Объектіні сенімгерлік басқаруға беру қалай жүзеге асырылады?
Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру Қағидаларына және мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартына сәйкес жүзеге асырылады.
Қағидаларға сәйкес Коммуналдық меншіктегі заңды тұлғалар мен жылжымайтын мүлік объектілерін оңтайландыру мәселелері жөніндегі Комиссияның қарауына енгізілетін Объектіні сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі шарттарды дайындау және мерзімді айқындау жүргізіледі.
Тиісті шешім қабылданғаннан кейін Алматы қаласы әкімдігінің қаулысы әзірленеді.
Осыдан кейін, тендерлік комиссия өткізіледі.
Содан кейін, мемлекеттік мүліктің e-qazyna.kz веб-порталында тендер өткізу туралы хабарлама жарияланады.
Содан кейін, тендер өткізіліп, қорытындылар шығарылады. Тендер жеңімпазымен шарт жасалғаннан кейін, Объект қабылдау-тапсыру актісі бойынша сенімгерлікпен басқарушыға беріледі.