
Өмірбаян
Қайрат Оңдасынұлы Елібаев 1980 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің құқықтану мамандығын бітірген. Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университетінің экономист бакалаврі.
Еңбек жолын 2002 жылы ҚР Мемлекеттік сатып алу агенттігінің жетекші маманы қызметінен бастады.
2005–2022 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Қаржы бақылауы және мемлекеттік сатып алу комитетінде бас маман, Бақылау іс-шараларын орындау басқармасы №2 бөлімінің басшысы, Мемлекеттік сатып алулар саласын бақылау басқармасы басшысының орынбасары, Қаржы бақылауы басқармасы №5 басқармасының басшысы; ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің Қаржы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаментінің директоры; ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы; ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының Кадрлар және ұйымдастырушылық-бақылау жұмысы бөлімінің басшысы; ҚР Жоғарғы Сотының Аппараты – Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары; «НК «ҚТЖ» АҚ Сатып алуларды үйлестіру және мониторинг департаментінің директоры қызметтерін атқарды.
2022 жылдан бастап Түркістан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы қызметін атқарды.
2024 жылғы 26 ақпаннан 2025 жылғы 8 желтоқсанға дейін Түркістан облысының Қаржы және мемлекеттік активтер басқармасының басшысы болды.
2025 жылғы 8 желтоқсанда Алматы қаласының әкімі қаулысымен Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасының басшысы болып тағайындалды.





