Коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіру қалай жүргізіледі?
Коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату Қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
Жекешелендіру объектісі Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарының төрағалығымен коммуналдық меншіктегі заңды тұлғалар мен жылжымайтын мүлік объектілерін оңтайландыру мәселелері жөніндегі Комиссияның қарауына коммуналдық меншік объектісін сату мәселесі шығарылады.
Тиісті шешім қабылданғаннан кейін Алматы қаласы әкімдігінің қаулысы шығарылады, жекешелендірілетін объектіге бағалау жүргізіледі, мемлекеттік мүліктің e-qazyna.kz. веб-порталында сауда-саттық өткізу туралы хабарлама жарияланады, содан кейін сауда-саттық өткізіліп, қорытындылар шығарылады. Сауда-саттық жеңімпазымен шарт жасалғаннан кейін және Объект сатып алушыға қабылдау-тапсыру актісі бойынша беріледі.