Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру
Әлеуетті өнім берушілердің осы Қағидалардың 172-тармағының 3) тармақшасына сәйкес веб-портал арқылы конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салулары келіп түскен кезде конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру мәтіні конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасында көрсетіледі.
Осы Қағидалардың 40-тармағында көзделген жағдайда конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшеліктің, Шарттың және біліктілік талаптарының (бар болса) жобаларына ескертулер мен сұрау салулардың ережелерін түсіндіруді және (немесе) бас тартуды Тапсырыс беруші жүзеге асырады.
Конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелік, шарт және біліктілік талаптары (бар болса) жобаларының ережелерін түсіндіру мәтіні конкурстық құжаттама жобасын алдын ала талқылау хаттамасында көрсетіледі.