
Кабдрашев Алмас Рамазанұлы
Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқарма басшысының орынбасары
Өмірбаян
Алмас Рамазанұлы Қабдрашев 1993 жылғы 14 қарашада Қарағанды облысы Теміртау қаласында дүниеге келген.
2015 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2016 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандығы бойынша аяқтаған.
2018 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2015 жылғы 13 сәуірде «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Орта бизнеске сату орталығының ассистент-менеджері лауазымынан бастаған.
2017 жылғы 2 мамыр мен 12 шілде аралығында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Орта бизнеске сату орталығының аға менеджері болып жұмыс істеген.
2017 жылғы 13 шілде мен 2018 жылғы 8 қазан аралығында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Орта бизнеске сату орталығының менеджері қызметін атқарған.
2019 жылғы 17 қаңтар мен 31 наурыз аралығында Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қаржылық есептілік аудиті бөлімінің жетекші маманы міндетін атқарушы болған.
2019 жылғы 1 сәуір мен 8 тамыз аралығында Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қаржылық есептілік аудиті бөлімінің жетекші маманы қызметін атқарған.
2019 жылғы 9 тамыздан 2021 жылғы 27 қыркүйекке дейін Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің камералдық бақылау бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеген.
2021 жылғы 28 қыркүйектен 2024 жылғы 29 қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алулары туралы заңнама департаментінің квазимемлекеттік сектордың сатып алулар әдіснамасы басқармасының бас сарапшысы қызметін атқарған.
2024 жылғы 30 қыркүйектен 2025 жылғы 30 қазанға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті камералдық бақылау бөлімінің басшысы болған.
2025 жылғы 3 қарашадан бастап Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасының әкімшілік-құқықтық бөлімінің бас маманы қызметін атқарып келді.





