
Оразбаев Талғат Қайноллаұлы
"Бұланды ауданы әкімінің аппараты"мемлекеттік мекемесінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Талғат Қайноллаұлы Оразбаев 1978 жылы 11 сәуірде Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Баршино ауылында дүниеге келген. 2012 жылы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін Қаржы мамандығы бойынша бітірген. 1996-1998 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарында мерзімді қызмет атқарды.
2014 жылдан бастап "Бұланды ауданы Вознесен ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ бас маманы; 2019 жылдан бастап "Бұланды ауданы әкімінің аппараты"ММ азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі бас инспекторы болып жұмыс істеді.
2026 жылғы 23 ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін "Бұланды ауданы әкімінің аппараты"мемлекеттік мекемесінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс бөлімінің басшысы лауазымын атқарады.





