Аяпбергенова Самал Амантайқызы

    «Бұланды ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің басшысы

    Аяпбергенова Самал Амантайқызы
    Руководитель аппарата

    Аяпбергенова Самал Амантайқызы

    «Бұланды ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің басшысы

    Өмірбаян

    Аяпбергенова Самал Амантайқызы 1985 жылы 5 маусымда Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Макинск қаласында дүниеге келген. 2006 жылы С.Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университетін «Экономика және кәсіпорында басқару» мамандығы бойынша бітірді.

    Еңбек жолын 2006 жылдың қазан айында Астана қаласы, «Альянс Финанс» ЖШС қаржылық кеңесшісі болып бастады.

    2007 жылдың маусымынан бастап «Альянс Финанс» ЖШС агенттік желісінің үйлестірушісі, Астана қ.

    2008 жылдың мамыр айынан бастап «Қазақстан коллекторлық компаниясы» ЖШС №1 бөлімінің маманы, Астана қ.

    2010 жылдың шілде айынан бастап Макинск қаласы «Бұланды ауданы әкімінің аппараты» ММ қаржы-экономикалық бөлімінің жетекші маманы қызметін атқарып келеді.

    2010 жылдың қазан айынан бастап Макинск қаласы «Бұланды ауданы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы.

    2014 жылдың мамыр айынан бастап «Бұланды ауданы әкімінің аппараты» ММ жалпы бөлімінің бас маманы, Макинск қ.

    2015 жылдың маусым айынан бастап «Бұланды ауданы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызметтерді көрсетуді талдау бөлімінің басшысы, Макинск қаласы.

    2020 жылдың маусым айынан бастап «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, Макинск қ.

    2023 жылдың шілдесінен қазіргі уақытқа дейін «Бұланды ауданы әкімінің аппараты» ММ аппаратының басшысы болып қызмет атқаруда.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері