
Халықов Дәурен Мұратбекұлы
Басшының орынбасары МКМ "Алматы қаласының мемлекеттік активтер басқармасы"
Өмірбаян
Дәурен Халықов 1986 жылы 14 қаңтарда Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылында дүниеге келген.
2007 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика және менеджмент факультетін тәмамдаған.
2009 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Менеджмент» мамандығы бойынша магистратурасын аяқтады.
2010 жылғы 4 мамырдан 2013 жылғы 13 ақпанға дейін «Номад Иншуранс» АҚ Алматы қаласы филиалының бас маманы.
2012 жылдың 1 қарашасынан 2014 жылдың 14 желтоқсанына дейін Қарағанды қаласындағы «Semser security» ЖШС нысанының күзет бастығы.
2014 жылдың 15 желтоқсанынан 2015 жылдың 17 наурызына дейін Бостандық ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік сала бөлімі бас маманының міндетін атқарушы.
2015 жылдың 17 наурызынан 2015 жылдың 26 тамызына дейін Бостандық ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы.
2015 жылдың 26 тамызынан 2019 жылдың 1 шілдесіне дейін Әуезов ауданы әкімі аппаратының абаттандыру бөлімінің бас маманы.
2019 жылдың 1 шілдесінен 2021 жылдың 24 қыркүйегіне дейін Әуезов ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы.
2021 жылдың 24 қыркүйегінен 2023 жылдың 31 шілдесіне дейін Әуезов ауданы әкімі аппаратының басшысы.
2023 жылдың 1 тамызынан бастап Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.
