INNOFEST Kyzylorda 2026: Идеяңды көрсет. Жобаңа мүмкіндік бер!
Сен жасап жүрген жоба көпшіліктің назарын аударуға лайық. Енді оны үлкен сахнада таныстырып, өзіңді республикалық деңгейде көрсетуге уақыт келді!
InnoFest — жыл сайын Қызылорда қаласында Қызылорда облысы Әкімінің қолдауымен өтетін республикалық хакатон. Мұнда қатысушылар 24 сағат ішінде өз жобаларын әзірлеп, қорғап, үздіктер қатарынан көріну үшін бақ сынайды.
Хакатонның 3 бағыты:
AI Software — жасанды интеллект пен бағдарламалық шешімдер
AI Hardware — интеллектуалды құрылғылар мен аппараттық жобалар
AI Video — жасанды интеллект көмегімен видео жасау
ЖҮЛДЕ ҚОРЫ — 6 000 000 ТЕҢГЕ және Білім гранттары
Күні: 4–5 желтоқсан 2026 жыл
Өтетін орны: Өнер орталығы
Тіркелу: www.innofest.kz