Соңғы 12 ай ішінде отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 2,60 трлн теңгеге артты

    Іле ауданының әкімдігі

    Қазақстандықтардың «БЖЗҚ» АҚ-дағы (БЖЗҚ, Қор) зейнетақы жинақтарының көлемі2026 жылдың 1 қазанына 28,30 трлн теңгеге жетті.12 айдағы өсім – 2,60 трлн теңге немесе 10,0%. Негізгі бөлігі міндетті зейнетақы жарналарынан (МЗЖ) қалыптасқан қаражаттан тұрады, олардың көлемі – 26,13 трлн теңге, 12 айда 1,73 трлн теңгеге немесе 7,1% өсті.

    Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары 732,80 млрд теңге болды.

    Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақ көлемі де ұлғайды: 2026 жылғы 1 қазанға оның көлемі 10,35 млрд теңге болып, 12 айда 6,4% өсім көрсетті.

    Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) 12 ай ішінде 2,4 есеге ұлғайып, 2026 жылдың 1 қазанына1 429,89млрд теңгеболды.

    Түсімдер

    Зейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды. 2026 жылдың 9 айында салымшылардың жеке және шартты зейнетақы шоттарына2 738,10млрд теңгетүсті, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 15,7%-ға (немесе371,90млрд теңгеге) артық.

    МЗЖ есебі жүргізілетін жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) 2026 жылдың басынан бастап 2026 жылғы 1 қазанға дейін2 091,42млрд теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 7,9%-ға ұлғайды), МКЗЖ – 113,50 млрд теңге (өсім – 12,7%), ЕЗЖ – 1,62 млрд теңге түсті. Жыл басынан бастап 01.10.2026ж. жағдай бойынша ЖМЗЖ есебінен жарналар531,55млрд теңгені құрады.

    Жыл басынан бері салымшылардың шоттарына түскен таза инвестициялық кіріс 01.10.2026ж. жағдай бойынша882,28 млрдтеңгені құрады.

    Төлемдер мен аударымдар

    2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар1402,37млрд теңгеніқұрады.

    Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер223,61млрд теңгеге жетті. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты кесте бойынша берілетін орташа айлық төлем – 39 028 теңге.

    2026 жылдың басынан бастап 01.10.2026 жылға тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) 490,04 млрд теңге,мұрагерлік бойынша 77,26 млрд теңге, ҚР-дан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты 37,30 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға – 2,62 млрд теңге, жерлеуге – 7,14 млрд теңге көлемінде төлем жасалды. Сақтандыру ұйымдарына 564,40 млрд теңге аударылды.

    ЖЗШ саны

    2026 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны – 19,11 млн бірлік (12 айдағы өсім – 1,14 млн бірлік немесе 6,3%). Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2026 жылдың 1 қазанында 12,90 млн бірлік болды. Оның ішінде: 11,44 млн - МЗЖ бойынша, 798,39 мыңы - МКЗЖ бойынша, 466,12 мыңы – ЕЗЖ есептелетін шоттар. Айта кетейік, МЗЖ есебі жүргізілетін шоттардың жалпы санына (11,44 млн бірлік) елден тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткен, бірақ жинақтарын алу үшін жүгінбеген алушылардың, мұрагерлері зейнетақы жинақтарын мұраға ресімдемеген қайтыс болған салымшылардың, 2016 жылдан бастап зейнетақымен мемлекеттік қамсыздандырылуға толық ауыстырылған әскери қызметшілердің және шоттарына Қазақстан заңнамасына сәйкес жарналар түспеуі тиіс салымшылардың (алушылардың) басқа да санаттарының шоттары кіреді.

    БЖЗҚ-дағы ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны - 6,21 млн бірлік .

    Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және аналитика» бөлімінде орналастырылған.

    БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы жәнеакционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kz сайтында).

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысының салымшылары зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына беру бойынша ең белсенді өңірлер қатарында

    2026 жылғы қыркүйектен бастап заңнамалық өзгерістер күшіне енді. Оған сәйкес салымшылар өз таңдауы бойынша ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған жинақтарын, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары мен мінде...

    Іле ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары: инвестициялық кірістің маңызы

    Инвестициялық кірістің қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын қалыптастырудағы маңызы арта түсті. 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша зейнетақы активтері 2014 жылы БЖЗҚ-ға біріктірілген сәттен бастап жинақталған инвес...

    Іле ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Жыл басынан бері БЖЗҚ көрсеткен қызметтер саны 40 миллионнан асты

    «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) – Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің бірыңғай операторы, ол зейнетақы жинақтарының сенімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді. Оның негізгі міндеті – азаматтар...

    Іле ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

    Келісімнің қабылдану тарихы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2019 жылғы 20 желтоқсанда қабылданған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім (бұдан әрі – Келі...

    Іле ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді

    Бұрын қалай болды? 2021 жылдан бастап салымшыларға өздерінің зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын бөлігін жеке басқарушы компанияларға беру құқығы берілді. 2023 жылғы шілдеде күшіне енген Әлеуме...

    Іле ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдардың тізбесі Іле ауданы бойынша

    Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне ұшыраған лауазым Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері Сыбайлас жемқорлық тәуекелдер інің деңгейі «Іле ауданының кәсіпкерлік бөлімі»ММ Бө...

    Іле ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының депутаттығына тіркелген кандидаттар

    Іле ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшерлерін белгілеу туралы

    Іле ауданының әкімдігіЖарияланды: