
Даниева Сәуле Дәуренбекқызы
«Карамышев селолық округі әкімінің аппараты» ММ әкімі
Өмірбаян
Даниева Сауле Дәуренбекқызы 1974 жылы 2 қаңтарда Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Макинск қаласында дүниеге келген. Ұлты қазақ.
1991 жылы № 1 Макинск орта мектебін бітірді. 1996 жылы Ақмола ауыл шаруашылығы институтын "экономист-бухгалтер" мамандығы бойынша бітірген. 2005 жылы "Фемида" заң академиясын "Заңгер"мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 1996 жылы "Карамышев"АШӨК бухгалтер ретінде бастаған. 2005 жылы Карамышев ауылдық округінде бухгалтер болып жұмыс істеді. 2006-2007 жылдары Қарамышев орта мектебінің хатшы-іс жүргізуші. 2007-2008 жылдары "Шарипов Г. Б." шаруа қожалығының бухгалтері, 2008 жылдан бастап 2014 жылдың қазан айына дейін Шұбарағаш а. пошта байланыс бөлімінің бастығы. 2014 жылдың қазан айынан Карамышев ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы. 2014 жылдың желтоқсан айынан қазіргі уақытқа дейін Карамышев ауылдық округінің әкімі. 2022 жылғы 27 қыркүйекте Қарамышевка ауылдық округінің әкімі болып қайта сайланды.





