Қызметкерлер — Қобда ауданы әкімдігі

    Қобда ауданы әкімдігі басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    5
    Тынымгереев Ізгілік Досмұратұлы
    Әкім

    Тынымгереев Ізгілік Досмұратұлы

    Қобда ауданы әкімі

    1978 жылы 26 шілдеде Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Новоалексеевка ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары. 1999 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін биология пәнінің мұғалімі, 2004 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін экономист – бухгалтер мамандықтары бойынша бітірген.

    Ауыл шаруашылығыЖер қатынастарыМәдениет және тілдерді дамытуЖастар саясаты
    Мыңбаев Қанат Қасымұлы
    Әкімінің орынбасары

    Мыңбаев Қанат Қасымұлы

    Аудан әкімінің орынбасары

    1976 жылы 16 қазанда Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Сөгәлі ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары. 1998 жылы Батыс-Қазақстан аграрлық университетінің экономист - менеджер мамандығы бойынша бітірген.

    Ауыл шаруашылығыЖер қатынастарыҚұрылысБюджет
    Көптлеуов Cамат Жоламанұлы
    Әкімінің орынбасары

    Көптлеуов Cамат Жоламанұлы

    Аудан әкімінің орынбасары

    С.Көптлеуов 1981 ж. Ақтөбе облысында дүниеге келген. Білімі-жоғары. 2000 жылы Рауан колледжін қаржылық бақылау және аудит , 2002 жылы Алматы экономика және статистика институтын есеп және аудит , 2008 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін заңгер мамандықтарын тәмамдаған.

    Кұлбергенов Мұрат Сапарғалиұлы
    Әкімінің орынбасары

    Кұлбергенов Мұрат Сапарғалиұлы

    Аудан әкімінің орынбасары

    Құлбергенов Мұрат Сапарғалиұлы 1990 жылы 3 ақпанда Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2009 жылы Ақтөбе политехникалық колледжінің экономика, бухгалтерлік есеп және аудит, 2015 жылы С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің экономика, 2019 жылы Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің құқық магистрі біліктілігі бойынша аяқтаған.

    Мәдениет және тілдерді дамытуЖастар саясатыДінДенсаулық сақтау
    Айжарыков Нұрлыбай Өзбекұлы
    Аппарат басшысы

    Айжарыков Нұрлыбай Өзбекұлы

    Қобда ауданы әкім аппаратының басшысы

    1975 жылы, 29 шілде, Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Жиренкопа ауылында дүниеге келген. 1982 жылы Жиренкопа орта мектебінде бірінші сыныпқа барып, 1992 жылы орта мектепті аяқтаған. 1992 – 1996 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетінде оқыған. Мамандығы – жалпы техникалық пәндер және еңбек мұғалімі. 2010 – 2012 жылы Алматы экономика және статистика академиясында сырттай оқыған. Мамандығы – экономист.

    Бөлім

    20
    Қылышбаева Бибігүл Жұмағалиқызы
    Бөлім басшысы

    Қылышбаева Бибігүл Жұмағалиқызы

    Ішкі саясат бөлімінің басшысы

    Омарова Ризагүл Мырзағалиқызы 1968 жылы дүниеге келген . 1997 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін философия мамандығын бітірген. 2007 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін заңтану мамандығына оқыған.

    Басқа қызметкерлер

    14
    Кулниязов Марат Жалғасұлы
    Қызметкерлер

    Кулниязов Марат Жалғасұлы

    Қобда ауылдық округінің әкімі

    Марат Жалғасұлы Құлниязов 1987 жылы 28 наурызда Қобда ауданы Бегалы ауылында дүниеге келген. Қайнар, С.Бәйішев атындағы университінің түлегі. Еңбек жолын 2007 жылы Қобда ауданы Бегалы ауылынан бастады. Әр жылдары И.Құрманов атындағы ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы, аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің жетекші маманы, аудан әкімі аппаратында бас маман, аудандық мәдениет бөлімінің заңгері, Қобда ауылдық округінің бас маманы, Жиренқопа ауылдық округінің әкімі, қазіргі кезде Қобда ауылдық округінің әкімі қызметін атқаруда.

    Даржан Нұрболат Болатұлы
    Қызметкерлер

    Даржан Нұрболат Болатұлы

    И.Білтабанов ат. ауылдық округінің әкімі

    И.Білтабанов атындағы ауылдық округінің әкімі Н.Б.Даржан 1980 жылы 18 тамызда Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қосөткел ауылында дүниеге келген, отбасылы. Білімі жоғары, 2006 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық университетінің тарих пәні мамандығы бойынша тамамдаған

    Амиргалиев Қайырбек Жұмабекұлы
    Қызметкерлер

    Амиргалиев Қайырбек Жұмабекұлы

    И.Құрманов атындағы ауылдық округі әкімі

    1976 жылы 10 маусымда Ақтөбе облысы Қобда ауданы Сөгәлі ауылында дүниеге келген. Отбасылы Білімі жоғары, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педогогикалық институтының математика-физика факультетінің математика-информатика бөлімінде оқыған. 2009-2011 жылдары Алматы экономика және статистика академиясында қаржы, экономика және бизнес мамандығын алып шықты.

    Байгельдинова Роза Түлкібайқызы
    Қызметкерлер

    Байгельдинова Роза Түлкібайқызы

    Жарсай ауылдық округінің әкімі

    Ақтөбе педагогикалық институтының түлегі Еңбек жолын 1985 жылы Өспен орта мектебінің мектеп жанындағы интернатының меңгерушісі болып бастады. Әр жылдары Алексеевка мектеп жаңындағы интернатта тәрбиеші, Өспен ауылдық округінде сатушы, Жарсай ауылдық округінде хатшы, жетекші және бас маман болып жұмыс істеді. Округ әкімі болып тағайындалғанға дейін Жарсай ауылдық округінің бас маманы қызметін атқарды.

    Клютов Асылбек Қуанбайұлы
    Қызметкерлер

    Клютов Асылбек Қуанбайұлы

    Терісаққан ауылдық округінің әкімі

    А.Қ. Клютов 1983 жылы 26 мамырда Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Жарық ауылында дүниеге келген. Отбасылы Білімі жоғары. Қ.Жұбанов атындағы педагогикалық институтының 2007 жылғы түлегі. Бейнелеу өнері сызу пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған Еңбек жолын 2004 жылы Қобда ауданы Жиренқопа орта мектебінің мектебінде бейнелеу өнері, сызу пәнінің мұғалімі болып бастады.

    Бибетов Айбек Теміржанұлы
    Қызметкерлер

    Бибетов Айбек Теміржанұлы

    Бестау ауылдық округінің әкімі

    1988 жылы 22 қазанда Қобда ауданы Қобда ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2010 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін Тарих мамандығы бойынша бітірген. Үйленген балалары бар.

    Тасмағанбетов Айбек Нұрланұлы
    Қызметкерлер

    Тасмағанбетов Айбек Нұрланұлы

    Талдысай ауылдық округінің әкімі

    Тасмағамбетов Айбек Нұрланұлы 1986 жылы 29 шілдеде Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Жиренқопа ауылында дүниеге келген, отбасылы. Білімі жоғары, 2008 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің жергілікті және өзін-өзі басқару мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2008 жылы Қобда ауданы әкімі аппаратының бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінде бас маман болып бастаған.

    Айжарыков Нұрлыбай Өзбекұлы
    Әдеп жөніндегі уәкіл

    Айжарыков Нұрлыбай Өзбекұлы

    Уполномоченный по этике

    1975 жылы, 29 шілде, Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Жиренкопа ауылында дүниеге келген. 1982 жылы Жиренкопа орта мектебінде бірінші сыныпқа барып, 1992 жылы орта мектепті аяқтаған. 1992 – 1996 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетінде оқыған. Мамандығы – жалпы техникалық пәндер және еңбек мұғалімі. 2010 – 2012 жылы Алматы экономика және статистика академиясында сырттай оқыған. Мамандығы – экономист.