Қараев Қанат Қазбекұлы

    Директор

    Өмірбаян

    Қараев Қанат Қазбекұлы – Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ директоры.

    1986 жылдың 10 шілдесінде Қызылорда облысы Қармақшы ауданында дүниеге келген. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Есептеу техникасы және программалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша, Болашақ университетін «Экономика және бухгалтерлік есеп» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Еңбек жолын 2007 жылы Қызылорда қаласы әкімі аппаратында Ақпараттық технологиялар бөлімінің инспекторы болып бастаған.
    04/2009-05/2012 – Қызылорда облысы әкімі аппаратының Электронды әкімдікті дамыту және интеграциялау бөлімінің инспекторы;
    05/2012-08/2015 – Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ интернет-ресурстарды дамыту бөлімінің программист-маманы, сектор меңгерушісі, бөлім басшысы;
    08/2015-05/2018 – Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ директорының міндетін атқарушы;
    05/2018-09/2022 Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ директорының орынбасары, директордың міндетін атқарушысы;
    23.09.2022 ж. бастап Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ директоры.
    2010 жылы Оңтүстік Кореяда Кенги До провинциясының Білім департаментінде ақпараттық тәжірибеден өткен.
    2010 жылы OC Debian базасында Linux жүйелерін орнату және әкімшілеу бойынша курстан өткен.
    2013 және 2016 жылдары «Ақпараттық қауіпсіздік негіздері және қорғау тәсілдері» курстары бойынша оқудан өткен.
    2019 жылы ICND1, ICND2, Routing, Switching бағыттары бойынша Сisco курсынан өткен.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері