Республика күні – елдіктің мерейлі мерекесі

    1 / 4

    Республика күніне орай Алматы қаласында мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне құрмет көрсетіліп, мерекеге орай бірқатар қызметкер Алматы қаласы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

    Марапаттау барысында өз қызметін адал атқарып, кәсіби біліктілігі мен жауапкершілігін танытып жүрген қызметкерлердің еңбегі атап өтілді. Олардың ел игілігі жолындағы қызметі мен жұмысқа деген адалдығы жоғары бағаланды.

    Алматы қаласы әкімінің Алғыс хатын табыстау – қызметкерлердің еңбегін бағалап, олардың кәсіби жетістіктерін ынталандыруға бағытталған маңызды қадам. Мұндай марапаттар қызметкерлерге жаңа серпін беріп, алдағы уақытта да жауапкершілікпен еңбек етуге жігерлендіреді.

    Осы орайда марапат иелеріне алғыс білдіріліп, олардың еңбектеріне табыс, отбасыларына амандық және алдағы қызметтеріне толағай жетістіктер тілейміз.

    Республика күні құтты болсын! Еліміздің өркендеуі жолындағы еңбектеріңіз жемісті болып, жетістіктеріңіз арта берсін!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы" жаңалықтары