
Бапинова Майра Мухаметжановна
Үржар ауданының жергілікті атқарушы органдар бойынша әдеп жөнінде уәкілі
Өмірбаян
28.02.1966 жылы Семей облысыҮржар ауданының Үржар ауылында туған. 1990 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.
1990-1996 жылдары Семей технологиялық институтында кадр бөлімінің бастығы-заңгер, 1996-2001 жылдары Семей Қаржы институтында кадр бөлiмiнiң бастығы - заңгер, 2001-2002 жж. ШҚО сот әкімшілігі Көкпекті аумақтық сот орындаушысы, 2002-2004 жж.ШҚО әділет басқармасы Көкпекті ауданының АХАЖ бөлімінің бастығы, 2004-2007 жылдары ШҚО Әдiлет Департаментi Көкпектi ауданының Әдiлет басқармасының бастығы болып қызмет еткен. 2007-2008 жж. Үржар ауданы әкімі аппаратының кадр және мемлекеттік-құқықтық жұмыстары бөлімінің меңгерушісі, 2008-2013 жж. Үржар ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадрлық бөлімінің меңгерушісі, 2013 жылдан бастап Үржар ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің басшысы. 2016 жылдан бастап қосымша әдеп жөніндегі уәкіл.