Көптлеуов Cамат Жоламанұлы

    Аудан әкімінің орынбасары

    Көптлеуов Cамат Жоламанұлы
    Әкімінің орынбасары

    Көптлеуов Cамат Жоламанұлы

    Аудан әкімінің орынбасары

    Өмірбаян

    С.Көптлеуов 1981 ж. Ақтөбе облысында дүниеге келген. Білімі-жоғары. 2000 жылы Рауан колледжін қаржылық бақылау және аудит, 2002 жылы Алматы экономика және статистика институтын есеп және аудит, 2008 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін заңгер мамандықтарын тәмамдаған.

    Еңбек жолын 2002 жылы Ақтөбе облысы бойынша «Қарғалы ауданы бойынша салық комитеті» мемлекеттік мекемесінде бас салық инспекторы болып бастады.

    2004-2005 жылдары Ақтөбе облысы бойынша «Салық комитетінің Ойыл ауданы бойынша» мемлекеттік мекемесінің бөлім бастығы болып жұмыс істеді.

    2005-2010 жылдары Ақтөбе облысы бойынша «Қобды ауданы бойынша салық комитеті» мемлекеттік мекемесінің бөлім бастығы болып жұмыс істеді.

    2010 жылы Ақтөбе облысы бойынша «Ойыл ауданы бойынша салық комитеті» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

    2011-2012 жылдары «Қобды ауданының экономика, бюджеттік жоспарлау және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінде бас маман қызметін атқарған.

    2012-2018 жылдары Ақтөбе облысы бойынша «Қобды ауданы бойынша салық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып жұмыс істеді, ол 2014 жылы «Қобды ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.

    2018-2020 жылдары «Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінде сектор меңгерушісі, одан кейін бөлім меңгерушісі қызметін атқарды.

    2020-2025 жылдары «Қобды аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі аппаратының меңгерушісі қызметін атқарды.

    Ақтөбе облысы Қобды ауданы әкімінің 2025 жылғы 3 сәуірдегі өкімімен Қобды ауданы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері