Мемлекеттік мүлікті жалға беруге беру жөніндегі тендер өткізу
Алматы қаласының мемлекеттік активтер басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) мемлекеттік мүлікті мүліктік жалға (арендаға) беру кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы №212 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалға (арендаға) беру қағидаларын» (бұдан әрі – Қағидалар) басшылыққа алады.
Қағидаларға сәйкес объект жөніндегі ақпарат мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы https://e-qazyna.kz мекенжайы бойынша заңды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдалана отырып, электрондық форматта орналастырылады.
Объектіні мүліктік жалға (арендаға) беру https://e-qazyna.kz веб-порталы арқылы тендер өткізу жолымен жүзеге асырылады.
Қағидалардың 31-тармағына сәйкес, тендер сейсенбіден жұмаға дейін, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңында көзделген демалыс және мереке күндерін қоспағанда, өткізіледі. Тендер Астана қаласының уақыты бойынша 10:00-ден 13:00-ге дейін басталып, өткізу күні аяқталады.
Қағидалардың 35-тармағына сәйкес, тендердің жеңімпазы тендерге қатысушы талаптарға сәйкес келген және объектіні жалға алу үшін ең жоғары жалдау ақысы мөлшерін ұсынған өтінім беруші болып танылады.