ЖОЛДАУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    Кезең
    Алматы уақыты (UTC+5)
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Ауданымызда Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын түсіндіруге бағытталған ақпараттық кездесулер жалғасуда. Кезекті жиын Іле аудандық ауруханасында өтіп, оған республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының өкілдері мен медицина қызметкерлері қатысты.

    Кездесуді Іле аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Мәден Мұсаев жүргізді. Ол басқосу барысында Жолдауда белгіленген негізгі міндеттерге тоқталып, олардың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызын атап өтті.

    Жиынға арнайы келген Ұлттық Құрылтайдың І шақырылымының депутаты, ақын, журналист, публицист және қоғам қайраткері Жанарбек Әшімжанов, Ұлттық Құрылтайдың І шақырылымының депутаты Мейраш Шынасылова және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Тұяқбаев өз бағыттары бойынша баяндама жасады.

    Спикерлер инфрақұрылым мен құрылыс саласын дамыту, салық жүйесін жетілдіру, кәсіпкерлікті қолдау, адами капиталды арттыру, ғылым мен технологияны ілгерілету секілді Жолдауда қамтылған басымдықтарды түсіндірді. Сондай-ақ аталған бастамалардың жүзеге асуында әр саланың, соның ішінде денсаулық сақтау жүйесінің де өзіндік орны бар екені айтылды.

    Кездесу барысында халықты әлеуметтік қорғау саласындағы өзгерістерге де ерекше назар аударылды. Ербол Тұяқбаев қазіргі мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау тәртібі мен алдағы уақытта енгізілетін жаңашылдықтар жөнінде ақпарат берді.

    Жаңа тәртіптің негізгі мақсаты – мемлекеттік көмекті шынайы мұқтаж азаматтарға бағыттау. Сонымен қатар мүгедектігі бар балаларға, I және II топтағы мүгедектігі бар адамдарға, ата-анасынан айырылған балаларға және заңда көрсетілген өзге де санаттарға арналған бірқатар әлеуметтік кепілдіктер сақталатыны түсіндірілді.

    Бұл ретте қолданыстағы әлеуметтік қолдау тетіктерінің азаматтарға беретін мүмкіндіктері, жәрдемақы алуға құқығы бар санаттар және оларды тағайындау талаптары жөнінде де кеңінен мәлімет берілді.

    Жиын соңында қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, спикерлерден нақты жауаптар алды. Ашық пікір алмасу форматында өткен кездесу мемлекеттік саясаттағы өзгерістерді түсінуге және әлеуметтік қолдау шаралары туралы ақпараттандыруға мүмкіндік берді.

    Ұқсас материалдар

    ОтырысАяқталды

    БАЙСЕРКЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    Ауданымызда Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіруге бағытталған ақпараттық-түсіндіру кездесулері жалғасуда. Кезекті кездесу Байсерке ауылындағы №12 орта мектепте өтіп, ауыл тұрғындарын, білім саласының өкілдері мен белсенді жастарды жинады. Шарада ел дамуының басым бағыттары, инфрақұрылымды дамыту, ә...

    3 қараша 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    ҰСТАЗДАР ҚАУЫМЫ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫНЫҢ БАҒЫТ-БАҒДАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

    Ауданымызда Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіруге бағытталған ақпараттық-түсіндіру кездесулері жалғасуда. Кезекті кездесу Байсерке ауылындағы №28 мектеп-гимназияда өтіп, білім саласының өкілдері мен ұстаздар қауымын жинады. Жиында ел дамуының басым бағыттары, әлеуметтік қолдау, білім беру сапасы жә...

    3 қараша 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Жаңа кезең, тың идея

    3 қараша күні Өтеген батыр ауылындағы №7 орта мектепте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіруге арналған аудан тұрғындарымен кездесу өтті. Шараға республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері, әле...

    3 қараша 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    ІЛЕ АУДАНЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНДАҒЫ БАСЫМ БАҒЫТТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

    Іле ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіруге арналған кездесу өтті. Жиында ел дамуының стратегиялық бағыттары, экономикалық өсім, әлеуметтік саясат және мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мәселелері сөз болды....

    3 қараша 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    ХАБАРЛАНДЫРУ Ұйымның заңды мекенжайының (орналасқан жерінің) өзгеруіне байланысты конкурс өткізу туралы

    «Іле ауданы бойынша білім бөлімі» ММ-сі келіп түскен өтінім негізінде мемлекеттік білім беру тапсырысын жүзеге асыратын заңды мекенжайын (нақты орналасқан жерін) өзгерту бойынша конкурстық рәсімдер өткізілетіні туралы хабарлайды. Аталған конкурстық іс-шаралар «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық ж...

    3 маусым 2026 ж. – 30 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    ІЛЕ АУДАНЫНДА ЖЫЛЫНА 100 МЫҢ КОНТЕЙНЕР ӨҢДЕЙТІН ЖАҢА МУЛЬТИМОДАЛЬДЫ ТЕРМИНАЛ АШЫЛДЫ

    Алматы облысының Іле ауданында Kusto Group компаниясының ірі инфрақұрылымдық жобасы – Kusto Logistics Terminal мультимодальды контейнерлік терминалы техникалық іске қосылды. Жаңа кешеннің жобалық қуаттылығы жылына 100 мың TEU-ды құрайды. Терминалдың ашылу салтанатына Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, Kusto Gro...

    14 тамыз 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Коммуналдық меншік объектісін (бұрынғы кинотеатр ғимараты) сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі ашық тендердің өткізілетіні туралы

    Алматы облысында пайдаланылмай жатқан, бос тұрған және иесіз коммуналдық меншік объектілерін анықтау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында мемлекеттік мүлікке жүйелі түгендеу жұмыстары жүзеге асырылуда. Аталған жұмыстардың нәтижесінде нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмай отырған объектілер айқындалып, оларды ода...

    27 шілде 2026 ж. – 6 тамыз 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Коммуналдық меншік объектісін сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі ашық тендердің өткізілетіні туралы

    Алматы облысында пайдаланылмай жатқан, бос тұрған және иесіз коммуналдық меншік объектілерін анықтау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында мемлекеттік мүлікке жүйелі түгендеу жұмыстары жүзеге асырылуда. Аталған жұмыстардың нәтижесінде нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмай отырған объектілер айқындалып, оларды ода...

    27 шілде 2026 ж. – 6 тамыз 2026 ж.Тікелей