Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы

    Жалпы ақпарат

    «Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі коммуналдық меншікті иелену, пайдалану және билік ету, орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ Алматы қаласы бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілікті дайындау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру

    Жауап

    Әлеуетті өнім берушілердің осы Қағидалардың 172-тармағының 3) тармақшасына сәйкес веб-портал арқылы конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салулары келіп түскен кезде конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру мәтіні конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасында көрсетіледі. Осы Қағидалардың 40-тармағында көзделген жағдайда конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшеліктің, Шарттың және біліктілік талаптарының (бар болса) жобаларына ескертулер мен сұрау салулардың ережелерін түсіндіруді және (немесе) бас тартуды Тапсырыс беруші жүзеге асырады. Конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелік, шарт және біліктілік талаптары (бар болса) жобаларының ережелерін түсіндіру мәтіні конкурстық құжаттама жобасын алдын ала талқылау хаттамасында көрсетіледі.

    Сұрақ

    Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтару

    Жауап

    Тапсырыс беруші, ұйымдастырушы, Бірыңғай ұйымдастырушы не бірыңғай оператор Заңның 6-бабының 10-тармағында көрсетілген шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде конкурс, Аукцион, баға ұсыныстарын сұрату тәсілдерімен мемлекеттік сатып алуға қатысу кезінде әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін енгізілген қамтамасыз етуді қайтарады.

    Сұрақ

    Мемлекеттік сатып алу саласында ақпарат, оның ішінде қатысушылар туралы мәліметтер және өзге де ақпарат беру

    Жауап

    Алматы қаласының мемлекеттік активтер басқармасы жергілікті атқарушы органдардың (Алматы қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің) мемлекеттік сатып алулардағы саны мен қатысуы туралы ақпарат ұсыну жөніндегі сұрауды қарап, өз құзыреті шегінде төмендегіні хабарлайды. Қазақстан Республикасында мемлекеттік сатып алулар мемлекеттік сатып алулар саласындағы бірыңғай ақпараттық жүйе болып табылатын мемлекеттік сатып алулардың веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы электрондық форматта жүзеге асырылады. Порталдың мәліметтеріне сәйкес, сұрауда көрсетілген ақпарат мемлекеттік сатып алуға қатысушылар тізілімінде жоқ. Осыған байланысты Порталда сұратылған мәліметтер жоқ. Сонымен қатар мемлекеттік сатып алулар туралы мәліметтер Порталда ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық мүдделі тұлғалардың танысуы үшін қолжетімді.

    Сұрақ

    Әлеуетті өнім берушілердің коммерциялық ұсыныстары негізінде мемлекеттік сатып алуды жүргізу

    Жауап

    Ақпараттандыру және жұмыс барысында пайдалану мақсатында аталған коммерциялық ұсыныстар Алматы қаласының бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарына жолданады. Бұл ретте Алматы қаласының әрбір бюджеттік бағдарламалар әкімшісі және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары өз құзыреті шегінде және Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, тиісті мемлекеттік сатып алуды жүргізудің қажеттілігі мен орындылығы туралы шешімді дербес қабылдайды. Жолданған коммерциялық ұсыныстар ақпараттық сипатта болады және Алматы қаласының бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары мемлекеттік сатып алуды жоспарлау және жүзеге асыру барысында пайдалана алады.

    Сұрақ

    Жекешелендіру және сенімгерлік басқару объектілері туралы ақпаратты қай сайттан білуге болады?

    Жауап

    Жекешелендіру және сенімгерлік басқару объектілеріне қатысты барлық ақпарат мемлекеттік мүліктің e-qazyna.kz. веб-порталында орналастырылады, онда кез келген жеке және заңды тұлға қатыса алады.

    Сұрақ

    Объектіні сенімгерлік басқаруға беру қалай жүзеге асырылады?

    Жауап

    Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру Қағидаларына және мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартына сәйкес жүзеге асырылады. Қағидаларға сәйкес Коммуналдық меншіктегі заңды тұлғалар мен жылжымайтын мүлік объектілерін оңтайландыру мәселелері жөніндегі Комиссияның қарауына енгізілетін Объектіні сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі шарттарды дайындау және мерзімді айқындау жүргізіледі. Тиісті шешім қабылданғаннан кейін Алматы қаласы әкімдігінің қаулысы әзірленеді. Осыдан кейін, тендерлік комиссия өткізіледі. Содан кейін, мемлекеттік мүліктің e-qazyna.kz веб-порталында тендер өткізу туралы хабарлама жарияланады. Содан кейін, тендер өткізіліп, қорытындылар шығарылады. Тендер жеңімпазымен шарт жасалғаннан кейін, Объект қабылдау-тапсыру актісі бойынша сенімгерлікпен басқарушыға беріледі.

    Ақпарат

    САУДА-САТТЫҚ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

    Жарияланды:
    Ақпарат

    САУДА-САТТЫҚ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

    «Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы» КММ www.e-qazyna.kz Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында Алматы қаласының коммуналдық меншік объектілерін сату бойынша электрондық сауда-саттықтар өткізілетіндігі туралы хабарлайды.Алматы қаласының коммуналдық меншік объектілерін сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасына (бұдан әрі – Қағида) сәйкес жүзеге асырылады. 2026 жылғы 19 қарашадағы Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден бастап сағат 13:00-ге дейін өтетін электрондық тендерге (бірінші сауда-саттық) «Алматы қаласының салттық қызметтер көрсетудің арнаулы комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталындағы 49% мөлшеріндегі мемлекеттің қатысу үлесі шығарылады:Теңгерім ұстаушысы: «Алматы қаласының салттық қызметтер көрсетудің арнаулы комбинаты» ЖШСБайланыстағы тұлғалар: 8-771-411 44 10, 8-702-404-33-37.Орналасқан жері: Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Райымбек даңғылы, 235 үй. Кепілдік жарна бірыңғай оператордың деректемелеріне енгізіледі: Төлем алушы: «Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлік қоғамы; БСН: 050540004455, КНП: 171; Кбе:16; «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-дағы есептесу шоты (IBAN/ЖСК): KZ946017111000000330; БСК: HSBKKZKX.Төлемнің мақсаты: Тендерге қатысу үшін кепілдік жарна (кепілдік жарна мөлшеріне банктік қызмет көрсетулердің төлемі кірмейді).Кепілдік жарна мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың деректемелеріне хабарламада белгіленген нысанда және тәртіппен және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес енгізіледі. Кепілдік жарнаны қатысушы не қатысушының атынан кез келген жеке немесе заңды тұлға енгізеді.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау бойынша аналитикалық анықтама

    Талдамалық анықтама

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Іс шаралар жоспары 2026

    Іс шаралар жоспары 2026

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізімі

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізімі

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау бойынша аналитикалық анықтама

    Талдамалық анықтама

    Жарияланды: