Қызметкерлер — Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы

    Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    2
    Айтжанов Жантөре Жарылкасынұлы
    Қызметкерлер

    Айтжанов Жантөре Жарылкасынұлы

    Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқарма басшысының орынбасары

    1989 жылы 14 мамырда Жамбыл облысы Жаңатас қаласында дүниеге келген. 2005-2008 жылдары Алматы техникалық колледжін бітіргеннен кейін шекара әскерінде 1 жыл әскер қатарында болды. 2011 жылы университетті «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша бітірді, содан кейін квазимемлекеттік сектор ұйымдарында жұмыс істеді және 23 жасында «Қазгидромет» РМК Филиалының ақпараттық технологиялар мекемесінде басқарма басшысы болды. 2020 жылы ол экономика мамандығы бойынша екінші жоғары білім алды.

    Кабдрашев Алмас Рамазанұлы
    Басқарма басшысының орынбасары

    Кабдрашев Алмас Рамазанұлы

    Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқарма басшысының орынбасары

    Алмас Рамазанұлы Қабдрашев 1993 жылғы 14 қарашада Қарағанды облысы Теміртау қаласында дүниеге келген. 2015 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2016 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандығы бойынша аяқтаған. 2018 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

    Бөлім

    9
    Бопан Аяжан Асанқызы
    Бөлім басшысы

    Бопан Аяжан Асанқызы

    Коммуналдық ұйымдарды басқару, сенімгерлік басқару және жекешелендіру бөлімінің басшысы

    1999 жылы 10 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. 2020 жылы "Нархоз" университетін қаржы мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Сейдахметова Динара Секенқызы
    Бөлім басшысы

    Сейдахметова Динара Секенқызы

    Орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды бақылау бөлімінің басшысы

    1991 жылы 16 маусымда Алматы облысы Талдықорған қаласында дүниеге келген . 2015 жылы Ө. Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясын " Қаржы " мамандығы бойынша бітірген .

    Жандосова Жанаркүль Әлівақасовна
    Қызметкерлер

    Жандосова Жанаркүль Әлівақасовна

    Қаржылық есептілікті шоғырландыру бөлімінің басшысы

    1973 жылы 9 тамызда Алматы облысы Жамбыл ауданында дүниеге келген. 1993 жылы Алматы кеңестік сауда техникумын "бухгалтер"мамандығы бойынша бітірді. 2007 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін "Есеп және аудит"мамандығы бойынша бітірді.

    Мүслімова Әсел Жеңісқызы
    Бөлім басшысы

    Мүслімова Әсел Жеңісқызы

    Бухгалтерлік есеп бөлімінің басшысы

    1985 жылғы 30 тамызда Жамбыл облысы, Шу қаласында туған. Жоғары білімі бар: 2007 жылы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Экономист», 2011 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Күмісбаева Мира Әльбергенқызы
    Қызметкерлер

    Күмісбаева Мира Әльбергенқызы

    Мемлекеттік сатып алу мониторингі және тапсырыс берушілермен жұмыс бөлімінің басшысы

    1977 жылы 9 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. 2001 жылы Экономика және құқық академиясын "Заңгер"мамандығы бойынша аяқтады. 2007 жылы Орталық Азия университетін "Қаржыгер"мамандығы бойынша бітірген.

    Асқар Нұрлан Асқарұлы
    Қызметкерлер

    Асқар Нұрлан Асқарұлы

    Мүліктік жалдау бөлімінің басшысы

    1986 жылы 16 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген. 2008 жылы Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін техника және технология бакалавры мамандығы бойынша бітірген. "Қатардағы жауынгер/матрос"әскери атағы бар.

    Ізбасқанова Гүльнара Елбатырқызы
    Қызметкерлер

    Ізбасқанова Гүльнара Елбатырқызы

    Коммуналдық активтерді басқару және тәркіленген мүлік жөніндегі бөлімінің басшысы

    1979 жылы 22 желтоқсанда Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2000 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын экономист мамандығы бойынша бітірген. 2009 жылы Экономика және құқық академиясын заңгер мамандығы бойынша бітірген.

    Қайыпова Лаура Құрманғалиқызы
    Қызметкерлер

    Қайыпова Лаура Құрманғалиқызы

    Әкімшілік-құқықтық бөлімінің басшысы

    1982 жылы 9 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген . 2004 жылы Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ аспирантурасын " халықаралық құқық " мамандығы бойынша бітірген . 2005 жылы гожу Еуразиялық нарық институтына бірінші жоғары білім базасында оқуға түсті " менеджмент " Мамандығы және 30.05.2006 жылы мемлекеттік аттестаттау комиссиясының шешімімен " менеджмент бакалавры " біліктілігі және академиялық дәрежесі берілді . 2019 жылы Д . А . Қонаев атындағы Еуразия заң академиясының магистратурасына түсіп , 2021 жылы " заң ғылымдарының магистрі " дәрежесімен магистратураны бітірді .

    Рахимжан Данияр Құрманжанұлы
    Қызметкерлер

    Рахимжан Данияр Құрманжанұлы

    Бөлім басшысы МКМ "Алматы қаласының мемлекеттік активтер басқармасы"

    Данияр Құрманжанұлы 1989 жылғы 12 наурызда дүниеге келген. 2011 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін қаржы мамандығы бойынша тәмамдады.

    Басқа қызметкерлер

    2
    Елібаев Қайрат Оңдасынұлы
    Басқарма басшысы

    Елібаев Қайрат Оңдасынұлы

    Басқарма басшысы

    Қайрат Оңдасынұлы Елібаев 1980 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің құқықтану мамандығын бітірген. Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университетінің экономист бакалаврі.

    Халықов Дәурен Мұратбекұлы
    Қызметкерлер

    Халықов Дәурен Мұратбекұлы

    Басшының орынбасары МКМ "Алматы қаласының мемлекеттік активтер басқармасы"

    Дәурен Халықов 1986 жылы 14 қаңтарда Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылында дүниеге келген. 2007 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика және менеджмент факультетін тәмамдаған. 2009 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Менеджмент» мамандығы бойынша магистратурасын аяқтады.