Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу
комитетінің Қылмыстық қауіп-қатерлер мен қоғамдық қауіпсіздік
тәуекелдерін болжау орталығы жаңа алаяқтық толқын туралы ескертеді.
Шетелдік дереккөздердің ақпараты бойынша
(https://www.theguardian.com/money/2026/mar/01/cleaning-superstore-the-missed-deliverytext-
scam-whatsapp, https://dzen.ru/a/aa5EsIuKNzrADYS3) зиянкестер жаппай
мессенджерлер мен SMS арқылы «жіберіп алған жеткізілім» туралы жалған
хабарламалар жібереді.
Бір қарағанда мұндай хабарламалар зиянсыз көрінеді және курьерлік
қызметтердің стандартты хабарламаларын еске салады. Мәтінде курьердің
сәлемдемені тапсыра алмағаны және жеткізілімді қайта ресімдеу үшін
арнайы параққа көшуді ұсынатыны көрсетіледі.
Алайда, көрсетілген мекенжай логистикалық компаниялардың ресми
ресурстарын толығымен еліктейтін жалған сайтқа апарады.
Пайдаланушыға жеке мәліметтерін - Т.А.Ә., ЖСН, тұрғылықты
мекенжайын көрсету, сондай-ақ жеткізілімді қайта жеткізу үшін аз соманы
төлеу ұсынылады.
Тиісті ақпаратты енгізгеннен және төлем төлегеннен кейін
қылмыскерлер құпия деректер мен банк деректемелеріне қол жеткізеді, бұл
қаржылық шығындарға ғана емес, сондай-ақ Сіздің дербес деректеріңізді
қылмыстық схемаларда әрі қарай пайдалануға да әкелуі мүмкін.
Алаяқтардың құрбаны болмау үшін қарапайым, бірақ маңызды
сақтық шараларын сақтау қажет:
- егер Сіз жеткізілімді күтпейтін болсаңыз, мессенджер және SMS
хабарлардан сілтемелер арқылы өтпеу;
- сайт мекенжайын мұқият тексеру - алаяқтық ресурстар көбінесе бір
немесе екі әріппен, белгілермен ерекшеленеді;
- күдікті ресурстарға құпия және банктік ақпаратты енгізбеу;
- жеткізілімнің мәртебесін курьерлік қызметтердің, логистикалық
компаниялардың ресми сайттары мен қосымшалары арқылы ғана тексеру;
- күдікті хабарламаларды алған кезде оларды елемеу және бұғаттау.
Аферистер азаматтардың сенімділігін және жеткізілім туралы
хабарламаларға жылдам жауап беру әдетін белсенді пайдаланады. Сондықтан
да мұндай схемалар шапшаң таралып, әркімге әсер етуі мүмкін.
Цифрлық ортадағы сақтық - қаржылық ысыраптардан және
дербес деректердің жария болуынан ең жақсы қорғау.
Баспасөз хабарламасы «Миллиондық жеткізілім»
Ұқсас материалдар

Ресей халқы қазақстандықтармен бірге аза тұтуда
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы ЕлшілігіАшу
Қазақстан ТМД Туризм кеңесінің отырысында туризмді дамытудың басым бағыттарын таныстырды
Туризм индустриясы комитетіАшу
Қазақстан мен Малави екіжақты қатынастардың жаңа кезеңіне қадам басты
ҚР СІМАшу
Исламабадта Қазақстан Әскери-теңіз күштері әскери қызметшілерінің қайғылы қаза болуына байланысты қазақ халқына көңіл айтылды
Ашу
Президент Fufeng Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Ли Сюэчуньді қабылдады
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіАшу
"Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы" жаңалықтары
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізімі
Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасыАшуАлматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау бойынша аналитикалық анықтама
Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасыАшу