Айжарыков Нұрлыбай Өзбекұлы

    Уполномоченный по этике

    Айжарыков Нұрлыбай Өзбекұлы
    Уполномоченный по этике

    Айжарыков Нұрлыбай Өзбекұлы

    Уполномоченный по этике

    Өмірбаян

    1975 жылы, 29 шілде, Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Жиренкопа ауылында дүниеге келген. 1982 жылы Жиренкопа орта мектебінде бірінші сыныпқа барып, 1992 жылы орта мектепті аяқтаған.

    1992 – 1996 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетінде оқыған. Мамандығы – жалпы техникалық пәндер және еңбек мұғалімі.

    2010 – 2012 жылы Алматы экономика және статистика академиясында сырттай оқыған. Мамандығы – экономист.

    1990 жылы – Жиренкопа совхозында жұмысшы болып бастаған.

    1996-1997 жылы Жиренкопа орта мектебінде еңбек мұғалімі.
    1997-2003 жылы Жиренкопа орта мектебінде физика-математика мұғалімі.
    2003 – 2005 жылы Жиренкопа орта мектебінің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары.

    2005 – 2011 жылы мектеп директоры, Қобда ауданы, Көкүй ауылы, Қазақстанның 15 жылдығы атындағы орта мектебі.

    2011 – 2012 жылы мектеп директоры,Әлия ауылы, Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебі

    2012 – 2015 жылы Қобда ауылы Қобда қазақ орта мектебі, мектеп директоры.

    2015 – 2024 жылы бөлім басшысы, Қобда ауданы, Қобда аудандық білім бөлімі.

    01.08.2025 жылдан бастап Қобда аудандық қаржы бөлімінің бас маманы.
    Ақтөбе облысы Қобда ауданы әкімінің 2025 жылғы 15 қыркүйектегі өкімімен Қобда ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды.