
Терлікбаев Бағлан Бекентайұлы
Директор
Өмірбаян
Терлікбаев Бағлан Бекентайұлы 1988 жылы 23 қараша айында Қызылорда облысы Шиелі ауданы, Алғабас ауылында дүниеге келген.
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетін «Математика және компьютерлік модельдеу» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2013 жылы Қызылорда облысы әкімдігінің «Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ Инфрақұрылымды дамыту бөлімінде техник маманы.
2021-2022 жылдары «Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ-нің «Smart city» бөлімінің маманы.
2022 жылы «Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ-нің Инфрақұрылымды дамыту бөлімінің басшысы.
2025 жылдың қыркүйек айында Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ директорының орынбасары.
2025 жылдың қараша айынан бастап Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Жедел әрекет ету орталығы» КММ-нің директоры болып тағайындалды.


