Іле ауданы Алматы облысының оңтүстік-батысында орналасқан. Аудан 1928 жылы құрылған. 1997 жылы ауданға таратылған Күрті ауданы, Ақши, Күрті ауылдарымен қосылды. Әкімшілік орталығы - Өтеген батыр ауылы. Аудан аумағы 7,8 мың км2. Аудан 8ауылдық және кенттік округтерден құрылған, 22елді мекен орналасқан, оның ішінде - 1 кент, 21– ауыл.
Ауданымызда Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіруге бағытталған ақпараттық-түсіндіру кездесулері жалғасуда. Кезекті кездесу Байсерке ауылындағы №12 орта мектепте өтіп, ауыл тұрғындарын, білім саласының өкілдері мен белсенді жастарды жинады. Шарада ел дамуының басым бағыттары, инфрақұрылымды дамыту, әлеуметтік қолдау, салық жүйесін жетілдіру және өңірлердің әлеуетін арттыру мәселелері талқыланды. Жиынды Іле аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Мәден Мұсаев модератор ретінде жүргізді. Алғашқы болып сөз алған Ұлттық Құрылтайдың І шақырылымының депутаты, қоғам қайраткері, ақын, публицист әрі журналист Жанарбек Әшімжанов ұлттық құндылықтар, азаматтық жауапкершілік және қоғамның ынтымағын нығайту жөнінде ой қозғады. Ол мемлекеттің өркендеуі тек экономикалық көрсеткіштермен ғана өлшенбейтінін, рухани жаңғыру мен ортақ мүдде жолындағы ауызбіршіліктің маңызын атап өтті. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Тұяқбаев әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру, халықты жұмыспен қамту және азаматтардың әл-ауқатын арттыру бағытындағы мемлекеттік шараларды баяндады. Ол әлеуметтік саясаттың негізгі векторларына тоқталып, халықты тұрақты жұмыспен қамту және еңбек нарығының талаптарына сай мамандарды даярлау мәселелерін баса айтты. Ал Ұлттық Құрылтайдың І шақырылымының депутаты Мейраш Шынасылова адами капиталды дамыту, білім беру сапасын арттыру және жастарға жан-жақты жағдай жасау бағыттарына тоқталды. Кездесу барысында Жолдауда белгіленген міндеттердің өңірлер мен ауыл тұрғындары үшін өзектілігі де сөз болды. Қатысушылар мемлекеттік бастамалардың жүзеге асырылуы, әлеуметтік нысандардың қолжетімділігі мен кәсіпкерлікті қолдау бағыттары жөнінде пікір алмасты. Жиын соңында ауыл тұрғындары мен қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныстарын ортаға салды. Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері сұрақтарға жауап беріп, маңызды мәселелер бойынша түсініктеме берді. Ашық диалог форматында өткен кездесу Мемлекет басшысының Жолдауында көтерілген міндеттерді кеңінен түсіндіруге және тұрғындар мен билік арасындағы кері байланысты нығайтуға мүмкіндік берді.
Ауданымызда Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіруге бағытталған ақпараттық-түсіндіру кездесулері жалғасуда. Кезекті кездесу Байсерке ауылындағы №28 мектеп-гимназияда өтіп, білім саласының өкілдері мен ұстаздар қауымын жинады. Жиында ел дамуының басым бағыттары, әлеуметтік қолдау, білім беру сапасы және ұлттық құндылықтарды сақтау мәселелерін талқылады. Кездесуді Іле аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Мәден Мұсаев модератор ретінде жүргізді. Алғашқы болып сөз алған Ұлттық Құрылтайдың І шақырылымының депутаты, қоғам қайраткері, ақын, публицист әрі журналист Жанарбек Әшімжанов ұлттық құндылықтар, азаматтық жауапкершілік және жас ұрпақ тәрбиесі жөнінде ой қозғады. Ол қоғамның дамуы мен ел болашағын қалыптастыруда білім мен тәрбиенің маңызына тоқталып, ұстаздар қауымының өскелең ұрпақтың бойына ұлттық сана мен адамгершілік қасиеттерді сіңірудегі рөлін атап өтті. Ал Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Тұяқбаев әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру, халықты жұмыспен қамту және азаматтардың әл-ауқатын арттыру бағытындағы мемлекеттік шараларды баяндады. Әсіресе, әлеуметтік көмектің қолдауға мұқтаж азаматтарға бағытталуы, отбасылардың жағдайын бағалау және жәрдемақы алушылардың санаттарын айқындау мәселелеріне кеңінен тоқталды. Сонымен қатар, еңбек нарығындағы өзгерістер мен сұранысқа ие мамандарды даярлаудың маңызын атап өтті. Сондай-ақ Ұлттық Құрылтайдың І шақырылымының депутаты Мейраш Шынасылова білім беру сапасын арттыру, жас ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие беру және жастардың әлеуетін дамыту мәселелерін қозғады. Оның айтуынша, білім саласына жасалған қолдау – елдің ертеңіне бағытталған маңызды инвестиция. Осы ретте ұстаздардың кәсіби біліктілігін арттыру мен білім беру жүйесіндегі мүмкіндіктерді кеңейтудің маңызына назар аударды. Кездесу барысында Жолдауда белгіленген міндеттердің өңірлер үшін өзектілігі де сөз болды. Қатысушылар мемлекеттік бастамалардың жүзеге асырылуы, әлеуметтік саясаттың басымдықтары мен білім беру саласындағы өзгерістер жөнінде пікір алмасты. Жиын соңында мектеп мұғалімдері мен білім саласының өкілдері өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныстарын ортаға салды. Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері сұрақтарға жауап беріп, маңызды мәселелер бойынша түсініктеме берді. Ашық диалог форматында өткен кездесу Мемлекет басшысының Жолдауында көтерілген міндеттерді кеңінен түсіндіруге және білім саласы өкілдерінің пікір алмасуына мүмкіндік берді.
Ауданымызда Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын түсіндіруге бағытталған ақпараттық кездесулер жалғасуда. Кезекті жиын Іле аудандық ауруханасында өтіп, оған республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының өкілдері мен медицина қызметкерлері қатысты. Кездесуді Іле аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Мәден Мұсаев жүргізді. Ол басқосу барысында Жолдауда белгіленген негізгі міндеттерге тоқталып, олардың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызын атап өтті. Жиынға арнайы келген Ұлттық Құрылтайдың І шақырылымының депутаты, ақын, журналист, публицист және қоғам қайраткері Жанарбек Әшімжанов, Ұлттық Құрылтайдың І шақырылымының депутаты Мейраш Шынасылова және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Тұяқбаев өз бағыттары бойынша баяндама жасады. Спикерлер инфрақұрылым мен құрылыс саласын дамыту, салық жүйесін жетілдіру, кәсіпкерлікті қолдау, адами капиталды арттыру, ғылым мен технологияны ілгерілету секілді Жолдауда қамтылған басымдықтарды түсіндірді. Сондай-ақ аталған бастамалардың жүзеге асуында әр саланың, соның ішінде денсаулық сақтау жүйесінің де өзіндік орны бар екені айтылды. Кездесу барысында халықты әлеуметтік қорғау саласындағы өзгерістерге де ерекше назар аударылды. Ербол Тұяқбаев қазіргі мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау тәртібі мен алдағы уақытта енгізілетін жаңашылдықтар жөнінде ақпарат берді. Жаңа тәртіптің негізгі мақсаты – мемлекеттік көмекті шынайы мұқтаж азаматтарға бағыттау. Сонымен қатар мүгедектігі бар балаларға, I және II топтағы мүгедектігі бар адамдарға, ата-анасынан айырылған балаларға және заңда көрсетілген өзге де санаттарға арналған бірқатар әлеуметтік кепілдіктер сақталатыны түсіндірілді. Бұл ретте қолданыстағы әлеуметтік қолдау тетіктерінің азаматтарға беретін мүмкіндіктері, жәрдемақы алуға құқығы бар санаттар және оларды тағайындау талаптары жөнінде де кеңінен мәлімет берілді. Жиын соңында қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, спикерлерден нақты жауаптар алды. Ашық пікір алмасу форматында өткен кездесу мемлекеттік саясаттағы өзгерістерді түсінуге және әлеуметтік қолдау шаралары туралы ақпараттандыруға мүмкіндік берді.
3 қараша күні Өтеген батыр ауылындағы №7 орта мектепте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіруге арналған аудан тұрғындарымен кездесу өтті. Шараға республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері, әлеуметтік қорғау және білім беру саласының мамандары, қоғамдық ұйымдар, аудан тұрғындары, жастар мен БАҚ өкілдері қатысты. Кездесудің мақсаты — Президент Жолдауындағы стратегиялық міндеттерді түсіндіру, ел дамуына арналған бастамаларды талқылау және халықпен ашық пікір алмасу болды. Жиынға Іле аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Мәден Мұсаев модераторлық етіп, Жолдаудағы басым бағыттардың өңір дамуы үшін маңыздылығын атап өтті. Мемлекет басшысының Жолдауы – еліміздің алдағы даму бағытын айқындайтын маңызды стратегиялық құжат. Онда көтерілген бастамалардың барлығы халықтың әл-ауқатын арттыруға, экономиканы нығайтуға және өңірлердің әлеуетін дамытуға бағытталған. Біздің басты міндетіміз – осы бастамаларды нақты істермен жүзеге асыруға атсалысу. Бұл ретте қоғаммен ашық диалог орнатудың маңызы зор», – деді ол өз сөзінде. Кездесуде алғашқы болып сөз алған ақын, журналист, публицист, қоғам қайраткері, Ұлттық Құрылтайдың І шақырылымының депутаты Жанарбек Әшімжанов Жолдаудың тарихи және қоғамдық маңызына тоқталды. Ол ел дамуының жаңа кезеңінде ұлттық құндылықтарды ұлықтау, қоғам бірлігі мен азаматтық жауапкершілікті арттырудың өзектілігін алға тартты. Қоғам қайраткерінің айтуынша, мемлекеттің өсіп-өркендеуі тек экономикалық көрсеткіштермен шектелмейді. Рухани даму, білімді ұрпақ тәрбиесі және ортақ мүдде жолындағы қоғамдық келісім – ел болашағының берік іргетасы. Сонымен қатар, сөз кезегін алған Ұлттық Құрылтайдың І шақырылымының депутаты Мейраш Шынасылова адами капиталды нығайту, білім беру сапасын арттыру және жастарға қолдау көрсету мәселелеріне тоқталды. «Еліміздің тұрақты дамуының негізгі тірегі – білімді, білікті әрі еңбекқор азаматтар. Бүгінде ғылым мен технология қарқынды дамып, еңбек нарығына жаңа талаптар қойылуда. Сондықтан жастардың сапалы білім алып, кәсіби толысуына және өз потенциалын жүзеге асыруына жағдай жасау — ел болашағына салынған ең маңызды инвестиция», – деп атап өтті ол. Сонымен бірге депутат қоғамдағы белсенді азаматтардың, жастар мен үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік бастамаларды іске асырудағы рөлін баса айтып, ел дамуына әрбір азаматтың үлес қосуы маңызды екенін жеткізді. Өз кезегінде Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Тұяқбаев әлеуметтік саясаттың басты бағыттарын баяндады. Ол халықты тұрақты жұмыспен қамту, еңбек нарығының сұранысына сай мамандар даярлау, әлеуметтік қолдау шараларының тиімділігін арттыру және азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау мәселелеріне ерекше назар аударды. Вице-министрдің сөзінше, азаматтардың әл-ауқатын жақсарту үшін жаңа жұмыс орындарын ашумен қатар, халықтың кәсіби біліктілігін арттыруға және әлеуметтік осал санаттағы тұрғындарға арналған көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге басымдық беріледі. Жиын барысында Мемлекет басшысы Жолдауында белгіленген негізгі басымдықтар — инфрақұрылым мен құрылысты дамыту, салық жүйесін жетілдіру, бизнесті қолдау, ғылым, технология мен адами капиталды нығайту және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру мәселелері жан-жақты талқыланды. Бұл орайда Іле ауданы үшін инженерлік-әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту, инвестиция тарту, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру, сондай-ақ халыққа көрсетілетін әлеуметтік қызмет сапасын көтеру түйінді міндеттер ретінде ерекше атап өтілді. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Мұндай еркін форматтағы жиындар мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын халыққа кеңінен түсіндіріп қана қоймай, билік пен қоғам арасындағы сындарлы байланысты нығайтуға ықпал етеді. Жиын соңында Іле аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Мәден Мұсаев ауданға арнайы келіп, маңызды мәселелер төңірегінде тұшымды ой бөлліскен республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелеріне ризашылығын білдірді. Сондай-ақ ол Жолдауда белгіленген міндеттерді табысты жүзеге асыруда мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың және аудан тұрғындарының бірлескен әрі жүйелі жұмысы ерекше маңызды екенін атап өтті.
Іле ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіруге арналған кездесу өтті. Жиында ел дамуының стратегиялық бағыттары, экономикалық өсім, әлеуметтік саясат және мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мәселелері сөз болды. 3 қараша күні Өтеген батыр ауылында ұйымдастырылған кездесуге республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері, білім беру және әлеуметтік қорғау салаларының өкілдері, қоғамдық ұйым мүшелері, жастар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Жиынға Іле ауданының әкімі Қайыржан Жақсымбетов модераторлық етіп, Президент Жолдауында айқындалған міндеттердің елдің тұрақты дамуы мен халықтың тұрмыс сапасын жақсартудағы маңыздылығына тоқталды. Аудан басшысы Мемлекет басшысы белгілеген басымдықтарды жүзеге асыру жергілікті атқарушы органдардың күнделікті жұмысымен тікелей байланысты екенін атап өтті. Әсіресе, инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, инфрақұрылымды жаңғырту, білім беру мен әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыру мәселелеріне назар аударылды. Кездесу барысында республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері Жолдауда көтерілген негізгі бағыттарға кеңінен тоқталды. Атап айтқанда, экономиканы әртараптандыру, кәсіпкерлікті қолдау, цифрлық технологияларды енгізу, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері талқыланды. Сонымен қатар адами капиталды дамыту, білім беру сапасын жақсарту, жастарға қолдау көрсету және қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілікті нығайту бағытындағы міндеттерге ерекше мән берілді. Жиында Президент бастамаларын жүзеге асыруда өңірлердің рөлі маңызды екені айтылды. Бұл ретте Іле ауданында өндіріс пен кәсіпкерлікті дамыту, инвестициялық жобаларды іске асыру, жол және инженерлік инфрақұрылымды жаңарту, әлеуметтік нысандар салу бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстардың маңызы атап өтілді. Кездесу ашық диалог форматында жалғасты. Қатысушылар Жолдауда қамтылған бастамаларға қатысты пікірлерін білдіріп, өздерін қызықтырған мәселелер бойынша сұрақтар қойды. Ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері көтерілген сауалдарға жауап беріп, мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары жөнінде түсініктеме берді. Жиын қорытындысында Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген міндеттерді тиімді жүзеге асыру мемлекеттік органдар мен қоғамның бірлескен жұмысына негізделетіні атап өтілді.
«Іле ауданы бойынша білім бөлімі» ММ-сі келіп түскен өтінім негізінде мемлекеттік білім беру тапсырысын жүзеге асыратын заңды мекенжайын (нақты орналасқан жерін) өзгерту бойынша конкурстық рәсімдер өткізілетіні туралы хабарлайды. Аталған конкурстық іс-шаралар «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге және Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» № 381 бұйрықтың (Қазақстан Республикасы Білім Министрінің 27 тамыздағы бұйрығы) ережелеріне қатаң сәйкес жүргізіледі 2022 жылғы № 381) және жаңа үй-жайлардың белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық, өртке қарсы және педагогикалық талаптарға сәйкестігін тексеруге, сондай-ақ, үздіксіздік пен қолжетімділікті қамтамасыз етуге мен сапалы білім алу бағытталған.
Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысының салымшылары зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына беру бойынша ең белсенді өңірлер қатарында
2026 жылғы қыркүйектен бастап заңнамалық өзгерістер күшіне енді. Оған сәйкес салымшылар өз таңдауы бойынша ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған жинақтарын, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен жиналған қаражатын толық көлемде жеке басқаруға бере алады. Осылайша, салымшылардың басқарушы компанияны таңдау және зейнетақы жинақтарын инвестициялау мүмкіндіктері кеңейді. Енді жинақтарды бірнеше инвестициялық портфельді басқарушы (ИПБ) мен инвестициялық портфель арасында бөлуге болады. Бұл азаматтарға өздерінің зейнетақы капиталын басқарудың түрлі нұсқаларын пайдалануға жол ашады. Зейнетақы жинақтарын толық көлемде жеке басқаруға беру мүмкіндігі инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) жасалатын аударымдар санының өсуіне ықпал етті. Мәселен, 2026 жылғы 1 қаңтар мен 31 тамыз аралығында жалпы сомасы шамамен 66,7 млрд теңгені құрайтын 73 456 аударым жасалса, 1 қыркүйек пен 13 қазан аралығындағы қысқа мерзімнің өзінде 56 956 аударым жүзеге асырылып, олардың жалпы сомасы шамамен 92,0 млрд теңгеге жетті. Зейнетақы активтерін ИПБ басқаруына беру бойынша Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысының тұрғындары ерекше белсенділік танытып отыр. Аталған кезеңдер бойынша өңірлер бөлінісіндегі толық статистикалық мәліметтер төменде келтірілген. 2026 жылғы 1 қаңтар мен 31 тамыз аралығындағы деректер Өңір Аударым сомасы (теңгемен) Аударым саны Барлығы 66 659 094 302,02 73 456 Ақмола облысы 1 301 404 104,10 1 919 Ақтөбе облысы 3 786 064 527,33 4 359 Алматы облысы 24 711 228,07 066 Атырауоблысы 3 943 939 767,44 3 791 Шығыс Қазақстан облысы 1 527 427 793,28 2 045 Жамбылоблысы 1 483 973 244,91 2 134 Батыс Қазақстан облысы 2 292 443 937,59 2 442 Қарағанды облысы 5 265 611 248,47 5 963 Қостанай облысы 1 930 290 043,12 2 855 Қызылорда облысы 1 746 149 958,85 2 378 Маңғыстау облысы 3 496 995 021,36 3 734 Ұлытауоблысы 46 219 700,07 054 Абайоблысы 1 059 677 818,21 1 685 Жетісуоблысы 933 400 854,55 1 349 Павлодароблысы 3 494 934 297,77 3 575 Солтүстік Қазақстан облысы 804 079 529,47 1 160 Түркістан облысы 1 987 795 960,34 2 784 Алматықаласы 17 633 839 058,41 16 983 Астанақаласы 10 823 707 427,56 10 278 Шымкентқаласы 3 076 428 781,12 3 902 2026 жылғы 1 қыркүйек пен 13 қазан аралығындағы деректер Өңір Аударым сомасы (теңгемен) количество переводов Барлығы 91 931 522 402,00 56 956 Ақмола облысы 1 832 771 887,08 1 414 Ақтөбе облысы 4 294 913 293,91 3 025 Алматы облысы 27 664 930,76 061 Атырауоблысы 4 328 959 177,31 2 410 Шығыс Қазақстан облысы 2 511 877 675,44 1 685 Жамбылоблысы 2 104 796 055,23 1 798 Батыс Қазақстан облысы 3 000 693 685,11 1 902 Қарағанды облысы 7 147 355 461,33 4 722 Қостанай облысы 3 128 383 687,11 2 279 Қызылорда облысы 1 859 242 703,51 1 430 Маңғыстау облысы 4 550 479 005,45 2 621 Ұлытауоблысы 61 280 525,21 058 Абайоблысы 1 342 445 552,78 1 201 Жетісуоблысы 1 451 475 574,53 1 186 Павлодароблысы 3 793 095 242,35 2 636 Солтүстік Қазақстан облысы 1 304 216 236,38 972 Түркістан облысы 2 278 055 124,56 1 806 Алматықаласы 27 419 578 835,28 14 327 Астанақаласы 15 735 002 693,16 8 680 Шымкентқаласы 3 759 235 055,51 2 743 Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) бермес бұрын салымшы басқару шарттары мен инвестициялық стратегияның ерекшеліктерін мұқият зерделегені жөн. Өйткені бұл таңдау қаражаттың қалай инвестицияланатынына және оны орналастыру барысында қандай тәуекелдер туындауы мүмкін екеніне тікелей әсер етеді.Ең алдымен, ИПБ-ның инвестициялық декларациясымен танысу қажет. Бұл құжатта инвестициялаудың мақсаттары мен тәсілдері, сондай-ақ активтердің құрамына қатысты шектеулер көрсетіледі. Сонымен қатар басқарушы компания алатын комиссиялық сыйақының мөлшерін және оның қандай қаржы құралдарын пайдаланатынын анықтап алған маңызды. Әртүрлі кезеңдердегі инвестициялық кірістілік көрсеткіштеріне де ерекше назар аударған жөн. Өткен кезеңдердің нәтижелері инвестициялық портфель жұмысының тиімділігін бағалауға көмектеседі. Алайда бұрын қол жеткізілген кірістілік болашақта да дәл сондай табыс алынатынына кепілдік бермейтінін ескеру қажет. Сондай-ақ тәуекел деңгейін назардан тыс қалдырмаған дұрыс: нарықтағы жағдайға байланысты активтердің құны өзгеруі мүмкін. Басқарушы компаниялардың ұсыныстарын салыстырып, зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына беру шарттары туралы толық ақпаратты invest.enpf.kz инвестициялық порталынан алуға болады. 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша invest.enpf.kz порталының бірегей пайдаланушыларының саны шамамен 82 мыңға жетті. Оның ішінде 27,5 мыңға жуық пайдаланушы қыркүйек айында, яғни салымшылардың инвестициялық мүмкіндіктері кеңейген кезеңде тіркелген. Аталған цифрлық платформаны пайдалану арқылы әрбір салымшы басқарушы компаниялардың инвестициялық стратегияларын өз мақсаттарымен, қаржылық күтулерімен және инвестициялық тәуекелдерге дайындық деңгейімен салыстырып, жан-жақты сараланған шешім қабылдай алады. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы жәнеакционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kzсайтында).
Жарияланды:
Ақпарат
Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары: инвестициялық кірістің маңызы
Инвестициялық кірістің қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын қалыптастырудағы маңызы арта түсті. 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша зейнетақы активтері 2014 жылы БЖЗҚ-ға біріктірілген сәттен бастап жинақталған инвестициялық кірістің жалпы көлемі 14,30 трлн теңгені құрады. Жүзеге асырылған зейнетақы төлемдерін ескергенде, зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегі таза инвестициялық кірістің үлесі – шамамен 40%. Ұзақ мерзімді инвестициялаудың маңыздылығын жинақтаушы зейнетақы жүйесінің бүкіл жұмыс кезеңіндегі нәтижелері де айқын көрсетеді. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған 1998 жылдан бастап 2026 жылғы 1 қазанға дейінгі кезеңде жинақталған инвестициялық кірістілік 1 090,84%-ды құраса, осы кезеңдегі инфляция деңгейі 1 014,83% болды. Бұл көрсеткіштер зейнетақы жинақтарын инвестициялау нәтижелерін ұзақ мерзімді кезең тұрғысынан бағалаудың маңыздылығын растайды. Зейнетақы жинақтары ондаған жылдар бойы қалыптасады. Осы уақыт аралығында түсіп отыратын зейнетақы жарналары түрлі қаржы құралдарына инвестицияланады, ал алынған кіріс салымшылардың зейнетақы капиталын ұлғайтып қана қоймай, одан әрі инвестициялауға қатысады. Инвестициялық кірістілік қаржы нарығындағы жағдайға байланысты өзгеріп отырады. Инвестициялау нәтижелері бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдары бойынша сыйақы түсімдеріне, олардың нарықтық құнының өзгеруіне, сондай-ақ валюта бағамдарының ауытқуына тәуелді. Жекелеген кезеңдерде нарықтық және валюталық қайта бағалау инвестициялаудың жалпы нәтижесіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Мұндай ауытқулар қаржы нарығына тән құбылыс болғандықтан, зейнетақы активтерін басқарудың тиімділігін ұзақ мерзімді кезеңдегі нәтижелер негізінде бағалаған жөн. Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы мен қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан 2026 жылдың басынан бастап 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша міндетті, міндетті кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақтарға есептелген инвестициялық кіріс көлемі 766,32 млрд теңгені, ал жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары бойынша 139,39 млрд теңгені құрады. Еске сала кетейік, 2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне енгізілген, БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтарын басқару стратегиялары мен портфельдерін дербес таңдау жөніндегі құқықтарын едәуір кеңейтетін өзгерістер күшіне енді. Енді салымшылар өз жинақтарының 100%-ына дейін инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) сенімгерлік басқаруына бере алады. 2026 жылдан бастап салымшылар ИПБ ұсынатын тәуекел деңгейі, күтілетін кірістілігі және инвестициялау мерзімі бойынша ерекшеленетін үш инвестициялық стратегияның бірін таңдай алады. Бұл ретте әрбір ИПБ активтерді өзі таңдаған бір инвестициялық стратегия шеңберінде басқарады. Инвестициялық портфельдің әрбір түрі бойынша ИПБ қамтамасыз ететін кірістілікті бағалаудың эталондық көрсеткіші ретінде композиттік бенчмарк белгіленген. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алудың бүкіл жүйесі ашық: әрбір салымшының enpf.kz сайтындағы жеке кабинетінде немесе мобильді қосымшада өзінің инвестициялық табысын көруге мүмкіндігі бар. БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және БЖЗҚ зейнетақы активтері орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат БЖЗҚ ресми сайтындағы (www.enpf.kz) "Статистика және аналитика/Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде, сондай-ақ invest.enpf.kz порталында және Қордың ақпараттық материалдарында жарияланады. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kzсайтында).
Жарияланды:
Ақпарат
Жыл басынан бері БЖЗҚ көрсеткен қызметтер саны 40 миллионнан асты
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) – Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің бірыңғай операторы, ол зейнетақы жинақтарының сенімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді. Оның негізгі міндеті – азаматтардың зейнетақы жинақтарын жинақтау және болашақта төлемдер қамтамасыз ету. Қор ұсынатын қызметтер азаматтарға лайықты зейнетақы үшін қажетті соманы жинап қана қоймай, сонымен қатар өз болашағын қаржылық жоспарлауға белсенді қатысуға көмектеседі. БЖЗҚ қазақстандықтарға цифрлық форматта түрлі қызметтер көрсетеді және оларды салымшылардың қажеттіліктеріне бейімдей отырып дамытуда. Қордың сайтта және мобильді қосымшада 24/7 режимінде көрсететін қызметтерінің қолжетімділігі – салымшылардың өз жинақтарына деген қызығушылығын арттырудың маңызды шарты. 2026 жылдың алғашқы тоғыз айында (2026 жылғы 1 қаңтардан 30 қыркүйекке дейін) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшылар мен алушыларға 40,3 млн қызмет көрсетті. Бұл көрсеткіш Қормен өзара іс-қимыл жасаудың цифрлық және тікелей қызмет көрсету арналарына сұраныстың қаншалықты жоғары екенін айқын көрсетеді. Көрсетілген қызметтердің жалпы санының 27,7 миллионы электрондық форматта, 11,8 миллионы автоматты режимде жүзеге асырылды. Осылайша, автоматты, электрондық және қашықтан көрсетілген қызметтердің үлесі жалпы көлемнің 98,6%-ын құрады. Тікелей қызмет көрсету форматында 576,0 мың қызмет көрсетілді, оның ішінде 562,2 мыңы Қор кеңселерінде жүзеге асырылды. Естеріңізге сала кетейік, барлық зейнетақы шоттары БЖЗҚ-ға бірінші жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 18 жасқа толмаған азаматтарына нысаналы талаптар автоматты түрде есептеліп, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде нысаналы жинақтарды алушыларға нысаналы жинақтарды төлеу және есепке алу үшін нысаналы жинақтау шоттары (НЖШ) ашылады. Есепті кезеңде зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша автоматты режимде ашылған жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ), жұмыс берушінің өз қаражаты есебінен аударған міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ) есепке алуға арналған шартты зейнетақы шоттарының (ШЗШ), сондай-ақ «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында нысаналы жинақтарды алушыларға тиесілі қаражатты есепке алу және төлеу үшін ашылатын нысаналы жинақтау шоттарының (НЖШ) жалпы саны 1,3 млн бірліктен асты. Бұрынғыдай ең сұранысқа ие қызмет – ЖЗШ, ШЗШ және НЖШ-дан үзінді көшірме алу. Жыл басынан бері шоттардың барлық түрлері бойынша 28,7 млн үзінді көшірме берілді. Оның 25,8 миллионы электрондық форматта, ал 2,5 миллионы автоматты режимде ұсынылды. БЖЗҚ шоттардың жай-күйі туралы ақпаратты жеке кабинет арқылы алу зейнетақы жинақтарын бақылаудың ең ыңғайлы, сенімді әрі жедел тәсілі екенін еске салады. Сервис тәулік бойы (24/7) онлайн режимде жұмыс істейді. Бұл әлемнің кез келген нүктесінен, кез келген уақытта өзекті ақпарат алуға мүмкіндік береді. Шоттардың жай-күйі туралы мәліметтер БЖЗҚ-ның мобильді қосымшасы мен ресми сайтындағы жеке кабинетте ғана емес, egov.kz порталы немесе электрондық үкіметтің мобильді қосымшасы арқылы да қолжетімді. Бұл мемлекеттік сервистерді бірыңғай платформалар арқылы пайдалануды қалайтын азаматтарға қосымша қолайлылық туғызады. БЖЗҚ 2025 жылдан бастап үзінді көшірмелерді пошта арқылы жыл сайын автоматты түрде жіберу тоқтатылғанын атап өтеді. Дегенмен, тиісті сұранысты БЖЗҚ мекенжайына жолдау арқылы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты пошта арқылы алу мүмкіндігі сақталған. Салымшылар (алушылар) Қордың сайты мен мобильді қосымшасындағы жеке кабинет арқылы үзінді көшірме алудан бөлек, өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, шоттарының бар екендігі туралы анықтама алу, 1 немесе 2-топтағы мүгедектіктің мерзімсіз белгіленуіне байланысты немесе елу жасқа толуына орай ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру, төлем алуға берілген өтініштің мәртебесін қадағалау, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) аудару, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақы мөлшерін болжамды түрде есептеу және басқа да қызметтерді пайдалана алады. Өткен кезеңде салымшылардан зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына аудару туралы 142,3 мың өтініш қабылданды. Олардың басым бөлігі электрондық форматта берілді. БЖЗҚ азаматтардың зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформасы инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) туралы барлық негізгі ақпаратты бір цифрлық кеңістікте біріктіріп, инвестициялық қызмет туралы мәліметтерді жүйелі түрде ұсынуды қамтамасыз ететінін еске салады. invest.enpf.kz порталында пайдаланушыларға қазақ және орыс тілдерінде зейнетақы жинақтары жүйесі, бағалы қағаздар, инвестициялау стратегиялары (өлшемшарттары), негізгі ұғымдар, зейнетақы активтерін орналастыру құрылымы туралы мәліметтер, сондай-ақ әрбір ИПБ-ның қаржылық көрсеткіштері, олардың реттеушілік талаптарды сақтауы жөніндегі деректер және салымшыларға ИПБ мен оның инвестициялық қызметі туралы жан-жақты түсінік қалыптастыруға мүмкіндік беретін өзге де ақпарат қолжетімді. Есепті кезеңде деректемелерді өзгертуге қатысты 87,1 мың өтініш қабылданды. Оның 81,2 мыңы Қор кеңселерінде рәсімделді. БЖЗҚ мамандарына қандай да бір қызмет түрі бойынша жүгінген салымшылар, әдетте, жинақтарын қалыптастыру мәселелері жөнінде қосымша кеңестер мен ұсынымдар да алады. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 44,6 мың көшпелі таныстырылым өткізіліп, оларға 880,1 мың адам қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдарында БЖЗҚ хабарламалары негізінде жарияланған материалдар саны 29,8 мыңға жетті. Кері байланыс арналары (байланыс орталығы, веб-сайт арқылы кеңес беру, мессенджерлер, әлеуметтік желілер және басқа да байланыс арналары) арқылы салымшылар мен алушылардан келіп түскен өтініштердің саны – 310,5 мың. Естеріңізге сала кетейік, кез келген компания жинақтаушы зейнетақы жүйесі мәселелері бойынша өз кеңсесінде көшпелі таныстырылым мен кеңес беру шараларын өткізуге өтінім бере алады. Ол үшін 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалу немесе Қордың сайты, мобильді қосымшасы, сондай-ақ Instagram, Facebook, ВКонтакте, Telegram, Одноклассники әлеуметтік желілеріндегі БЖЗҚ-ның ресми парақшалары арқылы хабарласу жеткілікті. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы жәнеакционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kzсайтында).
Жарияланды:
Ақпарат
Соңғы 12 ай ішінде отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 2,60 трлн теңгеге артты
Қазақстандықтардың «БЖЗҚ» АҚ-дағы (БЖЗҚ, Қор) зейнетақы жинақтарының көлемі2026 жылдың 1 қазанына 28,30 трлн теңгегежетті.12 айдағы өсім – 2,60 трлн теңгенемесе 10,0%. Негізгі бөлігі міндетті зейнетақы жарналарынан (МЗЖ) қалыптасқан қаражаттан тұрады, олардың көлемі – 26,13 трлн теңге,12 айда 1,73 трлн теңгеге немесе 7,1% өсті. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары 732,80 млрд теңгеболды. Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақ көлемі де ұлғайды: 2026 жылғы 1 қазанға оның көлемі 10,35 млрд теңгеболып, 12 айда 6,4% өсім көрсетті. Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) 12 ай ішінде 2,4 есеге ұлғайып, 2026 жылдың 1 қазанына1 429,89млрд теңгеболды. Түсімдер Зейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды. 2026 жылдың 9 айында салымшылардың жеке және шартты зейнетақы шоттарына2 738,10млрд теңгетүсті, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 15,7%-ға (немесе371,90млрд теңгеге) артық. МЗЖ есебі жүргізілетін жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) 2026 жылдың басынан бастап 2026 жылғы 1 қазанға дейін2 091,42млрд теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 7,9%-ға ұлғайды), МКЗЖ – 113,50 млрд теңге (өсім – 12,7%), ЕЗЖ – 1,62 млрд теңге түсті. Жыл басынан бастап 01.10.2026ж. жағдай бойынша ЖМЗЖ есебінен жарналар531,55млрд теңгені құрады. Жыл басынан бері салымшылардың шоттарына түскен таза инвестициялық кіріс 01.10.2026ж. жағдай бойынша882,28 млрдтеңгені құрады. Төлемдер мен аударымдар 2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар1402,37млрд теңгеніқұрады. Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер223,61млрд теңгеге жетті. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты кесте бойынша берілетін орташа айлық төлем – 39 028 теңге. 2026 жылдың басынан бастап 01.10.2026 жылға тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) 490,04 млрд теңге,мұрагерлік бойынша 77,26 млрд теңге, ҚР-дан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты 37,30 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға – 2,62 млрд теңге, жерлеуге – 7,14 млрд теңге көлемінде төлем жасалды. Сақтандыру ұйымдарына 564,40 млрд теңге аударылды. ЖЗШ саны 2026 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны – 19,11 млн бірлік (12 айдағы өсім – 1,14 млн бірлік немесе 6,3%). Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2026 жылдың 1 қазанында 12,90 млн бірлік болды. Оның ішінде: 11,44 млн - МЗЖ бойынша, 798,39 мыңы - МКЗЖ бойынша, 466,12 мыңы – ЕЗЖ есептелетін шоттар. Айта кетейік, МЗЖ есебі жүргізілетін шоттардың жалпы санына (11,44 млн бірлік) елден тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткен, бірақ жинақтарын алу үшін жүгінбеген алушылардың, мұрагерлері зейнетақы жинақтарын мұраға ресімдемеген қайтыс болған салымшылардың, 2016 жылдан бастап зейнетақымен мемлекеттік қамсыздандырылуға толық ауыстырылған әскери қызметшілердің және шоттарына Қазақстан заңнамасына сәйкес жарналар түспеуі тиіс салымшылардың (алушылардың) басқа да санаттарының шоттары кіреді. БЖЗҚ-дағы ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны -6,21 млнбірлік. Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және аналитика» бөлімінде орналастырылған. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы жәнеакционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kzсайтында).
Жарияланды:
Ақпарат
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы
Келісімнің қабылдану тарихы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2019 жылғы 20 желтоқсанда қабылданған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім (бұдан әрі – Келісім) күшіне енді. Оған сәйкес, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтары Одақ елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде зейнетақы құқықтарын жұмысқа орналасқан елдің азаматтарымен тең дәрежеде қалыптастырады, сақтайды және іске асырады. ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекет еңбекшінің 2021 жылғы 1 қаңтардан кейін өз аумағында жинақтаған еңбек өтілі үшін ұлттық заңнамасына сәйкес зейнетақы тағайындайды. Еске сала кетейік, қазіргі уақытта ЕАЭО құрамына бес мемлекет кіреді: Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы. Еңбек шартын жасасудың қажеттілігі туралы ЕАЭО елдерінің аумағында жұмыс күшінің еркін қозғалысы–Одақтың негізгі артықшылықтарының бірі. Оған мүше мемлекеттердің азаматтары басқа ЕАЭО елдерінің аумағында еңбек қызметін жұмыс істеуге рұқсат немесе патент алмай-ақ жүзеге асыра алады. Сонымен қатар, өзге мүше мемлекетте жұмыс істейтін ЕАЭО азаматы жұмысқа орналасқан елдің азаматтарымен бірдей еңбек кепілдіктерін пайдалануға құқылы. Алайда жұмыс істеу үшін арнайы рұқсат құжаттарын рәсімдеу талап етілмегенімен, бұл еңбек қатынастарын тиісті түрде ресімдемеуге болады дегенді білдірмейді. Азаматтың өз құқықтарын толық іске асыруы үшін еңбек қатынастарын растайтын құжаттары болуы шарт. Мұндай негізгі құжаттарға жұмыс берушімен жасалған еңбек шарты немесе қызмет көрсету туралы азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт жатады. Ауызша келісімдер жұмыскердің құқықтарын жеткілікті деңгейде қорғай алмайды. Мәселен, жұмыс беруші еңбек жағдайларын өзгертіп, жалақы төлеуді кешіктіруі немесе азаматтың еңбек шарты негізінде жұмыс істемей, тек бір реттік тапсырмаларды орындаумен шектелгенін алға тартуы мүмкін. Ал жазбаша жасалған шарт жұмыс берушінің кім екенін, азаматтың қандай жұмыс атқарғанын, оған қанша мөлшерде ақы төленуге тиіс болғанын және тараптардың өздеріне қандай міндеттемелер алғанын нақты айқындауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ресми түрде жұмысқа қабылданған қызметкерлер үшін жұмыс берушілер жұмысқа орналасқан мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде сол елдің зейнетақы жүйесіне зейнетақы (сақтандыру) жарналарын аударуға міндетті болады. Бұл ретте жұмыскерге еңбек қатынастарын ресімдеу тәртібін алдын ала нақтылап алған жөн. Өйткені әр елде шарт жасасу қағидалары, оның нысаны және мемлекеттік органдарды хабардар ету тәртібі әртүрлі болуы мүмкін. Келісімнің Қазақстанда іске асырылуы Қазақстан Республикасында Келісім Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) қалыптастырылған зейнетақы жарналары есебінен зейнеткерлік жасқа толуы немесе бірінші және екінші топтағы мүгедектігі мерзімсіз белгіленуіне байланысты берілетін зейнетақы төлемдеріне қолданылады. Егер Қазақстан Республикасының азаматы Келісім күшіне енгеннен кейін ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағында белгілі бір уақыт (мысалы, 3-5 жыл) еңбек қызметін жүзеге асырса, сол елдің зейнетақы заңнамасында көзделген талаптарға (зейнеткерлік жасқа толу, қажетті еңбек өтілінің болуы) сәйкес зейнетақы алу құқығы туындаған кезде, оған аталған мемлекетте жинақтаған еңбек өтілі үшін сол ел зейнетақы тағайындайды. Бұл ретте Қазақстан Республикасының азаматы зейнетақы тағайындау және төлеу үшін қажетті құжаттарымен бірге өтінішті ЕАЭО-ға мүше тиісті мемлекеттің құзыретті органына немесе Қазақстан Республикасындағы құзыретті орган ретінде БЖЗҚ-ға беруге құқылы. Еңбекшіге зейнетақы тағайындау және төлеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекеттің ұлттық заңнамасымен реттеледі. Құзыретті органдар Қазақстан Республикасында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер еңбекшілерінің еңбек өтілін растау жөніндегі құзыретті органдар қатарына «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ), Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері жатады. БЖЗҚ цифрлық жүйедегі міндетті зейнетақы жарналарының төленуі туралы деректер негізінде 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбек өтілі жөніндегі мәліметтерді ұсынады. Сонымен қатар, БЖЗҚ Келісім шеңберінде төмендегідей функцияларды жүзеге асырады: ·еңбекшілерге зейнетақы тағайындау және төлеу үшін құжаттарды қабылдау; ·құжаттарды қарау және зейнетақы тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдау; ·ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің құзыретті органдары тағайындаған зейнетақы төлемдерін жеткізуді қамтамасыз ету. Толық ақпаратпен enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» бөлімінде танысуға болады. 1998 жылға дейінгі еңбек өтілін растау үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелеріне жүгіну қажет. Келісімнің іске асырылуы бойынша сандық көрсеткіштер Келісім қолданыста болған кезеңде (01.01.2021ж. бастап 30.09.2026ж. дейін): ·БЖЗҚ ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің 378 азаматына зейнетақы төлемдерін тағайындады. Оның ішінде: ЕАЭО-ға мүше мемлекет Төлем түрі Алушылар (еңбекшілер) саны Армения Республикасы Зейнеткерлік жасқа толуына байланысты 11 Беларусь Республикасы Зейнеткерлік жасқа толуына байланысты 22 Мұрагерлерге берілетін біржолғы төлем 4 ҚырғызРеспубликасы Зейнеткерлік жасқа толуына байланысты 4 Мұрагерлерге берілетін біржолғы төлем 5 Ресей Федерациясы Зейнеткерлік жасқа толуына байланысты 306 Мұрагерлерге берілетін біржолғы төлем 26 ·ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің құзыретті органдары Қазақстанның 39 азаматына сақтандыру зейнетақыларын тағайындады. Оның ішінде: ЕАЭО-ға мүше мемлекет Зейнетақы түрі Алушылар (еңбекшілер) саны Қырғыз Республикасы Жасына байланысты 3 Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 3 Ресей Федерациясы Қарттық бойынша 31 Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 1 Мүгедектігі бойынша 1 Осылайша, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтары жұмысқа орналасқан елдің азаматтарымен тең дәрежеде өздерінің зейнетақы құқықтарын қалыптастырып, іске асыра алады. Бұл – Келісімнің негізгі мақсаттарының бірі. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы жәнеакционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kzсайтында).
Жарияланды:
Ақпарат
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
Бұрын қалай болды? 2021 жылдан бастап салымшыларға өздерінің зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын бөлігін жеке басқарушы компанияларға беру құқығы берілді. 2023 жылғы шілдеде күшіне енген Әлеуметтік кодекс бұл мүмкіндікті кеңейтті. Атап айтқанда, салымшылар міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптасқан жинақтарының 50%-на дейінгі бөлігін, ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптасқан жинақтарын толық көлемде инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) беру мүмкіндігіне ие болды. Қазір не өзгерді? 2026 жылғы қыркүйектен бастап заңнамалық өзгерістер күшіне енді. Енді салымшылар өз таңдауы бойынша ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақтарын ғана емес, міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарын да толық көлемде жеке басқаруға бере алады. Бұл өзгеріс қандай мүмкіндік берді? Аталған жаңашылдық салымшылар үшін өз жинақтарының инвестициялық кірістілігіне ықпал ету мүмкіндігін едәуір кеңейтті. Енді әрбір салымшы өзінің зейнетақы активтерін кім және қандай инвестициялық стратегия бойынша басқаратынын дербес таңдай алады. Сонымен қатар зейнетақы жинақтарын бірнеше инвестициялық портфельді басқарушы мен инвестициялық портфель арасында бөліп орналастыруға болады. Бұл зейнетақы капиталын басқарудың баламалы жолдарын көбейтіп, салымшыларға өз мүддесіне сай шешім қабылдауға мүмкіндік берді. Осылайша, зейнетақы жүйесі салымшы тек сырттай бақылаушы рөлін атқаратын үлгіден адамның ұзақмерзімді зейнетақы жинақтарын басқаруға саналы түрде өзінің қатысуын көздейтін жүйеге біртіндеп ауысуда. Инвестициялық портал туралы Инвестициялық стратегияны таңдау мүмкіндіктерінің кезең-кезеңімен кеңеюі және зейнетақы активтерін басқару туралы ақпараттың қолжетімді бола түсуі салымшылардың болашақ зейнетақы табысын қалыптастыруға қатысты шешімдер қабылдауына белсенді қатысуына жағдай жасайды. Осы мақсатта 2026 жылдың басында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) invest.enpf.kz арнайы инвестициялық порталын іске қосты. Портал зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға бергісі келетін салымшыларға дұрыс шешім қабылдап, жинақтарын жедел аударуға көмектеседі. Атап айтқанда, зейнетақы активтерін басқаруға қатысты негізгі мәліметтер біртұтас цифрлық кеңістікке жинақталған. Соның арқасында салымшылар қажетті ақпаратпен танысып, өз бетінше шешім қабылдауға мүмкіндік беретін ыңғайлы құралға қол жеткізді. Инвестициялық портал пайдаланушылары: ·инвестициялаудың негізгі ұғымдарымен таныса алады; ·басқарушы компаниялардың әртүрлі кезеңдердегі инвестициялық кірістілігін салыстырып, оның өзгеру динамикасын бақылай алады; ·инвестициялық портфельдердің құрылымын зерделеп, зейнетақы активтерінің қандай қаржы құралдарына орналастырылғанын біле алады; ·инвестициялық декларациялар мен стратегияларды зерттеп, олардың өз мақсаттары мен мүдделеріне қаншалықты сәйкес келетінін бағалай алады. Деректер талдамасынан салымшылардың инвестициялық құралдарға деген қызығушылығы артып, өздерінің зейнетақы жинақтарын саналы түрде басқаруға ұмтыла бастағанын байқауға болады. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, invest.enpf.kz порталы іске қосылған сәттен бастап оның бірегей пайдаланушыларының саны тұрақты түрде өсіп, 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша шамамен 82 мың адамға жетті. Оның ішінде 27,5 мыңға жуық пайдаланушы салымшылардың инвестициялық мүмкіндіктері кеңейтілген қыркүйек айында тіркелді. Статистика не дейді? Статистикалық деректер салымшылардың зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға аудару белсенділігі де айтарлықтай артқанын көрсетеді. Мәселен, 2026 жылғы 1 қаңтар мен 6 қыркүйек аралығында зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға аударған салымшылар саны 44 167 адамды, ал аударылған қаражаттың жалпы сомасы 69,1 млн теңгені құраса, 2026 жылғы 7 қыркүйек пен 14 қазан аралығындағы қысқа мерзімнің өзінде 32 921 салымшының аударған зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 92,2 млн теңгеге жетті. 01.01.2026ж. бастап 06.09. 2026ж. дейінгі кезеңдегі аударымдар көлемі Сома бойынша тобы, теңге Салымшылар саны Салымшылар үлесі (аударым жасаған салымшылардың жалпы санынан) Аударымдар саны, млн теңге Сома үлесі (аударымдардың жалпы сомасынан) 500 000дейін 15 910 36,0% 2 582,68 3,7% 500 000 -1 000 000 5 443 12,3% 3 827,41 5,5% 1 000 000 -3 000 000 13 716 31,1% 26 591,73 38,5% 3 000 000 -5 000 000 8 085 18,3% 29 434,35 42,6% 5 000 000 -10 000 000 946 2,1% 5 717,96 8,3% 10 000 000 -2 0 000 000 59 0,13% 734,22 1,1% 20 000 000 -50 000 000 8 0,02% 257,22 0,4% свыше 50 000 000 – – – – ЖИЫНТЫҒЫ 44 167 69 145,57 07.09.2026ж.бастап14.10.2026ж. дейінгі кезеңдегі аударымдар көлемі Сома бойынша тобы, теңге Салымшылар саны Салымшылар үлесі (аударым жасаған салымшылардың жалпы санынан) Аударымдар саны, млн теңге Сома үлесі (аударымдардың жалпы сомасынан) 500 000дейін 7 325 22,3% 1 210,96 1,3% 500 000 -1 000 000 3 425 10,4% 2 357,91 2,6% 1 000 000 -3 000 000 9 409 28,6% 17 175,42 18,6% 3 000 000 -5 000 000 6 375 19,4% 23 974,97 26,0% 5 000 000 -10 000 000 5 712 17,4% 38 356,27 41,6% 10 000 000 -20 000 000 621 1,9% 7 475,87 8,1% 20 000 000 -50 000 000 51 0,15% 1 391,67 1,5% свыше 50 000 000 3 0,01% 214,37 0,2% ЖИЫНТЫҒЫ 32 921 92 157,45 Жасына қарай топтар бөлінісінде осы кезеңдердегі стаитстика төмендегідей сипатқа ие: 01.01.2026ж.бастап06.09.2026ж. дейінгі кезеңдегі деректер Жасы бойынша топ Аударымдар үлесі (аударымдардың жалпы санынан) Сома үлесі (аударымдардың жалпы сомасынан) Орташа аударым, мыңтеңге 30 жасқа дейін 24,0% 10,5% 397 30–39жас 40,2% 40,9% 922 40–49жас 24,8% 32,5% 1 188 50–59жас 10,6% 15,4% 1 318 60жас және одан үлкен 0,5% 0,6% 1 118 07.09.2026ж.бастап14.10.2026ж.дейінгі кезеңдегі деректер Жасы бойынша топ Аударымдар үлесі (аударымдардың жалпы санынан) Сома үлесі (аударымдардың жалпы сомасынан) Орташа аударым, мыңтеңге 30 жасқа дейін 22,1% 9,1% 676 30–39жас 38,0% 37,6% 1 631 40–49жас 27,5% 35,2% 2 113 50–59жас 11,8% 17,1% 2 380 60жас және одан үлкен 0,6% 1,1% 2 975 Келтірілген деректерден көріп отырғанымыздай, ең жоғары белсенділікті 30–39 жас аралығындағы салымшылар танытып отыр. Барлық аударымдардың шамамен 40%-ы және аударылған қаражаттың жалпы көлемінің 40%-ы осы жас тобындағы азаматтарға тиесілі. Олардың белсенділігі осы кезеңге қарай зейнетақы шоттарында қомақты қаражаттың жинақталуымен байланысты болуы мүмкін. Сонымен қатар зейнетке шығуға әлі жеткілікті уақыт бар болғандықтан, салымшылар өздерінің инвестициялау мерзімі мен тәуекелге деген көзқарасына сәйкес инвестициялық стратегияны таңдап, қажет болған жағдайда оны өзгерте алады. Еске саламыз, зейнетақы жинақтарын аудару туралы шешімді әр салымшы өз бетінше қабылдайды. Сондықтан шешім қабылдамас бұрын қаражатты басқару шарттарын, инвестициялық портфельдің құрылымын, комиссиялық сыйақы мөлшерін және әртүрлі кезеңдердегі кірістілік көрсеткіштерін мұқият зерделеген жөн. Бұл ретте өткен кезеңдердегі инвестициялық нәтижелер болашақта дәл сондай кірістілікке қол жеткізуге кепілдік бермейтінін, ал инвестициялардың құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін екенін ескеру маңызды. Салымшылар өзекті деректер мен барлық қажетті ақпаратты invest.enpf.kz инвестициялық порталынан кез келген уақытта таба алады. Бүгінде бұл портал көптеген салымшыға зейнетақы жинақтарын басқару мүмкіндіктерін жан-жақты түсінуге және жинақталған қаражатын инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) басқаруына беру жөнінде саналы шешім қабылдауға көмектесті. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы жәнеакционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kzсайтында).