Темірханова Әсемгүл Айдарқызы
Бұланды ауданы әкімінің жұмылдыру дайындығы жөніндегі кеңесшісі
Өмірбаян
Темірханова Әсемгүл Айдарқызы, 04.05.1995 жылы Біржан Сал ауданының Құдық-ағаш ауылында дүниеге келген. 2015 жылы Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжін (қазақ тілінде оқу) «Негізгі орта білім» мамандығы бойынша бітіріп, «Негізгі мектептің шетел тілі бойынша мұғалім» біліктілігі берілген. 2019 жылы «Заңтану» мамандығы бойынша Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін аяқтаған.
2015 жылдың қыркүйек айынан бастап 2016 жылдың қаңтар айы аралығында Ақмола облысының Әділет департаментінде құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің инспекторы болып жұмыс істеді.
2016 жылдың қаңтар айынан бастап Әділет департаментінің қабылдау бөлмесінің хатшысы лауазымына ауыстырылды.
2016 жылдың шілде айынан бастап Ақмола облысының Әділет департаментінің инспекторы лауазымына ауыстырылды.
2019 жылдың маусым айынан бастап 2024 жылдың сәуір айы аралығында Ақмола облысы бойынша ҚР ҰҚК органдарында жұмыс істеді. Ақмола облысы бойынша ҚР ҰҚКД Щучинск ММ жауапты атқарушы сержанты болып қызмет атқарды.
2024 жылдың сәуір айынан бастап Бұланды ауданы әкімінің жұмылдыру дайындығы жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды.





