
Скаков Еркин Сайлаубекович
Алтыншоқы ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
Алтыншоқы ауылдық округінің әкімі – Еркин Сайлаубекович Скаков 1972 жылдың 10 қарашасында Семей облысы Аягөз ауданы, Ақшатау ауылында дүниеге келді.
1997 жылы «Семей» мемлекеттік университетін тарих мұғалімі мамандығы бойынша бітірді.
Отбасылы. Үш бала тәрбиелейді.
Өзінің еңбек жолын 1989 жылдың тамыз айында Семей облысы, Таскескен ауданы «Үржар» совхозында жұмысшы ретінде бастады.
1989 жылдың қараша айында Семей облысы,Аягөз ауданы, Аягөз қаласында автокөлік жүргізуші курсына қабылданды.
1990 жылдың шілде айында Семей облысы, Таскескен ауданы «Үржар» совхозына жұмысшы болып қабылданды.
1991-1993 жылдары әскер қатарында Отан алдындағы борышын өтеді.
1993 жылдың тамыз айында Семей облысы,Таскескен ауданы, «Үржар» совхозы Предгорное орта мектебіне тарих мұғалімі болып жұмыс істеді.
2006 жылдың желтоқсан айында ШҚО облысы,Үржарауданыныңда «Алтыншоқыорта мектеп – бақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу ісінің меңгерушісі болды.
2012 жылдың тамыз айында ШҚО облысы,Үржарауданыныңда «Алтыншоқыорта мектеп – бақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тәрбие ісінің меңгерушісі.
2020 жылдың қаңтар айында ШҚО,Үржар ауданы, Алтыншоқы ауылында Алтыншоқы ауылдық округі әкімінің м.а-сы қызмет атқарды.
2020 жылдың наурыз айында ШҚО,Үржар ауданы, Алтыншоқы ауылында Алтыншоқы ауылдық округі әкімі болып тағайындалды.





