
Мұхаметкаримов Ертай Мұхаметқанұлы
ҮРЖАР АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ АБАЙ ОБЛЫСЫ ҮРЖАР АУДАНЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ КӘСІПОРНЫ
Өмірбаян
Мұхаметкаримов Ертай Мұхаметқанұлы 1996 жылғы 18 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылында дүниеге келген.
2016 жылы Қазтұтынуодағы агробизнес және экономика колледжін «Фермер шаруашылығы (агроном)» мамандығы бойынша, 2019 жылы Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық жоғары колледжін «Есеп және аудит» мамандығы бойынша, 2026 жылы Alikhan Bokeikhan University университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2017 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Ақжар ауылдық округі әкімінің аппаратында еңбек шарты бойынша маман болып бастаған.
2018–2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне қарасты Үржар аудандық статистика бөлімінде еңбек шарты бойынша маман.
2024–2026 жылдары – Абай облысы, Үржар ауданы әкімдігінің Абай облысы Үржар ауданының мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ауыз сумен жабдықтау бөлімінің басшысы.
2026 жылғы шілде айында Абай облысы, Үржар ауданы әкімдігінің Абай облысы Үржар ауданының мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры болып тағайындалды.





