
Смайылов Ардақ Дулатұлы
Қазақстан Республикасы Ақмола облысы Бұланды ауданының әкімі
Смайылов Ардақ Дулатұлы, 1969 жылы Алматы қаласында туған. «Агрономия», «қаржы және кредит», «заңтану» мамандықтары бойынша үш жоғары білімі бар.
Ақмола облысы Бұланды ауданының әкімдігі басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

Қазақстан Республикасы Ақмола облысы Бұланды ауданының әкімі
Смайылов Ардақ Дулатұлы, 1969 жылы Алматы қаласында туған. «Агрономия», «қаржы және кредит», «заңтану» мамандықтары бойынша үш жоғары білімі бар.

Бұланды ауданы әкімінің орынбасары
Жүсіпов Самат Мұхамедьяұлы 1986 жылы Макинск қаласында дүниеге келген. 2003 жылы Бұланды ауданы, Макинск қаласының №1 орта мектебін бітірген. Сол жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне "Есеп және аудит" мамандығы бойынша оқуға түсті.

Заместитель акима Буландынского района
Кудайбергенов Ілияс Аманжолұлы 1989 жылы Ақмола облысы, Бурабай ауданында дүниеге келген. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетін «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» мамандығы бойынша аяқтаған.

Бұланды ауданы әкімінің орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл
Кенжебике Нығметжанқызы 1966 жылы Еңбекшілдер ауданы Степняк қаласында дүниеге келген. 2005 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін экономист мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1986 жылы аға бухгалтер болып бастады. 2003 жылдан бастап Бұланды ауданының әкімдігінде жұмыс істеді. Соңғы лауазымы "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ-нің басшысы.

«Бұланды ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің басшысы
Аяпбергенова Самал Амантайқызы 1985 жылы 5 маусымда Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Макинск қаласында дүниеге келген. 2006 жылы С.Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университетін «Экономика және кәсіпорында басқару» мамандығы бойынша бітірді.

Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы
Қалиева Жанар Нұрхамитқызы 1982 жылы 23 қыркүйекте Қостанай облысы, Амантоғай ауданы, Степняк кентінде дүниеге келген. 2004 жылы Көкшетау университетін саясаттану мамандығы бойынша тәмәдаған.

Бұланды ауданы әкімдігінің әдеп жөніндегі уәкілі
Исмағамбетова Кенжебике Нығметжанқызы Ақмола облысының Бұланды ауданы әкімінің орынбасары, «Бұланды ауданы әкімінің аппараты» ММ әдеп жөніндегі уәкілі. Функционалдық міндеттері: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Әдеп кодексі бойынша мемлекеттік қызмет салаларындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау сұрақтары бойынша кеңес беру, ұжымда жалпыға ортақ қабылданған моральдық-этикалық нормаларына сай келетін қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға қолдау көрсету. Мемлекеттік қызметшілермен қызметтік этика нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этика нормаларының сақталуын мониторингілеу және бақылауды жүзеге асыру. Мемлекеттік қызметшілермен мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Әдеп кодексі салаларында Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау сұрақтары бойынша мемлекеттік қызметшілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Қызметтік әдеп нормаларын бұзудың алдын алу мақсатында басқа да іс-шараларды жүргізу. Ақмола облысының «Бұланды ауданы әкімінің аппараты» ММ әдеп жөніндегі уәкілі мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды апта сайын сәрсенбі күні сағат 10.00-ден 12-00-ге дейін қабылдайды. Мекен жайы : Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Макинск қ., Некрасов көшесі, 19, 316 бөлме. Байланыс телефоны: +7 (71646) 2-24-38 ; Электронды поштаның мекен жайы: [email protected]


«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі» ММ басшысы
Жолдыгулова Алия Абдулвахитовна 1978 жылы Имантауауылы, Арық-Балықауданында дүниеге келген. 2010 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің гуманитарлық факультетін тәмәмдаған.

Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы
Жұмаділова Бағдат Төлеубекқызы 1972 жылы 30 маусымда Ақмола облысы, Бұланды ауданы,Макинск қаласында дүниеге келген. 1994 жылы орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша С.Сейфуллин атындағы Целиноград педагогикалық институтын, 2008 жылы ақпараттық технологиялар бакалавры мамандығы бойынша Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы
Жүнісова Айтжан Айтымқызы 1967 жылы 17 мамырда Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Макинск қаласында дүниеге келген. 2005 жылы экономист мамандығы бойынша Алматы экономика және статистика академиясын тәмамдаған.

«Бұланды ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ бөлімінің басшысы
Гүлнара Балғожақызы Жақыпова, 1971 жылы 10 шілдеде Макинск қаласында дүниеге келген. 1991 жылы «Қазақ КСР Мемлекеттік аграрлық өнеркәсіптік комитеті Бүрабай «Құрмет белгісі» орденді» бітірді, ауылшаруашылық және ғимараттық құрылыс мамандығыбойынша.2022 жылы «Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті» бітірген, ғимараттар мен құрылыстарды жобалаубілім беру бағдарламасы бойынша. 2015 жылдан бастап Бұланды ауданының "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ бас маманы болып жұмыс істеді.

«Жер қатынастары бөлімі» ММ бөлімінің басшысы
Данияров Арман Мүмкінұлы, 1976 жылы туған, Бұланды ауданының тумасы. Көкшетау мемлекеттік университетін бітірген Ш.Уәлиханова атындағы (ғалым агроном).

«Экономика және қаржы бөлімі» ММ бөлімінің басшысы
Гылка Валентина Николаевна 8 қазан 1973 жылғы Вознесенка ауылы, Буланды ауданы, Ақмола облысында туған. 1992 жылы Целиноград қаржы-экономикалық техникумын бітірген. 2008 жылы қаржы бакалавры мамандығы бойынша Көкшетау университетін бітірді.

"Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ басшысы
Мамытханов Казбек Базарбаевич 1994 жылы Өзбекстанның Қарақалпақстан аймағында дүниеге келген. 2016 жылы С.Баишев атындағы Ақтөбе университетінің «Көлік қозғалысын және көлікті пайдалануды ұйымдастыру» мамандығын бітірген.

«Бұланды ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ бөлімінің басшысы
Шортаев Серік Төлеутайұлы 1973 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Озерное ауылында дүниеге келген. Білімі-жоғары. 2001 жылы ҚР ІІМ Қостанай заң институтын бітірді.

Бұланды ауданының «Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы
Қабдулов Азамат Мирамұлы Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Макинск қаласынада, 1991 жылдың 29 тамызында дүниеге келді. Жоғары білімі бар, ол 2013 жылы Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін техникалық машиналар мен құрылымдары мамандығымен аяқтады.

«Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы
Абылай Өмірбайұлы Жақыпбеков, 1991 жылы 22 желтоқсанда Қарағанды облысы, Қарағанды қаласында дүниеге келген. 2013 жылы Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін "Қаржы"мамандығы бойынша бітірген. 2015 жылы Орталық Қазақстан академиясын "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.
"Бұланды ауданы әкімінің аппараты" ММ мемлекеттік қызметтер көрсетуді және ақпараттық технологияларды талдау бөлімінің басшысы
Кәрімова Аида Маратқызы, 02.03.1996 жылы Ақмола облысы Бұланды ауданы Макинск қаласында дүниеге келген. 2014 жылдан 2016 жылға дейін Астана қаласындағы "Тұран" колледжінде "Құқықтану, заңгер - консульт"мамандығы бойынша оқыды 2016 жылдан 2019 жылға дейін "Тұран – Астана" университетінде "құқықтану, заңгер"мамандығы бойынша оқыды

"Бұланды ауданы әкімінің аппараты"мемлекеттік мекемесінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс бөлімінің басшысы
Талғат Қайноллаұлы Оразбаев 1978 жылы 11 сәуірде Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Баршино ауылында дүниеге келген. 2012 жылы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін Қаржы мамандығы бойынша бітірген. 1996-1998 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарында мерзімді қызмет атқарды.

«Вознесенск селолық округі әкімінің аппараты» ММ әкімі
Сироткина Юлия Николаевна , 1983 жылы 10 сәуірде Көкшетау облысы, Рузаев ауданы, Новоселовка ауылында дүниеге келген. 1991-2000 жылдары Новоселовская орта мектебінде оқыды. 2000 жылдың қыркүйегінен 2002 жылдың шілдесіне дейін Көкшетау кооператив колледжінде қаржы мамандығы бойынша оқыды.

«Капитонов селолық округі әкімінің аппараты» ММ әкімі
Шынболат Маратұлы Исмағамбетов 1992 жылы Бұланды ауданы, Макинск қаласында дүниеге келген. Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «Топырақтану және агрохимия» мамандығы және Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.

«Макинск қаласы әкімінің аппараты» ММ әкімі
Азамат Бағдатұлы Алдабергенов 1983 жылы Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Макинск қаласында дүниеге келген. Білімі-жоғары. Алматы қаласының Экономика және статистика Академиясын “Ақпараттық жүйе” мамандығы бойынша аяқтаған. Сондай-ақ, Көкшетау Гуманитарлық техникалық академиясының қаржы магистрі.

«Амангелді ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімі
Құрманғалиев Нұрлан Қабдушұлы 02.05.1982 ж.т., Целиноград қаласында. Білімі жоғары, С. Сейфуллин а. Қазақ аграрлық университетін бітірген., мамандығы инженер-оқытушы.

«Алтынды селолық округі әкімінің аппараты» ММ әкімі
Байжанов Марал Елтайұлы, 1969 жылы 21 қазанда Бұланды ауданының Даниловка ауылында дүниеге келген. Даниловка орта мектебін бітіргеннен кейін, 1987 жылы Целиноград "Автомобильдер мен қозғалтқыштарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу"мамандығы бойынша техникумға оқуға тісті. 1998 жылы А. Н. Гумилев атындағы Еуразия университетіне «Еңбек» мамандығы бойынша бітірді.

«Журавлев селолық округі әкімінің аппараты» ММ әкімі
Гильгенберг Татьяна Ивановна, 1984 жылы 12 қыркүйекте Целиноград облысы, Маринов ауданы, Журавлевка ауылында дүниеге келген. 2001 жылы мектепті бітіргеннен кейін университетке.Қазіргі замануи Гуманитарлық Академияның "Құқықтану"факультетіне оқуға түсіп, 2006 жылы бітірді.

«Карамышев селолық округі әкімінің аппараты» ММ әкімі
Даниева Сауле Дәуренбекқызы 1974 жылы 2 қаңтарда Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Макинск қаласында дүниеге келген. Ұлты қазақ. 1991 жылы № 1 Макинск орта мектебін бітірді. 1996 жылы Ақмола ауыл шаруашылығы институтын "экономист-бухгалтер" мамандығы бойынша бітірген. 2005 жылы "Фемида" заң академиясын "Заңгер"мамандығы бойынша бітірді.

«Никольск селолық округі әкімінің аппараты» ММ әкімі
Жанна Кабенқызы Шахатова 1979 жылдың 19 қарашасында Көкшетау облысының Щучинск қаласында дүниеге келген. 2001 жылы «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университетін бітірген.

«Новобратск селолық округі әкімінің аппараты» ММ әкімі
Цечоев Хусен Ахметович 1971 жылы 16 қаңтарда Ақмола облысы, Бұланды ауданы Макинск қаласында дүниеге келді. 2001 жылы ҚР ІІМ «Құқықтану» мамандығы бойынша Қостанай Заң институтын бітірді.
Заң қызметі
Муллахметова Наталья Станиславовна, 2001 жылы Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Макинск қаласында дүниеге келген. 2024 жылы «Юриспруденция» мамандығы бойынша Сібір Заң университетін аяқтады.
аудан әкімінің кеңесшісі - баспасөз хатшысы
Калиева Айнұр Амантайқызы 1988 жылы 15 тамызда Шығыс -Қазақстан облысы, Абай ауданы, Шаған селосында дүниеге келген. 2009 жылы филология бакалавры мамандығы бойынша Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін, 2010 жылы заңтану мамандығы бойынша Қазақ гуманитарлық заң - инновациялық университетін, 2014 жылы қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша магистр дәрежесімен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін тәмамдаған.

Руководитель «Отдела государственных активов и закупок Буландынского района»
Жанат Амурұлы Тубеков 1976 жылы 2 сәуірде Торғай облысының Арқалық қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясында білімін, экономист мамандығын алды.
Бұланды ауданы әкімінің жұмылдыру дайындығы жөніндегі кеңесшісі
Темірханова Әсемгүл Айдарқызы, 04.05.1995 жылы Біржан Сал ауданының Құдық-ағаш ауылында дүниеге келген. 2015 жылы Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжін (қазақ тілінде оқу) «Негізгі орта білім» мамандығы бойынша бітіріп, «Негізгі мектептің шетел тілі бойынша мұғалім» біліктілігі берілген. 2019 жылы «Заңтану» мамандығы бойынша Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін аяқтаған.
"Бұланды ауданының Мансап орталығы" КММ
Сайманбаева Света Жантөреқызы, 1966 жылы Қызылорда облысы Қазалы ауданында дуниеге келген. Білімі жоғары. «Инженер-технолог» мамандығы бойынша Ташкент тоқымашылық және жеңілөнеркәсіп институтын бітірген.
Аким Караозекского сельского округа
Молдаспаев Абзал Төлешұлы, 1986 жылы 8 сәуірде Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Карл Маркс ауылында туған. 2001 жылдан бастап 2004 жылға дейін Щучье қаласындағы «Щучинск техникалық колледжінде» «Кеден ісі» мамандығы бойынша оқыды. 2004 жылдан 2007 жылдар аралығында Көкшетау қаласындағы «Фемида» Қарағанды филиалында «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алды.