
Әкім
Үржар ауданы әкімі
Башимбаев Ақылбек Жұмабекұлы 1976 жылы 10 қазанда Семей облысы, Мақаншы ауданы, Мақаншы ауылында дүниеге келген. 1998 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін тарих пәні мұғалімі мамандығы бойынша, 2007 жылы Орталық Азия университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

Әкімінің орынбасары
Үржар ауданы әкімінің орынбасары
Чакинов Нұрлан Рахымғазыұлы1986 жылдың 02 желтоқсанында Семей облысы Үржар ауданы Үржар ауылында дүниеге келген. Ұлты- қазақ. Білімі- жоғары. Астана қаласының Қ.Мұңайтпасов атындағы Республикалық спортта дарынды балаларға арналған мектеп интернатын аяқтаған.
Экономика және қаржы, кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығы, мемлекеттік кірістер, Қазпошта, Қазынашылық, екінші деңгейлі банктер, статистика, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, сақтандыру, Халыққа қызмет көрсету орталығы, ветеринария, туризм, мемлекеттік ұлттық табиғи паркі.

Әкімінің орынбасары
Үржар ауданы әкімінің орынбасары
24 желтоқсан 1986 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Ақсуат ауданы, Ақсуат ауылында дүниеге келген.Білімі- жоғары. 2007 жылы Р.Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі, 2010 жылы "Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы, 2012 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде білім алған. Өзінің еңбек жолын 2008 жылы Өскемен қаласында, Өскемен қаласы бойынша салық комитетінің салық төлеушілермен жұмыс істеу бөлімінің жетекші маман-салық иснспекторы лауазымында бастады.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, жер қатынастары, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласы, байланыс, әуежай, энергетика, ауыз сумен жабдықтау, коммуналдық шаруашылық, төтенше жағдайлар қызметі.

Әкімінің орынбасары
Үржар ауданы әкімінің орынбасары
Сейльгазин Ермек Нұрланұлы 1993 жылдың 17 сәуірінде Семей облысы, Семей қаласында дүниеге келген. Ұлты-қазақ. Білімі-жоғары. Мекен-жайы: Абай облысы, Үржар ауданы, Ақжар ауылы, Н.Жыңғылбаев көшесі №17. 2010-2014 жылдар аралығында Семей қаласындағы Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетінде 5B050900 – Қаржыгер мамандығы бойынша Қаржы факультетінде оқыды.
Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту, мұрағат, дене шынықтыру және спорт, жұмыспен қамту саласы, әлеуметтік блок, білім беру саласы, денсаулық сақтау саласы, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет, әскери қызмет.

Аппарат басшысы
Үржар ауданы әкімінің аппарат басшысы
3 тамыз 1988 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылында дүниеге келген. Білімі-жоғары. 2010 жылы Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетін финансист мамандығына бітірген.
Аудан әкімінің аппараты, ТҚК жұмыс тобы, аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.