
Астана қаласында Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен DEC40 (Global Digital Economy Cities Alliance) альянсының қатысуымен цифрлық өңірлерді дамыту және заманауи Smart City және AI-шешімдерді енгізу мәселелеріне арналған форум өтті.
Іс-шараға Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Ибадулла Сабит Ибадуллаұлы қатысты.
Бұл бағыт 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы аясында жүзеге асырылып, өңірлердің бірыңғай цифрлық архитектурасын қалыптастыруға, деректерге негізделген басқаруды дамытуға және AI-шешімдерді енгізуге бағытталған.
Вице-министр Бахтияр Мұхаметқалиев технологиялық шешімдерді пилоттық жобалар арқылы сынақтан өткізу, олардың тиімділігін бағалау және үздік тәжірибелерді масштабтау қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар, форум аясында өңірлік цифрландыру басқармалары мен DEC40 арасында ынтымақтастық туралы көпжақты келісімге қол қойылды.









