БАЙСЕРКЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    Кезең
    Алматы уақыты (UTC+5)
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Ауданымызда Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіруге бағытталған ақпараттық-түсіндіру кездесулері жалғасуда. Кезекті кездесу Байсерке ауылындағы №12 орта мектепте өтіп, ауыл тұрғындарын, білім саласының өкілдері мен белсенді жастарды жинады.
    Шарада ел дамуының басым бағыттары, инфрақұрылымды дамыту, әлеуметтік қолдау, салық жүйесін жетілдіру және өңірлердің әлеуетін арттыру мәселелері талқыланды.

    Жиынды Іле аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Мәден Мұсаев модератор ретінде жүргізді.

    Алғашқы болып сөз алған Ұлттық Құрылтайдың І шақырылымының депутаты, қоғам қайраткері, ақын, публицист әрі журналист Жанарбек Әшімжанов ұлттық құндылықтар, азаматтық жауапкершілік және қоғамның ынтымағын нығайту жөнінде ой қозғады. Ол мемлекеттің өркендеуі тек экономикалық көрсеткіштермен ғана өлшенбейтінін, рухани жаңғыру мен ортақ мүдде жолындағы ауызбіршіліктің маңызын атап өтті.

    Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Тұяқбаев әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру, халықты жұмыспен қамту және азаматтардың әл-ауқатын арттыру бағытындағы мемлекеттік шараларды баяндады.

    Ол әлеуметтік саясаттың негізгі векторларына тоқталып, халықты тұрақты жұмыспен қамту және еңбек нарығының талаптарына сай мамандарды даярлау мәселелерін баса айтты.

    Ал Ұлттық Құрылтайдың І шақырылымының депутаты Мейраш Шынасылова адами капиталды дамыту, білім беру сапасын арттыру және жастарға жан-жақты жағдай жасау бағыттарына тоқталды.

    Кездесу барысында Жолдауда белгіленген міндеттердің өңірлер мен ауыл тұрғындары үшін өзектілігі де сөз болды. Қатысушылар мемлекеттік бастамалардың жүзеге асырылуы, әлеуметтік нысандардың қолжетімділігі мен кәсіпкерлікті қолдау бағыттары жөнінде пікір алмасты.

    Жиын соңында ауыл тұрғындары мен қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныстарын ортаға салды. Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері сұрақтарға жауап беріп, маңызды мәселелер бойынша түсініктеме берді.

    Ашық диалог форматында өткен кездесу Мемлекет басшысының Жолдауында көтерілген міндеттерді кеңінен түсіндіруге және тұрғындар мен билік арасындағы кері байланысты нығайтуға мүмкіндік берді.

    Ұқсас материалдар

    ОтырысАяқталды

    ҰСТАЗДАР ҚАУЫМЫ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫНЫҢ БАҒЫТ-БАҒДАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

    Ауданымызда Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіруге бағытталған ақпараттық-түсіндіру кездесулері жалғасуда. Кезекті кездесу Байсерке ауылындағы №28 мектеп-гимназияда өтіп, білім саласының өкілдері мен ұстаздар қауымын жинады. Жиында ел дамуының басым бағыттары, әлеуметтік қолдау, білім беру сапасы жә...

    3 қараша 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    ЖОЛДАУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    Ауданымызда Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын түсіндіруге бағытталған ақпараттық кездесулер жалғасуда. Кезекті жиын Іле аудандық ауруханасында өтіп, оған республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының өкілдері мен медицина қызметкерлері қатыст...

    3 қараша 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Жаңа кезең, тың идея

    3 қараша күні Өтеген батыр ауылындағы №7 орта мектепте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіруге арналған аудан тұрғындарымен кездесу өтті. Шараға республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері, әле...

    3 қараша 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    ІЛЕ АУДАНЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНДАҒЫ БАСЫМ БАҒЫТТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

    Іле ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіруге арналған кездесу өтті. Жиында ел дамуының стратегиялық бағыттары, экономикалық өсім, әлеуметтік саясат және мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мәселелері сөз болды....

    3 қараша 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    ХАБАРЛАНДЫРУ Ұйымның заңды мекенжайының (орналасқан жерінің) өзгеруіне байланысты конкурс өткізу туралы

    «Іле ауданы бойынша білім бөлімі» ММ-сі келіп түскен өтінім негізінде мемлекеттік білім беру тапсырысын жүзеге асыратын заңды мекенжайын (нақты орналасқан жерін) өзгерту бойынша конкурстық рәсімдер өткізілетіні туралы хабарлайды. Аталған конкурстық іс-шаралар «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық ж...

    3 маусым 2026 ж. – 30 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    ІЛЕ АУДАНЫНДА ЖЫЛЫНА 100 МЫҢ КОНТЕЙНЕР ӨҢДЕЙТІН ЖАҢА МУЛЬТИМОДАЛЬДЫ ТЕРМИНАЛ АШЫЛДЫ

    Алматы облысының Іле ауданында Kusto Group компаниясының ірі инфрақұрылымдық жобасы – Kusto Logistics Terminal мультимодальды контейнерлік терминалы техникалық іске қосылды. Жаңа кешеннің жобалық қуаттылығы жылына 100 мың TEU-ды құрайды. Терминалдың ашылу салтанатына Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, Kusto Gro...

    14 тамыз 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Коммуналдық меншік объектісін (бұрынғы кинотеатр ғимараты) сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі ашық тендердің өткізілетіні туралы

    Алматы облысында пайдаланылмай жатқан, бос тұрған және иесіз коммуналдық меншік объектілерін анықтау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында мемлекеттік мүлікке жүйелі түгендеу жұмыстары жүзеге асырылуда. Аталған жұмыстардың нәтижесінде нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмай отырған объектілер айқындалып, оларды ода...

    27 шілде 2026 ж. – 6 тамыз 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Коммуналдық меншік объектісін сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі ашық тендердің өткізілетіні туралы

    Алматы облысында пайдаланылмай жатқан, бос тұрған және иесіз коммуналдық меншік объектілерін анықтау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында мемлекеттік мүлікке жүйелі түгендеу жұмыстары жүзеге асырылуда. Аталған жұмыстардың нәтижесінде нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмай отырған объектілер айқындалып, оларды ода...

    27 шілде 2026 ж. – 6 тамыз 2026 ж.Тікелей