Артық және пайдаланылмайтын мүлікті кейіннен мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру үшін баланс ұстаушылардың объектілер туралы ақпаратты e-Qazyna веб-порталында ұсынуы.
Алматы қаласының мемлекеттік активтер басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) мемлекеттік мүлікті мүліктік жалға (арендаға) беру кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалға (арендаға) беру қағидаларын» (бұдан әрі – Қағидалар) басшылыққа алады.
Қағидаларға сәйкес артық және пайдаланылмайтын объектілерді мүліктік жалға (арендаға) беру үшін баланс ұстаушы (мемлекеттік заңды тұлғалар) объект жөніндегі ақпаратты осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Басқарманың атына ұсынады және заңды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдалана отырып, https://e-qazyna.kz веб-порталында электрондық форматта орналастырады.
Ақпаратта объектінің атауы, қысқаша сипаттамасы (саны, өлшем бірлігі), сондай-ақ объектінің кемінде үш түрлі ракурстан түсірілген фотосуреттерінің электрондық көшірмелері, техникалық паспортқа сәйкес орналасу сызбасы, орналасқан жері, нысаналы мақсаты және объектіні мүліктік жалға (арендаға) беру мерзімі көрсетілуі тиіс.