Жаңа кезең, тың идея

    Кезең
    Алматы уақыты (UTC+5)
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    ОтырысАяқталды

    3 қараша күні Өтеген батыр ауылындағы №7 орта мектепте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіруге арналған аудан тұрғындарымен кездесу өтті.

    Шараға республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері, әлеуметтік қорғау және білім беру саласының мамандары, қоғамдық ұйымдар, аудан тұрғындары, жастар мен БАҚ өкілдері қатысты.

    Кездесудің мақсаты — Президент Жолдауындағы стратегиялық міндеттерді түсіндіру, ел дамуына арналған бастамаларды талқылау және халықпен ашық пікір алмасу болды.

    Жиынға Іле аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Мәден Мұсаев модераторлық етіп, Жолдаудағы басым бағыттардың өңір дамуы үшін маңыздылығын атап өтті.

    Мемлекет басшысының Жолдауы – еліміздің алдағы даму бағытын айқындайтын маңызды стратегиялық құжат. Онда көтерілген бастамалардың барлығы халықтың әл-ауқатын арттыруға, экономиканы нығайтуға және өңірлердің әлеуетін дамытуға бағытталған. Біздің басты міндетіміз – осы бастамаларды нақты істермен жүзеге асыруға атсалысу. Бұл ретте қоғаммен ашық диалог орнатудың маңызы зор», – деді ол өз сөзінде.

    Кездесуде алғашқы болып сөз алған ақын, журналист, публицист, қоғам қайраткері, Ұлттық Құрылтайдың І шақырылымының депутаты Жанарбек Әшімжанов Жолдаудың тарихи және қоғамдық маңызына тоқталды. Ол ел дамуының жаңа кезеңінде ұлттық құндылықтарды ұлықтау, қоғам бірлігі мен азаматтық жауапкершілікті арттырудың өзектілігін алға тартты.

    Қоғам қайраткерінің айтуынша, мемлекеттің өсіп-өркендеуі тек экономикалық көрсеткіштермен шектелмейді. Рухани даму, білімді ұрпақ тәрбиесі және ортақ мүдде жолындағы қоғамдық келісім – ел болашағының берік іргетасы.

    Сонымен қатар, сөз кезегін алған Ұлттық Құрылтайдың І шақырылымының депутаты Мейраш Шынасылова адами капиталды нығайту, білім беру сапасын арттыру және жастарға қолдау көрсету мәселелеріне тоқталды.

    «Еліміздің тұрақты дамуының негізгі тірегі – білімді, білікті әрі еңбекқор азаматтар. Бүгінде ғылым мен технология қарқынды дамып, еңбек нарығына жаңа талаптар қойылуда. Сондықтан жастардың сапалы білім алып, кәсіби толысуына және өз потенциалын жүзеге асыруына жағдай жасау — ел болашағына салынған ең маңызды инвестиция», – деп атап өтті ол.

    Сонымен бірге депутат қоғамдағы белсенді азаматтардың, жастар мен үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік бастамаларды іске асырудағы рөлін баса айтып, ел дамуына әрбір азаматтың үлес қосуы маңызды екенін жеткізді.

    Өз кезегінде Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Тұяқбаев әлеуметтік саясаттың басты бағыттарын баяндады.
    Ол халықты тұрақты жұмыспен қамту, еңбек нарығының сұранысына сай мамандар даярлау, әлеуметтік қолдау шараларының тиімділігін арттыру және азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау мәселелеріне ерекше назар аударды.

    Вице-министрдің сөзінше, азаматтардың әл-ауқатын жақсарту үшін жаңа жұмыс орындарын ашумен қатар, халықтың кәсіби біліктілігін арттыруға және әлеуметтік осал санаттағы тұрғындарға арналған көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге басымдық беріледі.

    Жиын барысында Мемлекет басшысы Жолдауында белгіленген негізгі басымдықтар — инфрақұрылым мен құрылысты дамыту, салық жүйесін жетілдіру, бизнесті қолдау, ғылым, технология мен адами капиталды нығайту және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру мәселелері жан-жақты талқыланды.

    Бұл орайда Іле ауданы үшін инженерлік-әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту, инвестиция тарту, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру, сондай-ақ халыққа көрсетілетін әлеуметтік қызмет сапасын көтеру түйінді міндеттер ретінде ерекше атап өтілді.

    Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Мұндай еркін форматтағы жиындар мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын халыққа кеңінен түсіндіріп қана қоймай, билік пен қоғам арасындағы сындарлы байланысты нығайтуға ықпал етеді.

    Жиын соңында Іле аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Мәден Мұсаев ауданға арнайы келіп, маңызды мәселелер төңірегінде тұшымды ой бөлліскен республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелеріне ризашылығын білдірді.

    Сондай-ақ ол Жолдауда белгіленген міндеттерді табысты жүзеге асыруда мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың және аудан тұрғындарының бірлескен әрі жүйелі жұмысы ерекше маңызды екенін атап өтті.

    Ұқсас материалдар

    ОтырысАяқталды

    БАЙСЕРКЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    Ауданымызда Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіруге бағытталған ақпараттық-түсіндіру кездесулері жалғасуда. Кезекті кездесу Байсерке ауылындағы №12 орта мектепте өтіп, ауыл тұрғындарын, білім саласының өкілдері мен белсенді жастарды жинады. Шарада ел дамуының басым бағыттары, инфрақұрылымды дамыту, ә...

    3 қараша 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    ҰСТАЗДАР ҚАУЫМЫ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫНЫҢ БАҒЫТ-БАҒДАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

    Ауданымызда Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіруге бағытталған ақпараттық-түсіндіру кездесулері жалғасуда. Кезекті кездесу Байсерке ауылындағы №28 мектеп-гимназияда өтіп, білім саласының өкілдері мен ұстаздар қауымын жинады. Жиында ел дамуының басым бағыттары, әлеуметтік қолдау, білім беру сапасы жә...

    3 қараша 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    ЖОЛДАУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    Ауданымызда Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын түсіндіруге бағытталған ақпараттық кездесулер жалғасуда. Кезекті жиын Іле аудандық ауруханасында өтіп, оған республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының өкілдері мен медицина қызметкерлері қатыст...

    3 қараша 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    ІЛЕ АУДАНЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНДАҒЫ БАСЫМ БАҒЫТТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

    Іле ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіруге арналған кездесу өтті. Жиында ел дамуының стратегиялық бағыттары, экономикалық өсім, әлеуметтік саясат және мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мәселелері сөз болды....

    3 қараша 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    ХАБАРЛАНДЫРУ Ұйымның заңды мекенжайының (орналасқан жерінің) өзгеруіне байланысты конкурс өткізу туралы

    «Іле ауданы бойынша білім бөлімі» ММ-сі келіп түскен өтінім негізінде мемлекеттік білім беру тапсырысын жүзеге асыратын заңды мекенжайын (нақты орналасқан жерін) өзгерту бойынша конкурстық рәсімдер өткізілетіні туралы хабарлайды. Аталған конкурстық іс-шаралар «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық ж...

    3 маусым 2026 ж. – 30 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    ІЛЕ АУДАНЫНДА ЖЫЛЫНА 100 МЫҢ КОНТЕЙНЕР ӨҢДЕЙТІН ЖАҢА МУЛЬТИМОДАЛЬДЫ ТЕРМИНАЛ АШЫЛДЫ

    Алматы облысының Іле ауданында Kusto Group компаниясының ірі инфрақұрылымдық жобасы – Kusto Logistics Terminal мультимодальды контейнерлік терминалы техникалық іске қосылды. Жаңа кешеннің жобалық қуаттылығы жылына 100 мың TEU-ды құрайды. Терминалдың ашылу салтанатына Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, Kusto Gro...

    14 тамыз 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Коммуналдық меншік объектісін (бұрынғы кинотеатр ғимараты) сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі ашық тендердің өткізілетіні туралы

    Алматы облысында пайдаланылмай жатқан, бос тұрған және иесіз коммуналдық меншік объектілерін анықтау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында мемлекеттік мүлікке жүйелі түгендеу жұмыстары жүзеге асырылуда. Аталған жұмыстардың нәтижесінде нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмай отырған объектілер айқындалып, оларды ода...

    27 шілде 2026 ж. – 6 тамыз 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Коммуналдық меншік объектісін сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі ашық тендердің өткізілетіні туралы

    Алматы облысында пайдаланылмай жатқан, бос тұрған және иесіз коммуналдық меншік объектілерін анықтау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында мемлекеттік мүлікке жүйелі түгендеу жұмыстары жүзеге асырылуда. Аталған жұмыстардың нәтижесінде нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмай отырған объектілер айқындалып, оларды ода...

    27 шілде 2026 ж. – 6 тамыз 2026 ж.Тікелей