Жақыпбеков Абылай Өмірбайұлы

    «Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы

    Жақыпбеков Абылай Өмірбайұлы
    Руководитель отдела

    Жақыпбеков Абылай Өмірбайұлы

    «Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы

    Өмірбаян

    Абылай Өмірбайұлы Жақыпбеков, 1991 жылы 22 желтоқсанда Қарағанды облысы, Қарағанды қаласында дүниеге келген. 2013 жылы Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін "Қаржы"мамандығы бойынша бітірген. 2015 жылы Орталық Қазақстан академиясын "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 2013 жылдың қыркүйек айынан бастап Бұланды ауданының білім бөлімінің "Айгөлек" балабақшасында есепші болып бастаған.

    2013 жылдың желтоқсан айынан бастап "Бұланды ауданының экономика және қаржы бөлімі" ММ-нің экономикалық саясат және жоспарлау секторы бас маманының міндетін атқарушы, Макинск қ.

    2014 жылдың сәуір айынан бастап "Бұланды ауданының экономика және қаржы бөлімі" ММ-нің экономикалық саясат және жоспарлау секторының бас маманы, Макинск қ.

    2020 жылдың қаңтар айынан бастап "Бұланды ауданының экономика және қаржы бөлімі" ММ-нің бюджеттік жоспарлау және бюджеттің атқарылуын талдау секторының меңгерушісі, Макинск қ.

    2021 жылғы шілдеден бастап жоғарыда аталған мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары.

    2023 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін "Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ-нің басшысы, Макинск қ.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері