
Өмірбаян
Тасмағамбетов Айбек Нұрланұлы 1986 жылы 29 шілдеде Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Жиренқопа ауылында дүниеге келген, отбасылы.
Білімі жоғары, 2008 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің жергілікті және өзін-өзі басқару мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2008 жылы Қобда ауданы әкімі аппаратының бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінде бас маман болып бастаған.
2008-2009 жж. Қобда ауданы әкімі аппаратының бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі, бас маман
2009-2010 жж. ҚР Қарулы күштері қатарында
2010-2011 жж. Қобда аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі, маман
2011-2014 жж. Қобда аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы, бас маман
2014-2017 жж. Қобда ауданының И.Білтабанов ат. ауылдық округінің әкімі
29.09.2017 ж. бері Қобда ауданының Талдысай ауылдық округінің әкімі





