
Кұлбергенов Мұрат Сапарғалиұлы
Аудан әкімінің орынбасары
Өмірбаян
Құлбергенов Мұрат Сапарғалиұлы 1990 жылы 3 ақпанда Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2009 жылы Ақтөбе политехникалық колледжінің экономика, бухгалтерлік есеп және аудит, 2015 жылы С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің экономика, 2019 жылы Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің құқық магистрі біліктілігі бойынша аяқтаған.
18.03.2010 – 04.01.2012 жж. – Бозой орта мектебі, есепші (қызметінен басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылған).
04.01.2012 – 03.01.2013 жж. – «Шалқар қаласы әкімі аппараты» ММ, электрлік (қызметінен басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылған).
04.01.2013 – 21.01.2013 жж. – «Шалқар қаласы әкімі аппараты» ММ, іс жүргізуші (қызметінен басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылған).
21.01.2013 – 10.12.2013 жж. – «Мәртөк ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ, жетекші маман (қызметінен басқа мемлекеттік лауазымға ауысуына байланысты босатылған).
10.12.2013 – 05.08.2015 жж. – «Қаулыкүл ауылдық округі әкімі аппараты» ММ, жетекші маман (қызметінен басқа мемлекеттік лауазымға ауысуына байланысты босатылған).
05.08.2015 – 01.05.2019 жж. – «Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы» ММ, бас маман (қызметінен басқа мемлекеттік лауазымға ауысуына байланысты босатылған).
05.05.2019 – 01.03.2020 жж. – «Ақтөбе облысы әкімі аппараты» ММ, бас маман (қызметінен басқа мемлекеттік лауазымға ауысуына байланысты босатылған).
02.03.2020 – 21.06.2020 жж. – «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ, басшысының орынбасары (қызметінен басқа мемлекеттік лауазымға ауысуына байланысты босатылған).
24.06.2020 – 23.08.2020 жж. – «Ақтөбе облысының дін істері басқармасы» ММ, бас маман (қызметінен басқа мемлекеттік лауазымға ауысуына байланысты босатылған).
24.08.2020 – 30.09.2021 жж. – «Ақтөбе облысының дін істері басқармасы» ММ, басшысының орынбасары (қызметінен басқа мемлекеттік лауазымға ауысуына байланысты босатылған).
01.10.2021 – 21.06.2024 жж. – «Ақтөбе облысының дін істері басқармасы» ММ, бөлім басшысы (қызметінен басқа мемлекеттік лауазымға ауысуына байланысты босатылған).
24.06.2024 – 07.09.2025 жж. – «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ, бөлім басшысы (қызметінен басқа мемлекеттік лауазымға ауысуына байланысты босатылған).
Ақтөбе облысы Қобда ауданы әкімінің 2025 жылғы 8 қыркүйектегі өкімімен Қобда ауданы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.



