Құрылым — Алматы қаласының әкімдігі

    Алматы қаласының әкімдігі құрылымы: ведомстволық бағынысты органдар мен ұйымдар.

    Алмалы ауданы әкімінің аппараты

    Алмалы ауданы Әкімінің аппараты

    Алмалы ауданы — Алматы қаласының орталық бөлігіндегі әкімшілік-аумақтық бірлігі, Алматының қоғамдық және мәдени өмір орталығы.Құрылған күні 1936 жылы 14 қыркүйекте құрылған. Аудан шекарасы: Назарбаев даңғылы-Абай даңғылы - "Сайран" көлінің шығыс жаңы-Райымбек даңғылы. Аудан аумағы 18,4 ш. км. халық саны 273 мыңнан аса адам құрайды.Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің қызметін ақпараттық - талдау, ұйымдық - құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

    almaty-almaly

    Алатау ауданы әкімінің аппараты

    Алатау ауданы Алматы қаласының батыс бөлігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік, белсенді дамып келе жатқан аудан.4 шілде 2008 жылы құрылды. Ауданның шекаралары: Райымбек даңғылы, Орталық, Жаужүрек, Шоссейная, Қожабеков көшелері, Солтүстік айналма жол, Кудерин көшесі.Ауданның аумағы — 104,95 км². Халқының саны — 364 000 адам. Алатау ауданы әкімінің аппараты аудан әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жұмыстарын жүзеге асырады.

    almaty-alatau

    Жетісу ауданы әкімінің аппараты

    Жетісу ауданы-Алматы қаласының әкімшілік-аумақтық бірлігі. 1936 жылы Ленин ауданы ретінде құрылған. 1995 жылы 12 желтоқсанда Жетісу ауданы болып өзгертілді. 1998 жылғы 1 шілдеде "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы"ҚР Заңы қабылданды. Заң Алматы қаласының ғылыми, мәдени, тарихи, қаржылық және өндірістік орталық ретіндегі ерекшеліктеріне сүйене отырып, оның одан әрі дамуының кепілі болып табылатын ерекше мәртебесінің құқықтық негіздерін белгіледі, қаржылық, экономикалық және әлеуметтік ынталандыру шараларын белгілеу арқылы Алматының ерекше мәртебесі қала әкімдігі мен мәслихатының өкілеттіктерін едәуір кеңейтті. 1998 жылдың 1 қаңтарына Алматы аумағы 23 300 га құрады. 1998 жылғы 2 қазанда ҚР Президентінің 1998 жылғы 29 сәуірдегі Жарлығына сәйкес Жетісу ауданы аумағының құрамына Іле ауданынан 445 га енгізілді. 2000 жылдың 1 қаңтарына Жетісу ауданының аумағы 5100 га құрады, тұрақты халық саны 141,4 мың. Алматы мәслихаты мен Алматы қаласы әкімінің II шақырылған XXV сессиясының 2003 жылғы 11 маусымдағы бірлескен шешімімен қала шегіне қосылған елді мекендер Жетісу ауданының мынадай шағын аудандары болып қайта аталды: * Қарасу кенті "Қарасу" шағын ауданы; * Өжет кенті "Өжет" шағын ауданына; * Шығыс Таңы кенті "Шығыс Таңы" шағын ауданы; * Красный Трудовик кенті "Трудовик" шағын ауданы; * Құрылыс кенті "Құрылысшы"шағын ауданына өзгертілді. Төртінші сайланған Алматы қаласы Мәслихатының ХІ сессиясының 2008 жылғы 2 шілдедегі №109 және Алматы қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 4 шілдедегі №3/490 бірлескен шешімімен Жаңа Алатау ауданының құрылуына байланысты Жетісу ауданының жаңа шекарасы белгіленді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі №798 Жарлығымен Жетісу ауданына Алматы облысының, Іле ауданының, "Первомайка"кентінің аумағы бекітілді.

    almaty-zhetysu

    Медеу ауданы әкімінің аппараты

    Құрылған уақыты– 1936 жылдың қазан айы Алаңы–Медеу ауданының аумағы 253,4 ш.км құрайды, немесе 37% қала көлемінде Халқы–242 100адам Медеу ауданы- Алматы қаласының элиталы ірі әкімшілік, өнеркәсіпті және мәдени орталығы болып саналады. Ескі атауы - Фрунзе ауданы. 1995 жылдан бері Медеу деп өзгертілген. Аудан шекарасы:Әл-Фараби даңғылынан солтүстікке қарай Фурманов көшесінің шығыс жағымен Райымбек даңғылына дейін; Райымбек даңғылының оңтүстік жақ бойымен шығысқа қарай Кіші Алматы өзеніне дейін; Кіші Алматы өзенінің шығыс жағымен солтүстікке қарай қала шекарасына дейін; қала шекарасы бойымен қиылысқа дейін Көктөбе шипажайы жолымен Әл-Фараби даңғылына дейін; Әл-Фараби даңғылы бойымен солтүстік-шығысқа қарай Атырау, Думан, Көктөбе, Көктөбе-2, Жаңа-Көктөбе, Бутаковка, Тау-Самал, Медеу шатқалы, Шымбұлақ, Алатау ықшам аудандарын қоса Фурманов көшесіне дейін.

    almaty-medeu

    Түрксіб ауданы әкімінің аппараты

    Түрксіб ауданы-қаланың ең көне аудандарының бірі. Құрылған 1938 жылы 19 сәуірде қаланың солтүстік бөлігінде орналасқан. 1957 жылы шілдеде Қағанов ауданы Октябрь ауданы болып өзгертілді. 1995 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күнін мерекелеуге және Түркістан-Сібір теміржолы құрылысының алдағы жетпіс жылдығына байланысты аудан Түрксіб деп өзгертілді. Аудан экономиканың тұрақты және серпінді дамуымен қаланың өнеркәсіптік ауданы, әуе және теміржол қақпасы болып табылады. Шекаралары: Алматы-Қапшағай тас жолымен солтүстік-шығыс бағытта, Сұлтан Қарасу өзенінің арнасымен қиылысқа дейін, шығысқа қарай Есентай өзенінің арнасымен қиылысқа дейін, Сүйінбай даңғылымен оңтүстік-шығыс бағытта (оңтүстік жағы), Әлмерек шағын ауданының шығыс шекарасымен Алматы халықаралық әуежайы аумағының солтүстік-батыс бағытымен қиылысқа дейін, Құлжа трактісіне дейін, Құлжа трактінің бойымен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Рысқұлов даңғылына дейін, Рысқұлов даңғылымен батысқа қарай (солтүстік жағы) Жансүгіров көшесімен қиылысқа дейін, Рысқұлов даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысынан солтүстік бағытта Жансүгіров көшесімен Алматы-Қапшағай тас жолына дейін. Аудан аумағы 7575,5 га (75,75 шаршы км), халқы 267 мыңнан асады. Аудан құрамына 14 шағын аудан (Жұлдыз-1,2, Алтай-1,2, Төменгі бесжылдық, 13 және 16 ә/қ, Маяк, Авиатор б/қ, Жас Қанат, Шуақты, Қайрат, Әлмерек, Нұршашқан ш/а) кіреді). КТЖ (көппәтерлі тұрғын үйлер) ауданында-1317, оның ішінде 586 ескі тұрғын үй, жеке үйлер-25 243. Ауданда 33 ірі өнеркәсіптік кәсіпорын бар, олардың ішіндегі ең ірілері: "Қазферросталь" ЖШС, "АЗМК" ЖШС, "Hyundai Trans Auto" ЖШС, "ЭФКО Алматы" ЖШС, "Маслодел", "Алина Групп". Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес «Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы - ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету деп белгіленген.

    almaty-turksib

    Бостандық ауданы әкімінің аппараты

    Бостандық ауданы - Алматы қаласының оңтүстік-шығысында орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығына сәйкес, 1966 жылы Алматы қаласының Калинин ауданы Кеңес ауданын тарату есебінен және қала аумағын іргелес жерлер есебінен кеңейтуге байланысты құрылды. 1996 жылы Калинин және Алатау аудандарынан бөлініп, Бостандық ауданы ұйымдастырылды.Ауданның алып жатқан ауданы 9 943,2 га, халық саны 335 456 адамды құрайды. Бостандық ауданы - қаланың орталық және ірі аудандарының бірі.Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты аудан әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.

    almaty-bostandyk

    Әуезов ауданы әкімінің аппараты

    Әуезов ауданы — Алматы қаласының батыс бөлігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлігі. Аудан 1972 жылдың наурыз айында құрылып, белгілі қазақ жазушысы Мұхтар Әуезовтің құрметіне аталған. Аудан шекарасы: Райымбек батыр даңғылы - Қарғалы өзені - Үлкен Алматы өзені. Оңтүстік жағы Бостандық ауданымен шектеседі.Аудан аумағы 2,35 мың га құрайды, ал халық саны 358 мың адамнан асады. Алматы қаласының Әуезов ауданы әкімі аппараты аудан әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

    almaty-auezov

    Наурызбай ауданы әкім аппараты

    Әкімдік туралы Наурызбай ауданы Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 3/522 бірлескен қаулысына және "Наурызбай ауданын құру және Алматы қаласы аудандарының шекараларын белгілеу туралы" V сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2014 жылғы 2 шілдедегі ХХІХ сессиясының № 240 шешіміне сәйкес құрылды. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы " Заңына сәйкес Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты " коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету міндеттерін айқындайды."Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35, 38-баптарында, " Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы " Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығында айқындалған. Наурызбай ауданы Алматы қаласының сегіз әкімшілік-аумақтық аудандарының бірі болып табылады, 2014 жылдың 2 шілдесінде аумағы Ауезов, Бостандық аудандары мен Алматы облысының Қарасай ауданынан бөлініп құрылды. Аудан аумағы 6 967 га. Халқының саны (мың адам) 220 187. Ауданның шекаралары: Ақсай және Қарғалы өзендері, Райымбек даңғылы (Ташкент көшесі), баубақша серіктестіктері. Наурызбай ауданы әкімінің аппараты ақпараттық-талдамалық, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметтерін атқарады.

    almaty-nauryzbai