
Альменова Ақмарал Байжанқызы
Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі бөлімінің басшысы
Өмірбаян
2007-2011 жж. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін "Ақпараттық жүйелер" мамандығы бойынша үздік бітірген;
2011-2013 жж. «Новосібір ұлттық зерттеу мемлекеттік университеті» федералды мемлекеттік бюджеттік білім беру ордасында "Информатика және есептеу техникасы" мамандығы бойынша магистр-инженер біліктілігін алған;
2013-2018 жж. Қазан (Волга бойы) федералды университетінің күндізгі оқу бөлімінің аспирантурасында "Есептеу машиналарын, кешендер мен компьютерлік желілерді математикалық және бағдарламалық қамтамасыз ету" мамандығы бойынша білім алған.
Ресей Федерациясының «Техника ғылымдарының кандидаты»;
Қазақстан Республикасының PhD Докторы.
02.2014 - 09.2018 жж. - Қазан қаласы «Татарстан Республикасы Ғылым Академиясында» ғылыми қызмет атқарған;
09.2018 - 11.2020 жж. - Қызылорда облысы әкімінің цифрландыру мәселелері жөніндегі кеңесшісі;
11.2020 – 02.2026 жж. - Қызылорда облысы әкімі аппаратының ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі бөлім басшысы қызметін атқарды;
2026 жылдың ақпан айынан бастап «Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасы» КММ Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.


