
Жандосова Жанаркүль Әлівақасовна
Қаржылық есептілікті шоғырландыру бөлімінің басшысы
Өмірбаян
1973 жылы 9 тамызда Алматы облысы Жамбыл ауданында дүниеге келген. 1993 жылы Алматы кеңестік сауда техникумын "бухгалтер"мамандығы бойынша бітірді. 2007 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін "Есеп және аудит"мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 1990 жылы Алматы облысы, Ленин атындағы ұжымшардың мүшесі болып бастады. 1996 жылы жергілікті бюджетті атқару бөлімінің, Алматы қаласының Мәскеу аудандық қаржы бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді. 2006 жылы Алматы қаласы қаржы департаментінің білім, мәдениет, туризм және спорт мекемелерінің қаржыландыру жоспарларын жүргізу және рұқсат беру бөлімінің жетекші маманы ретінде еңбек жолын жалғастырды. 2019 жылдан бастап Алматы қаласы мемлекеттік активтер басқармасының қаржылық есептілікті шоғырландыру бөлімінің басшысы.





