмір сүруі үшін қауіпсіз және жайлы жағдайларды қамтамасыз ету; қалалық шаруашылықты басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру; қаланың бәсекеге қабілеттілігін арттыру. 4. «Ақылды» қаланың негізгі қағидаттары: адамға бағдарлану – адамға және оның қажеттіліктеріне барынша назар аудару; жайлы және қауіпсіз ортаны қалыптастыру; экономикалық тиімділікке баса назар аудару; қалалық ресурстарды басқару сапасын арттыру; қалалық инфрақұрылымның технологияға бағдарлануы. 5. «Ақылды» қаланың негізгі салалары: Қауіпсіздік; Әлеуметтік сала; Көлік және логистика; Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық; Инновациялық экожүйе; Қаланы басқару. 2-тарау. Әдістемелік негіз «Ақылды» қалалар салу әдістемесі Қазақстан Республикасының2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарына негізделеді. Құжатқа сәйкес қалалар ресурстарды ұтымды пайдалану және басқару үшін жоғары технологиялық шешімдерді қолдана отырып, Астана мен басқа қалалардың тәжірибесін ескеретін «эталондық» стандарт негізінде «Smart City» тұжырымдамасын іске асыруды жалғастырады. 3-тарау. «Ақылды» қаланың базалық бастамаларының тізбесі Қауіпсіздік саласында: Бейне талдау элементтері бар бейнекамераларды жыл сайын ұлғайту; Жолдардағы бұзушылықтарды тіркеу жүйесінің болуы; Кіруді бақылау және басқару жүйесін, Полиция департаменттерінің жедел басқару орталықтарына шығаратын бейнебақылау жүйесін, Жедел басқару орталықтарына және Ішкі істер органдарының кезекші бөлімдеріне шығатын дабыл түймесін қамтитын мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздік. ТТО объектілерде өрттердің алдын алудың орталықтандырылған жүйесі (ТЖД және өрт қызметтеріне шығатын, шұғыл қызметтерді автоматты түрде хабардар ететін датчиктердің болуы). Әлеуметтік салада: Емханаларға жазудың омниканалдылығы: әр түрлі платформалар арқылы, оның ішінде медициналық ақпараттық жүйелер, «электрондық» үкімет порталы, медициналық мекеменің интернет-ресурсы, 109 қызметі және тағы басқалар жазылуды таңдау мүмкіндігі. Ауруларды диагностикалау және ерте анықтау үшін денсаулық сақтауда жасанды интеллектті қолдану. Көлік және логистика саласында: 1. Жол ақысын төлеудің электрондық жүйесі (көлік картасын, QR-кодты, NFS байланыссыз технологиясын (NFC), SMS, екінші деңгейлі банктердің банктік карталарын, мобильді қосымшаны және тағы басқаларды қоса алғанда, әртүрлі төлем әдістері); 2. Қоғамдық көлікті диспетчерлеу жүйесі (маршруттар кестесінен ауытқуды автоматты анықтау функционалының, маршруттан ерте түсудің, қалалық қоғамдық көліктің жұмысын уақтылы талдау және бағалау үшін тұрақты кезеңділікпен есептілік жүйесінің болуы); 3. «Ақылды» аялдамалар (маршруттар кестесі туралы динамикалық ақпараты бар ақпараттық таблоны, бейнебақылау камераларының болуы, интернеттің (Wi-Fi) сымсыз желісіне қол жеткізу) және басқалар; 4. Автожолдар сапасының мониторингі (автожолдар жай-күйінің цифрлық картасын құру); 5. Қалалық тұрақ кеңістігін басқару (онлайн тұрақ картасының функционалдығын, қолма-қол ақшасыз төлем мүмкіндіктерін қамтиды); 6. Қаладағы жол қозғалысын басқару жүйесі (жол қозғалысын басқару жүйелері мен процестерін автоматтандыру, жол-көлік желісінің инфрақұрылымын бірыңғай жүйеге біріктіру есебінен қиылыстардың өткізу қабілетін арттыру). Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында: 1. Тұрғын үй/коммуналдық қызметтерді автоматтандыру (порталдың болуы, проактивті режимде қызмет көрсету мүмкіндігі, коммуналдық қызметтерді жеткізушілерді кеңінен қамту); 2. Бірыңғай есеп айырысу орталығы; 3. «Ақылды» жарықтандыру (мониторингі бар жарықтандыруды қашықтан басқару, бейімделу кеңесі және энергияны үнемдеу); 4. Коммуналдық ресурстарды қашықтықтан есепке алу (деректерді қашықтықтан бере отырып, суды, жылу және электр энергиясын есепке алу аспаптары, тұтынушыдан коммуналдық қызметтерді жеткізушілерге дейін деректерді беру және басқару жөніндегі ақпараттық жүйенің болуы); 5. Жасыл екпелерді цифрлық есепке алу (сандық және түрлік құрамын көрсете отырып, жасыл екпелерді орналастырудың схемалық құжаты); 6. Контейнерлік алаңдарды цифрландыру (талдамалық датчиктер/бейнемониторинг арқылы толтырылуын бақылау, 109-қызметке жүгіну үшін QR-кодтың болуы); Инновациялық экожүйе саласында: 1. Өңірлік IT-хабтың жұмыс істеуі (акселерациялық, инкубациялық бағдарламалар және өзге де іс-шаралар); 2. Бағдарламалау мектептерінің жұмыс істеуі (ваучерлер, ақылы қызметтер); 3. Спорттық бағдарламалау федерациясының филиалы және/немесе өкілдігі (филиалдың және/немесе өкілдіктің болуы, ұлттық және халықаралық деңгейдегі іс-шараларға қатысу). Қаланы басқару саласында: 1. 109 қызметі (109 бірыңғай байланыс орталығы) (омниканалдылық, білім базасының болуы, қалалық бейнебақылау жүйелеріне қол жеткізу); 2. Ахуалдық орталық (аналитикалық кейстер, деректер негізінде басқарушылық шешімдер қабылдау); 3. Өңірлік геоақпараттық жүйе (геопорталдар бойынша ең төменгі талаптарға сәйкестік). Жергілікті атқарушы органдар базалық бастамалардан басқа жол картасында көрсетілген облыс орталықтарының, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ерекшеліктерін ескере отырып, қосымша бастамаларды іске асырады. 4-тарау. Жол картасын жасау бойынша ұсыныстар 6. «Ақылды» қаланы дамыту мәселелері бойынша жұмыс тобын (облыс, республикалық маңызы бар қала және астана деңгейінде) (бұдан әрі – жұмыс тобы) құру «ақылды» қаланың құрамдас бөліктерін іске асыру жолындағы бірінші мәселе болып табылады. Жұмыс тобының қызметіне жалпы басшылықты цифрландыруды дамыту мәселелеріне жетекшілік ететін жергілікті атқарушы органның бірінші басшысының орынбасары/аппарат басшысы жүзеге асырады. Әдістемелік және сараптамалық қолдау көрсету, жүйелі және кешенді тәсілді қалыптастыру үшін жұмыс тобына жергілікті атқарушы органның тиісті құрылымдық бөлімшелерінің, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, ғылыми ұйымдардың, бизнес-қоғамдастықтың, әртүрлі деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері енгізіледі. Жұмыс тобының хатшысы цифрландыруды дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесінің басшысы болады. 7. Екінші кезең қаланы қажетті қайта құрулар мен оларды өткізуге және енгізуге дайындық тұрғысынан зерттеу болып табылады. Осы зерттеу аясында қала, оның даму ерекшеліктері, тұрғындарының қажеттіліктері, бизнес және т.б. туралы түсінік қалыптасады. Ресурстардың шектеулерін немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдарының алдында тұрған мәселелерді ескеру маңызды. Сондай-ақ, осы кезеңде цифрлық инфрақұрылым мен енгізілген ақпараттық жүйелердің жай-күйіне аудит жүргізіледі. Осы кезеңдегі деректер көзі (әкімшілік-аумақтық бірлік бөлінісінде) ресми статистикалық деректер, 109 бірыңғай байланыс орталығының, ахуалдық орталықтың базасы, азаматтардың өтініштерін қабылдау мен өңдеуге, жеке сарапшыларды және/немесе сараптамалық қоғамдастықты бағалауға арналған бірыңғай алаң, ақпараттық өрістің мониторингі болып табылады. 8. Екінші кезеңнің нәтижесі қаладағы жалпы жағдайға кешенді шолуды қоса бере отырып, жұмыс тобының хаттамасы, бірінші кезектегі шешімді талап ететін базалық бастамалар, сондай-ақ жұмыс тобы отырысының қорытындысы бойынша айқындалған қосымша бастамалар болып табылады. 9. Үшінші кезеңде жұмыс тобы осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес «ақылды» қаланы дамыту жөніндегі жол картасының (бұдан әрі – жол картасы) жобасын дайындайды. Жол картасының жобасында іске асыру мерзімдері бар базалық және қосымша бастамалар, жауапты орындаушылар, күтілетін нәтижелер (оның ішінде оларға қол жеткізудің өлшенетін сандық көрсеткіштері бар) көрсетіледі. 10. Төртінші кезеңде әзірленген Жол картасының жобасы ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) қарау және кейіннен келісу үшін ұсынылады. 11 Жол картасын уәкілетті органның бірінші басшысы келіскен кезде тиісті әкімдіктің бірінші басшылары бекітеді. 12. Жергілікті атқарушы органдардың тиісті құрылымдық бөлімшелері жол картасын бекіткеннен кейін қаражатты жоспарлауды қоса алғанда, бірқатар ұйымдастыру шараларын орындау ұсынылады. Кезекті қаржы жылына және жоспарлы кезеңде «ақылды» қаланы дамыту жөніндегі жол картасын іске асыруға бюджет қаражатын жоспарлауды мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырады. 13. «Ақылды» қаланы дамыту жөніндегі жол карталарын олар бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мемлекеттік органдар ресми интернет-ресурста (Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы), сондай-ақ жобалық басқарудың ақпараттық жүйесінде орналастырады. 5-тарау. «Ақылды» қаланың бастамаларын іске асыруды бағалау 14. Бастамаларды іске асыруды бағалау облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада бастамаларды енгізу мен дамытудың барысы мен нәтижелеріне мониторинг жүргізуге арналған. 15. Бастамаларды іске асыруды бағалаудың негізгі міндеттері: 1) «ақылды» қалалардың цифрлық даму деңгейі бойынша рейтингті салыстыру және беру; 2) енгізілетін жобалардың тиімділігі мен нәтижелілігінің мониторингі. Бастамаларды іске асыруды бағалау мыналарды: облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының есепті жылдан кейінгі жылдың5 қаңтарынан кешіктірмей, осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес бастамалар бойынша тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға ұсынуын; ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның жергілікті атқарушы органдар берген ақпаратқа есепті жылдан кейінгі жылдың 20 қаңтарынан кешіктірмей талдау жасауын; ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның есепті жылдан кейінгі жылдың 31 қаңтарына дейін «ақылды» қалалар рейтингін қалыптастыруын қамтиды.

    Жарияланды:
    Бюджет

    2026 жылдың қазан айына азаматтық бюджет

    "Қызылорда облысы цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің2026 жылдың 01 қарашаға қаржының болжамдыигерілуі мың теңге Бағдарлама Атауы Жылдық жоспар Төлемдер бойынша жоспар Төленген міндеттемелер Қалған сумма Орындалу пайызы Себебі 1 2 3 4 5 6 7 8 "Қызылорда облысы цифрлық технологиялар басқарма" КММ 969 273,50 639 200,30 638 980,30 220,00 100,0 001 Жергілікті деңгейде ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету, жобалық басқару жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер 969 273,50 639 200,30 638 980,30 220,00 100,0 "Ақпараттық технологиялар орталығы" КММ 1 571 217,10 1 036 012,50 1 035 980,00 32,50 100,0 008 Мемлекеттік мекемесінің қызметін қамтамасыз ету 1 571 217,10 1 036 012,50 1 035 980,00 32,50 100,0 032 Бағынысты ұйымдардың күрделі шығындары 15 500,00 1 062,50 1 062,50 0,00 100,0 Барлығы 2 555 990,60 1 675 212,80 1 674 960,30 252,50 100,0

    Жарияланды:
    Жарлық

    Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 9 маусымдағы № 1311 Жарлығы.

    Жарияланды:
    Үкімет Қаулысы

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 26 тамыздағы № 760 қаулысы

    Жарияланды:
    Заң

    «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңы.

    Жарияланды:
    Заң

    Киберқауіпсіздік туралы

    Жарияланды: