
Мыңбаев Қанат Қасымұлы
Аудан әкімінің орынбасары
Өмірбаян
1976 жылы 16 қазанда Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Сөгәлі ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары. 1998 жылы Батыс-Қазақстан аграрлық университетінің экономист - менеджер мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 10 қазан 2000 жылы Ақтөбе облысы, Қобда ауданы әкімінің аппаратының экономика бөлімінің маманы болып бастаған. 2003 жылы бөлімнің бас маманы қызметінде болған.
2005 жылы аудандық экономика және қаржы бөлімінде бюджеттік-экономика секторының меңгерушісі, ал 2006 жылдың қаңтар айында бөлім басшысының орынбасары болып тағайындалған.
2006 жылдың мамыр айында Қызылжар ауылдық округінің әкімі болып тағайындалған.
2008 жылдың наурыз айында ден шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы, ал 2008 жылдың сәуір айында аудандық салық басқармасының ақпарат қабылдау-өңдеу орталығы және салықтық - әкімшілік ету бөллімінің басшысы болып тағайындалған.
2010 жылдың қазан айында Сөгәлі ауылдық округінің әкімі болып тағайындалған.
2017 жылдың қыркүйек КРҰЭМ статистика комитеті, Ақтөбе облысының статистика департаментінің Қобда ауданының статистика басқармасында басшы болып тағайындалды.
2023 жылы маусым айында Қобда ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқаруда.



